Технологическая карта "Алтын Заңым - ардағым"

Тақырыбы: «Алтын Заңым-ардағым»
Мақсаты:
1.Бөлімдері: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінік беру.
2.Дамытушылық: Патриоттық сезімін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
3.Тәрбиелік: Балалар Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:ҚР-ның, рәміздері,суреттер.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотиватциялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр сәніміз.
Тыныштықты сақтайық,
Ашық болсын күніміз.
Шаттық шеңберіне тұрып, бір-
біріне жылы лебіздерін айтады.
Іздену -
ұйымдастырушы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
гимні орындалады.
Балалар, мына өлеңді мұқият тындап
отырып, онда не туралы жырланғанын
айтыңыздар.
Ата Заң
Ата Заңым,
Алтын Заңым-ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың,
Алтын Заңда-
Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда-
Күш-қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.
Қазақстан Республикаса тәуелсіз, егеменді
мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы
алды. Қазақстан мемлекетті өз егемендігін
алған соң 30-тамызда 1995 жылы өз Ата
Занымыз кабылданды. 30 тамыз-
мемлекеттік мереке Конституция күні деп
аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәләлдейтін
өз рәміздері бар.
-Балалар, біз қандай республикада
тұрамыз?
-Қазақстан қандай Республика?
-Еліміздің Елбасы кім?
-Қазақстанның елордасы қай қала?
-Ендеше кім осы Астана туралы тақпақ
айтып береді?
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік гиім орындалады.
Тәрбиешіге назар аудару.
Мұқият тыңдайды.
Өздерінің ойларын айтады.
-Қазақстан Республикасында
тұрамыз.
-Егеменді Тәуелсіз республика.
-Н.Ә.Назарбаев
-Астана
Қанат:
Астана ақ қала,
Ақ мәр-мәр пәк қала.
Шарықтап, қарыштап,
Шалқи бер шаттана.
Күн болып қарайды,
Шуақ боп тарайды.
Әлемге нұр шашқан,
Астанам арайлы.
-Сендер Қазақстан Республикасының
рәміздерін білесіңдер ме?
-Дұрыс, балалар сендер рәміздер туралы
тақпақ білесіндер ме?
Дидактикалық ойын:Көк туым желбіре!
Шарты:Көк туымыздың шұғылалы күн,
қыран қүс, ою-өрнектерін орын
орындарына орналастыру.
Сергіту сәті:
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілейміз біз бейбіт күн,
Ашық болсын көк аспан.
-Балалар, сендер Отан туралы мақал-
мәтел білесіңдер ме?
-Жарайсыңдар, балалар!
-Иә.Олар:Әнұран,Ту,Елтанба.
Санжар:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде қазақ үй.
Қалықтаған жас сұнқар.
Шарықтаған таза күй.
Бұл танбасы елімнің
Елдігімнің белгісі.
Аяулым:
Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Тұған жердің туына.
Ақжол:
Әнұран-жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сезім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады.
Берілген ойын шартын
орындайды.
Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту
жаттығуын жасайды.
-Иә, білеміз!
Отан оттан да ыстық.
Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
Рефлексті -
Коррекцялаушы
Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін
қорытындылайды.
Конституция күні баршымызға құтты
болсыын!
Осымен Алтын Заңым-ардағым атты ашық
ұйымдастырылған оқу қызметін
аяқтаймыз.
Тәрбиешіні мұкият тыңдап,
сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Қазақстан Республикасының Конституциясының күнін.
Болу керек:Отанына, еліне қамқор болу керек.
Қолынан келуі керек:Отан туралы мақал-мәтелдер, рәміздер туралы тақпақтар.
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №35«Балдырған»бөбекжайы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Жаңа технологиялар бойынша жүргізілген жұмыстар есебі.
/№2 педагогикалық кеңеске/
Дайындаған: №9 МАД тобы
тәрбиешісі: Күндебаева Б.А
Ақтау қаласы
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы:Ата-баба дәстүрін қастерлейік.
