Конспект урока "Алтын күз"

Тақырыбы: «Алтын күз»
Сабақтың мақсаты:
1. Күз мезгілі туралы түсінік беру.
2. Ашық түстерді пайдаланып саусақпен күздің суретін салу, түстерді ажырата
білу.
3. Алақан арқылы салынатын суреттің түрлерімен таныстырып, салу жолдары туралы
түсініктерін кеңейту. Алақанмен сурет салу техникасын үйрету.Әр түрлі қисық
сызықтар жүргізу, үйлестірулерде сурет салу іскерліктерін дамыту, эстетикалық
талғамды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету,әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті.
Көрнекі-құралдар: Күз көрінісі бейнеленген суреттер, түрлі - түсті акварель
бояулары, қылқалам, қарындаш, өшіргіш.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Қуанамын мен де!
Қуанасың сен де!
Келіп шыққан күнге!
Күніміз жарық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын! -деп бүгінгі сабағымызды бастайық.
I апта
I.Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау
(көрнекіліктер арқылы) Алақанмен айналаға
Шуақ нұрын шашайық
Сәттілік тілеп күлімдеп
Біз сабақты бастайық.
Сұрақ - жауап айдары:
- Төрт жылда неше жыл мезгілі бар
- Төрт жыл мезгілі бар
- Қалай атаймыз
- Көктем, жаз, күз
- Жылдың қай мезгіліне келіп жеттік
- Күз
- Күз айларын атайықшы
- Қыркүйек, қазан, қараша
- Күз ерекшелігі қандай
- Күн суыта бастайды, адамдар жылы киімдер киеді, құстар жылы жаққа ұшып
кетеді. Жапырақтар сарғайып түсе бастайды. Жемістер мен көкөністер піседі. Қатты
жаңбыр жауған кезде адамдар жылы киініп, қолына қолшатыр ұстайды.
Күзде адамдардың еңбегі орасан зор. Олар көктем мезгілінде еккен егінді, жемістер
мен көкөністерді жаз бойы суарып, баптайды. Арам шөптерін жұлады. Сөйтіп күзде
жыл бойы еккен еңбегінің жемісін көре бастайды. Жаңа тақырыпқа арналған бейненің
жасалу тәсілі: бала гуашқа саусағын батырып, содан соң қағазға саусақпен нүкте,
сызықтар арқылы күздің бейнесін салады. Жұмыс аяқталғаннан соң саусақтарын
сүрткішке сүртеді, сосын саусақтары оңай жуылады.
Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
II апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын
жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбер: Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр, құйсын,
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын
Барлық жапырақтар пішіні, түсі және көлемі жағынан алғанда әр түрлі. Дегенмен
олардың ішкі құрылысында ортақ нышандар бар. Олар – жүйеленген талшықты
жапырақша және оның сабағы. Ортаңғы талшық жапырақты тең екі бөлікке бөледі. Сол
ортаңғы талшықтан екі жаққа ұсақ талшықшалар тарайды. Осы негізгі сызықшалардың
көмегімен жапырақтың суретін оңай салуға болады. Сонымен қатар жапырақ суретін
оның сыртқы жиек арқылы да салуға болады.
Альбоммен жұмыс: Саусақты гуашқа малып алып жапырақтың бейнесін салу.
Жапырақтың сыртқы жиегін бейнелеп, сызық жүргіз. Жүргізген сызығың әдемі және
жапыраққа ұқсайтындай болуын қадағала.
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
«Сиқырлы суреттер» деп аталатын дидактикалық ойынды өткізу.
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау
процестерін дамыту, тілдерін дамыту.
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды.
Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну көзделеді, нәтижесінде балалардың тіл байлықтары
дамиды.
III апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын
жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбер: : Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр, құйсын,
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын
Шығармашылық тапсырма: Саусақпен суреттерді салу.
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
«Гүл» дидактикалық ойын. Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз
енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді
(қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан - жаққа
шайқалады (қолдарын жан - жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр
жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып
бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта
гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен
гүл шоғына жиналады).
IY апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау
(көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық жаттығу. «Күн шуағы»
Ал, балалар көзімізді жұмамыз, біз бақшаға келе жатырмыз деп ойлаңдар. Өздерің
білесіңдер күн жылы шуағын төгіп, жарқырап шығып тұр, сен қуаныштысың айналада
кұстар сайрап жатыр. сен сол дыбысты естіп бір сәт тұрып қалдың, осы кезде анаң «балам
бол жүгір бақшаға кешігесің - деді». Сен жүгіріп бақшаға жөнелдің. Ал енді көздеріңізді
ашыңыздар.
- Балалар, қандай сезімде болдыңыздар, көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет, бақытты, тамаша.
Шығармашылық тапсырма: Саусақпен суреттерді бояу.
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
V. Бекіту. Ойын ойнату арқылы тақырыпты бекіту.
«Күн мен жаңбыр» ойын. Шарты: балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің
қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да
«терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Мұғалім: «Аспан ашық, күн
шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр.
«Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп
келіп, орындықтардың артына отырады. Мұғалім қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар,
серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады.
VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау. Балалар, сіздерге
сабақ ұнады ма? Берілген тапсырмаларды өте жақсы атқардыңдар, сол себепті барлығыңа
«жұлдызша» ұсынамын.
VII. Бағалау.
Балаларды жеке-жеке мадақтау.