Конспект урока "Сұрақ - жауап" 4 класс
Сабақтың тақырыбы: Сұрақ- жауап.
1. Білімділік : Оқушыларды ауыз екі тілде сөйлесуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Ой-ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Бір- бірін сыйлауға тәрбиелеу.
4. Көрнекілігі: Суреттер
5. Сабақтың түрі : сөйлем үлгілерін меңгерту
6. Сабақтың әдісі: түсіндіру, қайталау
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде « Шаттық шеңберін» өткізеді
Балалар шеңбер жасап тұрады
-Сәлеметсіздер ме?, балалар! Бүгін көңіл күйлерін қандай?
Неге? Балалардың жауабы. Бүгін күн суық, аяз. Бір- біріңнің қолдарыңды
ұстап, қолдарыңның жылылығын сезініп, күлімдеп. Өз көршілеріңмен
амандасыңдар:- Сәлем, Таня!
- Сәлем , Миша!
- Ал енді мен сендерге доппен ойнауды ұсынамын.
Өткен тақырыпты қайталау. Доппен ойын.
Балалар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім шеңберде тұрған балаларға допты
беріп, сөздерді орыс тілінде атайды. Допты қағып алған бала сол сөздің
аудармасын қазақ тілінде айтып, допты мұғалімге береді. Ойын осылай
жалғаса береді.
Жаңа оқу іс- әрекеті.
-Балалар, жемістер қай кезде піседі?
- Күзде
- Жемістенр қайда өседі?
- Бақта.
- Ал, сендер баққа барып көрдіңдер ме ?
-иә, жоқ.
- Менімен бірге барғыларың келе ме ?
-Иә.
- Онда мына ұшақ- кілемге отырып, көздеріңді жүмып: « Ұшақ- кілем
бізді бауға апар»- деп сиқырлы сөзді сөзді айтсаңдар, кілем сендерді баққа
апарады. –Балалар, мінеки, баққа да ұшып келдік. Енді көздеріңді
ашыңдар. Қараңдаршы, бақта қандай ағаштар өсіп тұр?
- Алма, алмұрь,, өрік ағаштары
- Дұрыс. Алма ағашында не өсіп тұр?
- Яблоко.
- Яблоко қазақша – алма.
« Дұрыс көрсет» ойыны.
Қазір « дұрыс көрсет» ойынын ойнаймыз. Мұғалім жемістерді қазақ тілінде
атайды, кімнің қолында аталған жеміс болса, сол бала қолындағы жемісті
жоғары көтереді.
Сергіту сәті. Қолды белге қоямыз,
Басты оңға бұрамыз, басты солға бұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып біз демалып аламыз.
Қорытынды. –Балалар , қандай жемістердің қазақша атауларымен
таныстыңдар ?
- Алма, алмұрт, өрік.
- Дұрыс айтасыңдар, енді бұл жемістерді қазақ тілінде атай аласыңдар.
- Бүгін қандай тағамдардың қазақша атауларымен таныстыңдар?
- Кім қандай тағам сатып алды?
- Сау болыңдар!
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Тексты для проверки техники чтения 1 класс
- Конспект мероприятия "Осеннее солнце"
- Интерактивная игра для учащихся начальных классов "Грибная пора"
- Логопедическое занятие в старшей группе по лексической теме "Фрукты"
- Конспект логопедического занятия по лексической теме "Овощи"
- Внеклассное мероприятие "Бал для Золушки" 2 класс