Мақсаты:
1.Қазақ халқының салт-дәстүрі туралы түсінік беру және тұрмыс заттарының
ерекшеліктерін таныту және осы тұрғыда білімдерін бекіту.
2.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары туралы ұғымын кеңейту олардың рөлі туралы
түсінігін арттыру.
3.Сәндік бұйымдар туралы білімдерін кеңейту,кейбір бұйымдардың аттарын білдіру.Сөз
қорларын дамыту.
4.Ұлттық мәдениетке,музыкаға қызығушылықты,өз халқына және туған жерге деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінде залға кірген балалар алдымен келген қонақтармен
амандасады.
Тәрбиеші:Саламатсыздар ма қонақтар.Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің
тақырыбы:"Ата-баба дәстүрін қастерлейік".
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халықпыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
--Балалар,бүгін бізде ерекше күн.Қане балалар шаттық шеңберін құрайық.
Шаттық шебері.
Бір шаңырақ астында,
Тату тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз,
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Тәрбиеші:
--Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Балалар:
--Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші:
--Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Балалар:
--Тәуелсіз мемлекет.
Тәрбиеші:
--Жарайсыңдар балалар.Біздің елбасымыз кім?
Балалар:
--Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші:
--Балалар біздің ұлтымыз кім?
Балалар:
--Қазақ.
Тәрбиеші:
--Дұрыс айтасыңдар,біздің ұлтымыз қазақ .Өз дәстүріміз,салтымыз,ата заңымыз бар.
Балалар бізде ұлттық ою-өрнектер,ұлттық ойындар,ұлттық бұйымдар,ұлттық
аспаптар,ұлттық тағамдар,ұлттық киімдеріміз бар.
Қане балалар осыларға кішкене шолу жасау үшін мұражайға саяхат жасайық.
Мұражай дегенді қалай түсінеміз,Кім біледі?
Бала:
--Мұражай дегеніміз ата-бабалардан қалған мұра заттарды сақтайтын орын.
Тосын сәт:Залға Дымбілмес жүгіріп кіреді.
Дымбілмес:Балалар сендер қайда барасыңдар?
Балалар: Біз мұражайға саяхат жасауға барамыз.
Дымбілмес-о менің де мұражайға барғым келеді.Мен ешқашан мұражайды көрген
емеспін.
Тәрбиеші:Жақсы,онда бізбен бірге жүре ғой,балалар әндетіп мұражайға бет бұрады.
Ән:
(Балалар мұражайға қарай жақындайды,экскурсоводпен амандасады).
Тәрбиеші:Апай біздің балалар ата-бабаларымыздың тұрмысына,әдет-ғұрпына қолданған
заттармен танысуға келді.
Балалар экскурсоводпен мұражайды аралайды.(жайлап әуен ойнап тұрады)
Күй:Балалық шаққа саяхат.(А.Еңсепов)
Экскурсовод:Ал,балалар алдымен мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Ұқсайды шеңберге,
Қабырғасы жиылып,керіледі.
Жихазы ке бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.
Ол не?
Балалар:-Киіз үй.
Экскурсовод:Дұрыс.Ал сендер киіз үйдің құрылысындағы бөлшектерін білесіңдер ме?
Кереге,уық,шаңырақты (киіз үй сүйектерін)балаларға жақынырақ көрсетеді.Балаларкиіз
үй жиналмалы болған.Ата-бабаларымыз жазда жайлауға,қыста қыстауға көшкенде киіз
үйді жинап өздерімен бірге алып жүрген.
Дымбілмес:Мен киіз үйдің былай жиналатынын білген жоқпын.
Экскурсовод:Балалар осы киіз үйдің бөлшектері туралы тақпақтар білеміз бе?
Бала:
Мықты болса іргеміз,
Бәріміз де біргеміз.
Сонда құт пен береке,
Деп жатады ел неге?
Үй тұрмайды орнығып,
Керілмесе кереге.
Экскурсовод:-Жарайсың. Балалар енді киіз үй ішіндегі мүліктерді атайықшы.
