Конспект ОУД "Алтын жапырақ төккен күз"

Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.
Пән/Предмет: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Жомарт күз»
Тақырыбы/Тема: «Алтын жапырақ төккен күз»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Балаларды балабақша ауласын таза ұстауға , достарын
сыйлауға, адал болуға тәрбиелеу.Бірін – бірі сыйлауға, тату болуға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Қоршаған ортамен байланысқан жылы лебіздерін
және табиғатқа байланысқан сұлулығын көруге үйрету
3.Оқыту – обучающая: Балаларды өзгерістерді байқауға ынталандыру; табиғатқа, ауа
райына, адамдардың киімдеріне. Тәрбиешімен бірге табиғат аясын қарауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интербелсенді тақта, қорапша,
төрт түліктің суреттері, ұлттық тағамдар және жүннен тоқылған киімдердің суреттері
Алдын – алу жұмысы : Предварительная работа: Preliminary work: күз жайлы
әңгімелесу, жұмбақ жасыру , бүгінгі мереке жайында айту
Сөздік жұмыс : Словарная работа:Vocabulary work : күз келеді, қыс түседі, көктем
келеді, жаз туады, жүрек жылуы
Көптілділік: Полиязычие: Multilingualism: алтын күз – золотая осень – golden autumn
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт: тәрбиеші топқа сиқырлы қорапша алып кіреді. Балалар менің қолымдағы
қорапшада не бар екенін білгілерің келе ме?
Ендеше, оны ашып көрейік.
(жыл мезгілдері ауысып кеткен)
Балалар сендер бұл не екенін білесіңдер ме?
Жануарлар араласып кетіпті, біз оларды мекендері бойынша орналастырайық.
Д/о: «Қай жыл мезгілі?»
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз неше айдан тұрады?
- Күзді неге «жомарт күз »деп атайды?
Ойын : «Табиғат мейірімді ».
Шарты: Сөйлемді бастап беру. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.
-Жер-Ана мейірімді ,өйткені ол ......( көкөністер мен жемістерді өсіреді).
-Күн мейірімді ,өйткені ол ......( жарығын, жылуын береді).
Жомарт күз.
Жемісі мол теретін ,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Күз айында жемістер мен көкөністер піседі.Жемістер
бақта өседі, көкөністер бақшада өседі.
-Жемістер мен көкөністерді ата.
Сергіту сәті:( баяу музыка орындалады)
Бастаушы: Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды,жел соғады,ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге
қалықтап түседі.Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады.Тук,тук,тук (дыбыс шығару).Күн жарқырап
шықты , біз қуанамыз!
Жұмбақ шешу
Жауып жаңбыр ,жерде сабыр,
Шөп, жапырақ солады.
Айтыңдаршы ,бөбектерім ,
Бұл қай кезде болады?
Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»
Шарты: Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу. (Алма,алмұрт,шие) ағаштары
Слайд бойынша әңгімелесу.
Балалар сендер үй жануарларын білесіңдер ме?
Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе жатады екен.
Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?
Себебі олар адамның көмегімен үйде өсіріледі.
Олар немен қоректенеді?
Шөп, жем, сумен қоректенеді.
Олардың бізге берер пайдасы бар ма?
Әрине,біз олардың сүтін,етін,жүнін пайдаланып, көлік ретінде де пайдаланамыз.
Кәне қай жануар қалай дыбыстайтынын айтып жіберейікші!
Д/о: «Кім қалай дыбыстайды?»
Сиыр мөңірейді;
Жылқы кісінейді;
Түйе боздайды;
Қой,ешкі маңырайды;
Жеке жұмыс: Бағлан сиыр қалай мөңірейді?
Сергіту сәті:
Атқа жақсы қараймын,
Жал құйрығын тараймын.
Мініп алып сол атқа,
Барып жүрмін қонаққа
Енді балалар осы жануарларды қалай шақырады екенбіз, кім айтады?
Сиырды-аухау-аухау дейміз.
Түйені-көс-көс дейміз.
Жылқыны-қырау-қырау дейміз.
Қойды-пұшайт-пұшайт
Ешкіні-шөре-шөре дейміз.
Жеке жұмыс: Мадияр түйені қалай шақырамыз?
«Аудармашы»
Үй жануарларының орысша, қазақша атау.
Билингвалдық компонент: сиыр-корова, түйе-верблюд, қой-баран, жылқы-лошадь, ешкі-
коза.
Енді балалар осы жануарлардың төлдерін қалай атайды екенбіз, кім айтады?
Сиырдың баласын-бұзау дейміз.
Түйенің баласын-бота дейміз.
Жылқының баласын -құлын дейміз.
Қойдың баласын-қозы дейміз.
Ешкінің баласын-лақ дейміз.
Жеке жұмыс: Каусар жылқының баласын не дейміз?
Дидактикалық ойын: «Төлдерді дұрыс орналастыр»
Мақсаты: Балаларды үй жануарларын, төлдерін атауға, олар туралы жалпы
мағлұматтарды толық баяндауға, оларға қамқоршы болуға үйрету.
Берілген үй жануарларының төлдерін сызықпен қосу керек.
Д/О: «Неден жасалған?»
Ғажайып қаптың ішінен тағам және жүннен тоқылған киім түрлерін алып, олардың қай
жануардың өнімінен жасалатынын айту.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар біз бүгін қандай үй жануарларымен таныстық?
Төрт түліктің бізге берер пайдасы бар ма?
Үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?
Балаларды мадақтау.