Конспект ОУД "Жомарт күздің жемістері"

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область:Шығармашылық. Творчество.
Пән/Предмет: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Жомарт күз»
Тақырыбы/Тема: «Жомарт күздің жемістері»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: балалардың өзіне және айналасындағыларға жақсы
сезімін ояту, жәндіктерге сүйіспеншілігін арттыру, оларға деген қамқорлық сезімін ояту
және жауапкершілікке, тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: шығармашылықпен, қиялды қолдана отырып және
көркем бейнелік талғаммен жұмыс жасауға дағдыландыру.
3.Оқыту – обучающая: мүсіндеудің шымшу, ширату әдісінің қарапайым техникасын
меңгерту, қол моторикасын дамыту. Өздеріне таныс ұимылдар арқылы жемістерді
мүсіндеуді үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын
әдісі, сұрақ – жауап, көрсету және түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: көкөністер , жемсітер, күз
кереметтеріне байланысты суреттер
Көптілділік : күз – осень – autumn көкөністер – овощи – vegetables, жемістер – фрукты –
fruit
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Музыка ырғағымен әдемі Күз хнашайымы келеді.
Көбелек: Сәлеметсіздер ме, балалар? Мені білесіңдер ме?. Сендер білесіңдер ме, қазір
қандай жыл мезгілі?
Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер өте мейрімді, жүздеріңнен күн нұры төгіліп
тұрғандай әсемсіңдер,
Жеке жұмыс: Амира сенің сүйікті жыл мезгілің қандай?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Тәрбиеші балаларға ертегі айтып береді, Ертегі бойынша көрініс,
- Бір күні гүлден тұрған бау - бақшаның қасынан ұшып бара жатқан жел бір жағымды
жұпар иісті сезеді, Бақшадан аңқып тұрған бұл қандай жұпар иіс?- деген оймен гүлдеп
тұрған ағаштың біріне жақындайды, Ағаштың бұтақтарында жайқалып тұрған нәзік
гүлдерге таңырқай қарайды, «Неткен ғажап, әдемі еді!»- деп таңданады, Біраз уақыт өткен
соң ол тағы сол бақтың қасынан ұшып бара жатып, гүлдерді тамашаламақ болып
тоқтатады, Бірақ жұпар иісті нәзік гүлдердің орнына хош иісті алмалардың өсіп тұрғанын
көреді, Ол тағы да таңырқап «Айнала қалай өзгерген, мынау бір ғажап екен!»- дейді,
Тәрбиеші балаларға қандай жеміс ағаштарын және қандай жемісті ұнататындарын сұрап,
жұмбақ жасырады,
Көптілділік : күз – осень – autumn көкөністер – овощи – vegetables, жемістер – фрукты –
fruit
Жұмбақтар:
1, Көктемде ақ гүл оранады,
Күзде қолға доп оралады
(алма)
2, Ортасында қызығы,
Бұтағының асығы
(алма)
3, Тіл үйірген дәмі бар
Сары алтын түс сәні бар
Жақсаң егер кептіріп
Сүйегінің дәмі бар
Баққа тұрар сән беріп,
Алқа етіп тілін ал,
(өрік)
Тәрбиеші балаларға Ә, Қастеевтің «Алма ағаштар гүлдеді» шығармасын және «Жазғы
бақта» атты суретті көрсетіп, алма ағаштың гүлденгенін, одан жеміс алып бергенін,
алманың көлемін түсін, пішіні туралы әңгіме өткізеді.
Жеке жұмыс: Бағлан күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
«Бақ» тақпақ оқып береді,
Бақ ішінде алмалар,
Бар жемісі бағалы
Көрген адам таңданар,
Көздің жауын алады
Тәрбиеші балаларға алма ағаштарының гүлденгенін, жеміс беріп тұрған бейнесін
жасайтындарын айтып, үлгі бойынша жасау жолдарын көрсетіп, түсіндіреді,
Саусақ жаттығуы: саусақ арқылы күннің бейнесін ауада дөңгелетіп келтіру, оның
шуақтарын сызық арқылы жүргізу, Алмалар өсіп тұрғанын шеңбермен бейнелеп келтіру,
Психо жаттығу: «Мен бәрін жасай аламын»
Балалардың өзіндік жұмысы : балалар ермексазбен көкіністерді мүсіндеп күзгі
себеттерді толтырады
Сергіту сәті:
Алма баққа барайық
Алма теріп алайық
Ең үлкенін дәмдісін
Анамызға сыйлайық
Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністер»
Қорытынды: Тәрбиеші балалармен бірге талдау жасайды, «Алма бағы» атты көрмеге
балалардың жұмыстарын қояды, Соңында балаларға «Қуанышты хабарлама таратады»
3.Қорытынды/итоговая часть:
Күз ханшайымы : Рахмет сендерге балалар!Енді менің достарым көп болды. Мен алтын
күздің хош иісті алмаларын жинап сендерге сыйлыққа алып келдім. Сендер аламадан дәм
татыңдар. Ал, балалар менің кетуім керек. Сау болыңдар!
-Балалар бүгін қандай ауа райы қандай?
-Балалар біз бүгін ермексаздан нелерді мүсіндедік?
Балаларды мадақтау.