Балалар:Бесік,сандық,қоржын,түскиіз,күбі,тостаған.
Экскурсовод:Балалар бесік не үшін керек?Оны қалай қолданады?
Балалар:Бесікке бөпені бөлеп ұйықтатады.
Экскурсовод:Дұрыс балалар!Кішкене нәрестеге байланысты қазақта көптеген әдет
ғұрыптар бар."Бесікке салу","Қырқынан шығару","Тұсау кесер".Ал сандық не үшін
қолданылған?
Балалар:Киім,ыдыс -аяқ сақтау үшін қолданылған.
Экскурсовод:Ал енді балалар қоржын не үшін керек?
Балалар:Қазақ халқы бір қоныстан екінші қонысқа көшкенде заттарды салып алу үшін
қолданған.
Экскурсавод: Айтыңдаршы, балалар!Қоржын не үшін керек.
Балалар:Қазақ халқы бір қоныстан екінші қонысқа көшкенде заттарды салып алу үшін
қолданған.
Дымбілмес: О,менде де қоржын бар,маған оны бір қария сыйға тартты,мен оған
сағыз,пепси,тәттілер салып аламын.
Экскурсовод: Балалармына түскиіз деп аталатын қабырғадағы кілем туралы не
білесіңдер?
Балалар:Түскиізді киіз үйдің іші жылы әрі әдемі болу үшін қолданған.
Экскурсовод: Балалар күбі не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Балалар:Күбіге қымыз құйып ашытады,ал қымыз дегеніміз- жылқы сүтінен алынатын
ұлттық сусын.
Тәрбиеші:Біздің балалар сізге күбі туралы тақпақ айтып берсін.
Бала:
Құйып қойып күбіге,
Апам қымыз піседі.
Біздің үйден көп кісі
Күнде қымыз ішеді.
Мен де күбі пісер ем,
Шашыратып, төкпей бір
Қара терге түсер ем,
Әттең бойым жетпей жүр.
Экскурсовод:Жарайсың,ал қымызды қандай ыдыспен ішеді?
Балалар:Ағаштан жасалған тостағанмен ішеді.
Экскурсовод:Дұрыс балалар, енді сендерді музыкалық аспаптар бөліміне
шақырамын.Сендер қандай музыка аспаптарын білесіңдер?
Балалар: Домбыра,қобыз,асатаяқ,қоңыраулар,тұяқ,мүйіз.
Экскурсовод:Дұрыс атадыңдар,домбыра мен қобыз-шекті аспаптар,ал қалғандары үрмелі
аспаптар.
Тәрбиеші:Апай біздің балалар домбыра туралы тақпақ тар біледі.
Бала:
Домбырадай мұраны,
Қастерлеуге тұрады.
Сонда жатыр даламның,
Үні менен ұраны.
Бала:
Қос ішекті,көп пернелі домбыра,
Күмбірлейсің көңілге ән қондыра.
Ұлт-аспабы,өткен күннен сыр шерткен,
Сенен асқан жыр-ғажабы болды ма?
Экскурсовод:Жарайсыңдар балалар,өнері екенсіңдер.Музыка адам өмірінде үлкен роль
атқарады.Қуаныш та,реніште адамдар музыканы қолданады.Музыка арқылы адамдар өз
көңіл -күйін,ықыласын,арманын жеткізеді.Музыканы орындау,тыңдау адамды рухани
байытады.
Тәрбиеші:Балалар қане бәріміз,ұлттық әніміз Қара жорғаны тыңдай отырып,сергіту
жаттығуын орындайық.
Сергіту жаттығуы.
Тәрбиеші:-Рахмет,апай.Біздің балалар бүгін халқымыздың тұрмысы мен салт-дәстүріне
қолданылатын заттарын көріп рахаттанып қалдық.
Балалар:Апай,мұражай қызметкерлерінен біздің қыздар қазақтың сәндік әшекейлерін
көргілері келеді.Сіздерде бар ма?
