Конспект ОУД "Методы и приёмы обучения скорочтению"
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.
Пән/Предмет: Құрастыру
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Менің отбасым»
Тақырыбы/Тема: «Біз тұратын үй» (лего)
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: шығармашылыққа, еңбекқорлыққа,бастаған
ісін аяқтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Құрастыру барысында үлгіге сәйкес
талаптарды орындап, құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыру
дағдыларын қалыптастыру.
3.Оқыту – обучающая: Конструктордан үй құрастыра білуге жаттықтыру.
Қажетті конструкторды таңдауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі .
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: конструктор, үйдің
макеті, суреттер, жұмсақ модуль «Құрылыс текшелері»
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: менің үйім – мой
дом, үлкен үй – большой дом.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Қызықты сәт: (Үйдің макеті жасырынып қойылады, беті жабық)
- Балалар, мына жасырынып тұрған не? (Балалар әр түрлі жауаптар айтады.)
- Кәнеки, олай болса ашып көрейік. Ия, ол үй екен. Балалар көз алдымызға өз
үйімізді елестетейікші.
Балалар дөңгелене отырып, көздерін жұмып өз үйін, отбасын көз алдына
елестетеді. Көздерін ашып, қандай үйде тұратындықтарын айтады.
Әдемі, үлкен үйдің макетін көрсете отырып:
Үй адамға не үшін керек? – сауалымен әңгіме жүргізіледі.
Дұрыс айтасыңдар. Әр адамның үйі, баспанасы болуы керек. Үйді
құрылысшылар салады. Үй салу өте үлкен еңбекпен келеді.
Билингвалдық компонент: менің үйім – мой дом, үлкен үй – большой дом.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Сендер қандай үй түрлерін білесіңдер?
Дұрыс құрылысшылар үйді ағаштан, кірпіштен, бетоннан тұрғызады екен.
Үйлер қандай болады?
Ал бүгін біз үйді конструкторлардан құрастырамыз.
Жұмысты бастамас бұрын мені мұқият тыңдап алыңдар.
Ойын: «жұмсақ модульді текшелер » алдымен біз барлығымз үйдің
алғашқы қабаты фундаметін құрастырып көрейік.
-Мына текшелердің түсі қандай?
-Біз оны қолмен ұстап көрсек ол қатты ма, әлде жұмсақ па?
-Жарайсыңдар!
(Үлгіні көрсете отырып)
Тәрбиешінің түсіндіруі - көрсетуі.
Үйді ең бірінші қандай қабатын (фундамен) тұрғызамыз?
Одан кейін төрт қабырғасын , ең соңында төбесін жабады.
Ақырын бүлдіріп алмай жұмыс жасаймыз.
Бұл үй қандай?
Сергіту сәтін ұйымдастыру.
Кел, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа қосылып,
Қазақы үйді құрайық.
Балалардың өзіндік жұмыстары. Жұмысымызды жалғастырайық.
Сондай - ақ кішкентай үйді құрастырыңдар.
Сендер қандай әдемі үй құрастырдыңдар.
Жеке жұмыс: Амирхан сен қандай үй құрастырдың?
Үйдің неше терезесі бар?
Ал есігі нешеу?
-Үйдің бірнеше бөлмелері болады.Олар: ас үй, зал, балалар бөлмесі,
жатынжай. Әр бөлмеде өзіне тән жиһаздар болады.
Ойын: «Не жетпейді?»
Шарты: Жиһаздардың бір бөліктері жетпейтін суреттер көрсетіледі. Балалар
екінші бөліктерін тауып, қосады.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар біз бүгін не құрастырдық?
Балалар үй дегеніміз не?
Үй адамға не үшін қажет?
Үйді кімдер тұрғызады?
Балаларды мадақтау.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Тест "Приготовление блюд из рыбы"
- Развлечение "Бабушка и Петушок"
- Сценарий "Первое апреля - никому не верю!"
- Конспект занятия "Игрушечный мир" для ясельной группе
- Развлечение "По сказкам К.И. Чуковского"
- Презентация "Взаимодействие учителя - дефектолога с родителями в процессе проведения коррекционно - развивающей работы с обучающимся начальной школы"