Конспект ОУД "Нан дастарханға қалай келеді?"

Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в срдней группе
Өткізу күні/Дата проведения: 18.10.2018.
Тәрбиеші/Воспитатель: Бижанова П.Г.
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.
Пән/Предмет: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Нан қайдан келді? »
Тақырыбы/Тема: «Нан дастарханға қалай келеді?»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре
келе,адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Балаларға бірін бірі сыйлауға,
достарына адал болуға, өз заттарын достарымен бөлісуге, ұқыптыллықа, тазалыққа
тәрбиелеу.Әрқашанда адал еңбек етуге, нанды қастерлеп құрметтеуге, адам еңбегін
бағалауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың өз
ойын жинақтап айта алу дағдыларын арттыру. Тіл байлықтарын мақал мәтелдер,
жұмбақтар арқылы дамыту.Балалармен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы
жылдам ширақ ойлау қабілеттерін дамыту.Игровизормен жүмыс істеу, ұамырмен жұмыс
жасау арқылы қол маторикасын дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Наубайханашымен бірге саяхат жасау арқылы наның дастарқанға
қалай келетінін түсіндіру. Нанның адам еңбегімен келетінін,оған көп күш жұмсалатынын
түсіндіру.Алдымен көктемде жер жыртылып дән егіліп, кейін күзде одан бидай
алатынымыз жайында айту.бидайды диірменде тартып ұн алынатыны сол ұннан нан
пісірілетінін түсіндіру.Осының барлығы адамның қажырлы еңбегімен келетінін баларға
мұқият түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын
әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: : нанның түрлері,бидай,
топырақ, зерттеу жұмысын жүргізуге қажет құралдар, интербелсенді тақта, аудио
жазбалар, игровизор.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: бидай- пшеница, наубайхана –
мельница, ұн – мука , нан – хлеб.
Сөздік жұмыс: наубайхана,диірменші,қауыз,диқан
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Балалар алдымен үш тілде
амандасады.
( Қайырлы таң! Доброе утро! Gut morning! )
- Жарайсыңдар!
Психожаттығу: «Күлімдейік».
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік
Қабақ шытқан не керек
Күліп өмір сүрейік!
-Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде.Егер біз үнемі достарымызға,
ата-анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді,ақылды болып
өсеміз. Жан- жағымызға күлкі сыйлайық.
Олай болса кел,балалар күлейік!
Тосын сәт: Балалар бүгін бізге қонаққа нан пісіруші апай қонаққа келіпті.
Балалар келген қонақпен амандасады.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Проблемалық сұрақ
-Ал нан қалай дастарханға келеді?
-Оны білу үшін балалар бүгін біз саяхатқа шығамыз,зерттеу жұмыстарын жасаймыз.
-Ал бидайдың дәнін қай мезгілде отырғызамыз?
-Ең алдымен жерді жыртамыз, дән себеміз сосын ол өсіп бидай болады.
-Күз мезгілінде бидайды комбайнмен жинаап алады.
-Қай мезгілде бидайды жинаймыз?
-Оны динап алағаннан кейін қайда апарады?
Комбайнмен наубайханаға апараып оны диірменге тартып ұн алады, ол ұннан нан пісіріп
дүкенге әкеледі, біз оны сатып аламыз, немесе аналарымыз пісіреді.
-Астық жинау.
Дәнді егістіктен жинау.
Элеватор және қоймалар.
1. Зерттеу орталығы:
Нанның дастарханға қалай пайда болуы туралы әңгімелейді.
Алдарыңда тұраған топыраққа мына бидай дәндерін егеміз.Алдымен топрақты
қопсытамыз сосын дәнді егеміз, су ққямыз.Осы бидайдың өсуін біраз уақыт бақылайтын
боламыз.
2 .Зерттеу орталығы:
Бидайды мына ұлғайтқыш құралмен қараймыз
Енді ұлғайтқыш құралмен ұнды зерттейміз
Сөздік жұмысы : Наубайхана-нан пісіретін,нан жабатын орын. Наубайшы-наубайханада
нан пісіретін адам. Диірмен-дәнді дақылдарды тартып,ұн шығаратын кәсіпорын.Комбайн-
әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған
Сергіту сәті:
Жұмбақтар шешу:
1. Ұзын мұртты сарылар.
Қойынында наны бар. (Бидай)
2. Бір ай бойы шабар,
Он бір ай тынып табар (Комбайн)
3.Үсті тас, асты тас
Ортасында піскен ас (Нан)
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: бидай- пшеница, наубайхана –
мельница, ұн – мука , нан – хлеб.
Сен білесің бе?
Әр отбасының дастарқанында үнемі нан болуы үшін, 120 мамандық адамдары
еңбек етеді.
Көп еңбекпен ақ дастарқанға келетін нанды халық қасиетті тағам дейді.
Жеке жұмыс: Бағлан , Амира тиым сөздрді айтыңдаршы
ТИЫМ СӨЗ
1. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
2.Нанды бір қолмен үзбе.
3.Нанды аяққа баспа.
МАҚАЛДАР
1. Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
2. Ас атасы – нан
Нан қасиетті дәм.
3. Бидай тоңға тимей, аузың нанға тимейді.
4.Ексең егін, ішерсің тегін.
5.Егіндікте ел тастама
3.зерттеу орталығы « Нан пісірейік»
Нан пісірудің ретін еске түсірейік.Қамыр илеу үшін не керек екенін өздері табады.Әр
түрлі азық түліктің суреттері тұрады, балалар өздері тауып қосады
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар сонынмен біз кіммен бірге саяхатқа бардық? Қандай зерттеу жұмыстарын
жүргіздік?
“Нан –байлық,нан-береке”деп халқымыз бекер айтпаған.Қаншама адам еңбек
етеді.Дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад №
3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»
Жемқорлыққа қарсы сабақ конспектісі
Ортаңғы «Жидек» тобы
Тәрбиеші:Бижанова П.Г.
қ. Костанай 2018 2019 оқу жылы