Экскурсовод-Әрине,олар сәндік бұйымдар шеберханасында сақталады.Мен қазір телефон
шалып көрейін.-Алло бұл шеберхана ма,құрметті зергер ,мұражай қонақтары қазақтың
сәндік әшекейлерін көргілері келеді,баруға бола ма?
Зергер:Өте қуаныштымын,келіп көрсін.
Экскурсовод:Зергер сіздерді күтеді,бара берулеріңе болады.
Тәрбиеші:Сәлеметсіз бе, біздің сәндік бұйымдарды көргіміз келіп еді.
Зергер:Төрлетіңдер,қош келіпсіңдер.
--Балалар,сендер мына бұйымдардың қалай аталатынын білесіңдер ме?Кім айтып береді?
Балалар:Білезік,сақина,сырға,қапсырма,алқа.
Зергер:Дұрыс балалар,қараңдаршы мына заттар қалай әдемі жасалып өрнектелген.Біздің
халқымыз әдемілікті дұрыс көре білген.Әдемі заттар болмаса,өміріміз сәнсіз,көңілсіз
болар еді.
Тәрбиеші:Біздің балалардың сіздің жұмысыңызғаарнаған тақпағы бар.
Зергер:Кәне тыңдап көрейік.
Бала:
Балқытып ол күмісті,
Сапырады судайын.
Осы жұмыс ырғағы,
Білезік пен алқаны,
Сақинаны,сырғаны,
Күміс сымнан тартады.
Зергер:Жарайсың,рахмет.Балалар мына заттарды мен өз қолыммен жасадым,өрнек салуға
үлгермей жатырмын.Сендер маған көмектесіп жібересіңдер ме?
Тәрбиеші:Біздің балалар ұйымдастырылған оқу қызметінде мұндай жұмыстарды
орындаған.Камзолды,көйлекті оюлармен өрнектегенбіз.Қане балалар ою-өрнектердің
атын атайықшы.
Балалар:Қошқар мүйіз,бота мойын.
Тәрбиеші:Дұрыс,енді балалар бәріміз отырып зергерге көмектесейік.
(балалар білезікке ою жапсырады)
Зергер:Жарайсыңдар,бәрің өнерлі екенсіңдер.Рахмет сендерге,талаптарыңа нұр жаусын.
Дымбілмес:Зергер аға!Мен де жақсы өрнектедім.
Тәрбиеші:Ал енді балалар жасаған өрнектерімізді қонақтарға сыйға тартайық.Балалар
енді зергер ағамен,қонақтармен қоштасып бақшамызға қайтайық.
Балалар;қонақтармен,зергермен қоштасады.
Зергер:Сау болыңдар балалар.
(Балалар қоштасып,бақшаға қайтады.)
Ән:"Атамекен".
"Тілім менің"
Авторы:Қалқаман Сарин
1.Мінбедегі мұңсыз қауым,
Кімнің айтып жүрсіз дауын?
Өзегімді өрт боп шалған,
Өзің болдың-тілсіз жауым.
2.Рухымның кім құнын сұрар?
Дінің-шала,тілің -шұбар.
Басқа ұлтқа бал жегізіп,
Ұлт дегенде уың шығар.
3.Тілін даттап тұғырлы ұлттың,
Сонда кімнің суын жұттың?
Адамдықтың арын былғап,
Баба тілдің туын жықтың.
4.Ана сүтін ембегендей,
Ана тілін кем көрердей.
Сізде қандай құдірет бар,
Пірге балап қол берердей?
5.Қамын ойлар қызыл тілдің,
Сәт келгенде жүз іркілдің.
Кімге тұтқа бола алмақсыз,
Көшін бастап сіз ұлтымның?
6.Жапты жала,жақты күйе.
Тілден қашты нақты кие.
Көксегенің- көк тиындық,
Бедел,билік ,боқ дүние.
7.Көрген жанның өзі ашынар,
Келді емес пе кез асығар.
Көр боп қалған көкірегіңнің,
Күн туар ма көзі ашылар?!
"Ел болам десең бесігіңді түзе"-деген ұлы қаламгер М.Әуезов.
Еліміздің ертеңі,болашағы-бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ.Бүгінгі ұрпақты
жоғары мәдениеттілік пен имандылыққа тәрбиелеу,баланың бойына рухани
адамгершілік қасиеттерді ерте жастан сіңіру болып табылады.Балалардың
бойында ұлттық сананы оятып,тәрбиенің негізін қайта құру бүгінгі күннің
басты міндеті.Мектеп жасына дейінгі балалар
түсінігенін,қабылдағанын,естігенін,көргенін,қиялын,ойын тіл арқылы
жеткізеді.
Қоғамның қазіргі даму кезінде мектепке дейінгі ұйымдардың оқу тәрбие
процесінде балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді
жүзеге асыруда,балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ұлттық
педагогиканың алатын орны зор.Этнопедагогика-жалпы педагогиканың бір
саласы.Этнопедагогиканы халық педагогикасы деп
атайды.Этнопедагогикалық тәрбие беру мақсатында көрнекіліктер ретінде
киіз үй,үй жиhаздарын,ұлттық оюлардылттық киімдерді ергерлік
бұйымдарды пайдаланамын.Қазақ этнопедагогикасын балабақшаның оқу-
тәрбие үрдісінде бес бағытта қарастырылып қолдануға болады.Олар қазақ
балалар фольклоры,салт-дәстүрлер,ұлттық өнер,ұлттық ойындар.Қазақ
этнопедагогикасының тәрбие бастауы бесік жыры,тағы бірі ертегілер.
"Коммуникация" білім беру саласындағы "Көркем әдебиет","Сөйлеуді
дамыту","Драма"ұйымдастырылған оқу-тәрбие қызметтерінде ертегілерді
қолданамын. Ертегілер төрт топқа бөлінеді:хайуанаттар туралы
ертегілер,қиял-ғажайып ертегілері,тұрмыс-салт ертегілері және аңыз
әңгімелер.Мысалы;"Жыл басына таласқан жануарлар","Ақылды лақ","Төрт
дос".Ертегілерді балалардың сөйлеуге қызығушылықтарын арттыруға,сөздік
қорларын,тіл байлықтарын молайтуға,балаларды
қарапайымдылыққа,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеуге қолданамын.
"Таным"білім беру саласында"Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру","Құрастыру","Жаратылыстану"ұйымдастырылған оқу-тәрбие
қызметтерінде бөліктерді біріктіру арқылы ұлттық оюлармен көрпеше
құрастыру.
"Шығармашылық"білім беру
саласындағы"Аппликация","Мүсіндеу"ұйымдастырылған оқу қызметінде
текеметті сәндік қолданбалы ұлттық өрнектермен безендіру тәсілін үйрету
арқылы текеметтің не үшін қолданылатыны оны дайындау жолы туралы
әңгіме жүргізу.Ұлттық киім үлгісімен түрлі түсті ермексаздардан қазақтың
ұлттық киімдерін мүсіндеу.Мүсіндеу барысында ұлттық киімдер туралы
мәліметтерді толықтыру.Мысалы;Шапан,тақия,бешпет,мәсі,сәукеле осы
киімдерді кімдер киетіні жөнінде сұрақ-жауап арқылы білімдерін
толықтырып, мүсіндеу тәсілдерін үйрету,шығармашылық ой-қиялдарын
дамыту мақсатында қолданып отырамын.
"Әлеуметтік"білім беру саласында"Қоршаған орта","Экология
негіздері"ұйымдастырылған оқу-қызметтерінде атадан балаға мұра болып
келе жатқан ұлттық құндылықтарымыз киіз үй жабдықтары туралы айтып
балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,киіз үй ауа- райының
қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы екенін әңгімелеу арқылы
білімдерін толықтырып,балалардың ұлтымызға тән қасиеттерін бойына
сіңіру және патриоттыққа тәрбиелеймін.
Қазақ ертегілерінің басты кейіпкерлері ретінде халықтың сүйікті жануарлары
түйе,қой,ешкі,жылқы жиі кездеседі.Ертегілер төрт топқа
бөлінеді:хайуанаттар туралы ертегілер,қиял-ғажайып ертегілері,тұрмыс-салт
ертегілері және аңыз әңгімелер.Мысалы;"Жыл басына таласқан
жануарлар","Ақылды лақ","Төрт дос".Ертегілерді балалардың сөйлеуге
қызығушылықтарын арттыруға,сөздік қорларын,тіл байлықтарын
молайтуға,балаларды қарапайымдылыққа,адамгершілікке,имандылыққа
тәрбиелеуге қолданамын.
Балаларға ұлттық ойындарды пайдалана отырып,денсаулықтарын
нығайтуға,қоршаған орта туралы білім алуына,күнделікті жүргізілетін оқу-
тәрбие жұмыстарында алған білімдерін ұлттық ойын арқылы толықтырып
отырамын.Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше
зерделейді.Өмірден байқағандарын іске асырып қоршаған адамдардың іс-
әрекеттеріне еліктейді.Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды
отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады.Мәселен қазақтың
ұлттық ойындары:"Арқан тартыс","Орамал
тастамақ","Бәйге","Ханталапай",т.б. балалардың еңбекке деген қарым-
қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский:"Ойынсыз,музыкасыз,ертегісіз,толық
мәніндегі ақыл -ой тәрбиесі болмайды дейді.Демек баланың ақыл -
ойы,парасатты ұлттық салт-сана сіңіру арқылы байи түседі.
Ана тіл
Ысқақ Әкім
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сінген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап откен Ыбырай мен Абайлар,
Қасиетті менің ана тілімде ,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Өлең жырмен арайланса тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,
Жалғастырып жаза берем мәңгілік.
Елбасымыз ұсынған"Қазақстан-2030"стратегиясының негізгі бағыттарының
бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрін есепке ала ,білім мен
білігі жағынан өркениетті елдердің замандастарымен қатар тұра
алатын,бойында ұлттық,отаншылдық,рухы мықты қазақстандықтардың жаңа
ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Мектеп жасына дейінгі
балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының
жобасында"мектепке дейінгі білім беру -Қазақстан Республикасының жалпы
білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды рол
атқарады,себебі тегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері
анықталып,олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі"деп көрсетілген.
Еліміздің ертеңі,болашағы-бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ.Бүгінгі ұрпақты
жоғары мәдениеттілік пен имандылыққа тәрбиелеу,баланың бойына рухани
адамгершілік қасиеттерді ерте жастан сіңіру болып табылады.Балалардың
бойында ұлттық сананы оятып,тәрбиенің негізін қайта құру бүгінгі күннің
басты міндеті.Мектеп жасына дейінгі балалар
түсінігенін,қабылдағанын,естігенін,көргенін,қиялын,ойын тіл арқылы
жеткізеді.
Қоғамның қазіргі даму кезінде мектепке дейінгі ұйымдардың оқу тәрбие
процесінде балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді
жүзеге асыруда,балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ұлттық
педагогиканың алатын орны зор.Этнопедагогика-жалпы педагогиканың бір
саласы.Этнопедагогиканы халық педагогикасы деп
атайды.Этнопедагогикалық тәрбие беру мақсатында көрнекіліктер ретінде
киіз үй,үй жиhаздарын,ұлттық оюларды,ұлттық киімдерді ,зергерлік
бұйымдарды пайдаланамын.Қазақ этнопедагогикасын балабақшаның оқу-
тәрбие үрдісінде бес бағытта қарастырылып қолдануға болады.Олар қазақ
балалар фольклоры,салт-дәстүрлер,ұлттық өнер,ұлттық ойындар.Қазақ
этнопедагогикасының тәрбие бастауы бесік жыры,тағы бірі ертегілер.
"Коммуникация" білім беру саласындағы "Көркем әдебиет","Сөйлеуді
дамыту","Драма"ұйымдастырылған оқу-тәрбие қызметтерінде ертегілерді
қолданамын. Ертегілер төрт топқа бөлінеді:хайуанаттар туралы
ертегілер,қиял-ғажайып ертегілері,тұрмыс-салт ертегілері және аңыз
әңгімелер.Мысалы;"Жыл басына таласқан жануарлар","Мақта қыз","Төрт
дос".Ертегілерді балалардың сөйлеуге қызығушылықтарын арттыруға,сөздік
қорларын,тіл байлықтарын молайтуға,балаларды
қарапайымдылыққа,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеуге қолданамын.
"Таным"білім беру саласында"Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру","Құрастыру","Жаратылыстану"ұйымдастырылған оқу-тәрбие
қызметтерінде бөліктерді біріктіру арқылы ұлттық оюлармен көрпеше
құрастыру.
"Шығармашылық"білім беру
саласындағы"Аппликация","Мүсіндеу"ұйымдастырылған оқу қызметінде
текеметті сәндік қолданбалы ұлттық өрнектермен безендіру тәсілін үйрету
арқылы текеметтің не үшін қолданылатыны оны дайындау жолы туралы
әңгіме жүргізу.Ұлттық киім үлгісімен түрлі түсті ермексаздардан қазақтың
ұлттық киімдерін мүсіндеу.Мүсіндеу барысында ұлттық киімдер туралы
мәліметтерді толықтыру.Мысалы;Шапан,тақия,бешпет,мәсі,сәукеле осы
киімдерді кімдер киетіні жөнінде сұрақ-жауап арқылы білімдерін
толықтырып, мүсіндеу тәсілдерін үйрету,шығармашылық ой-қиялдарын
дамыту мақсатында қолданып отырамын.
"Әлеуметтік"білім беру саласында"Қоршаған орта","Экология
негіздері"ұйымдастырылған оқу-қызметтерінде атадан балаға мұра болып
келе жатқан ұлттық құндылықтарымыз киіз үй жабдықтары туралы айтып
балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,киіз үй ауа- райының
қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы екенін әңгімелеу арқылы
білімдерін толықтырып,балалардың ұлтымызға тән қасиеттерін бойына
сіңіру және патриоттыққа тәрбиелеймін.
Қазақ ертегілерінің басты кейіпкерлері ретінде халықтың сүйікті жануарлары
түйе,қой,ешкі,жылқы жиі кездеседі.Ертегілер төрт топқа
бөлінеді:хайуанаттар туралы ертегілер,қиял-ғажайып ертегілері,тұрмыс-салт
ертегілері және аңыз әңгімелер.Мысалы;"Жыл басына таласқан
жануарлар","Ақылды лақ","Төрт дос".Ертегілерді балалардың сөйлеуге
қызығушылықтарын арттыруға,сөздік қорларын,тіл байлықтарын
молайтуға,балаларды қарапайымдылыққа,адамгершілікке,имандылыққа
тәрбиелеуге қолданамын.
Балаларға ұлттық ойындарды пайдалана отырып,денсаулықтарын
нығайтуға,қоршаған орта туралы білім алуына,күнделікті жүргізілетін оқу-
тәрбие жұмыстарында алған білімдерін ұлттық ойын арқылы толықтырып
отырамын.Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше
зерделейді.Өмірден байқағандарын іске асырып қоршаған адамдардың іс-
әрекеттеріне еліктейді.Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды
отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады.Мәселен қазақтың
ұлттық ойындары:"Арқан тартыс","Орамал тастамақ","Бәйге",
"Ханталапай",т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен
қабілеттерін арттырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында көрсетілгендей,балалардың шығармашылық және
интелектуалдық қабілеттерін дамытуға орай жаңа технологиямен жұмыс
істеп жатқандықтан ұйымдастырылған оқу қызметтері ойын арқылы өтіп
жатыр.