Конспект занятие "Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған"

Жүргізуші: РҚарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Жүргізуші: Ш
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Армысыздар ұстаздар, қадірлі қонақтар! «Жомарт күз» атты ойын сауығымызға
қош келдіңіздер!
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
«Би» Жапырақтар
Слайд «Күз көрінісі» 2 минут
Балалар экранан не көрдіңдер?
Ән «Күз жомарт»
Тақпақ
Әлихан
1. Ой, балалар,балалар,
Қоңырқай күз болыпты,
Құлап жапырақтар солыпты.
Ел егінін орыпты.
А. Нұрай
2. Жеміс мол теретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Д. Нұрай
3. Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтын,сары күз,
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күнім елжіреп.
Би «Қол шатыр»
Тақпақ
Рауан
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз,
Елге бәрін сыйламыз.
Еркежан
Дождь по улице идет,
Мокрая дороа,
Много капель на стекле,
А тепла немного.
Сафина
Падают,падают листья
В нашем саду литопад,
Желтые,красные листья
По ветру вьются, летят.
Диасыл:
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?
Күз ханшайымы:Камила
Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым!
Ән «Күз келгенде » хор
Ойын «картоптар жинаймыз »
Бұлт: Сәлеметісіздер ме балалар бұл жерде не шуылдап жатырсыздар! Мені
неге шақырмайсыздар күз мерекесіне?
Жұмбақтар мен мақал- мәтелдер
Жансая
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
Данат
Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
Т Әлинұр
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Жарқын
Егіндікті күз суар.
Күз суарсаң, жүз суар
Қ.Іңкәр
Жері байдың – елі бай.
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балалардың көріністерін тамашалаңыз
Көрініс: «Денсаулық зор байлық»
Жүргізуші: Балалар енденше біз көкөністер мен жемістерді ортаға шақырайық
Тақпақтар айтады:
Алма «Еркеназ»
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
Сәбіз «Арнұр»
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Картоп Ернияз
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Қызанақ «Айару»
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Жүргізуші: Балалар көкөністер мен жемістер көп жеу керекпіз.Сәлеметсізбе
қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?
Қоян – Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып
жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр. Міне,
көріңдер: Слайд: «Аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындау» 2 минут
Балалар мен сендерге өзімен бірге ойын алып келдім
Би «Жаңбыр»
Ойын «Сиқырлы орамал»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар бүгінгі «Күз жомарт» - атты ойын сауықты
аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар
қонақтар, келгенше жыл айналып.
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! 1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе жыладық. (Пияз)
3. Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да
Айналар нанға да.идай)
4. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
5. Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар. (Мақта)
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал-
мәтелдер біледі.
1.Екпей егін шықпас, 2. Жердің сәні егін
Үйренбей білім жұқпас. Ердің сәні білім
3. Егіндікті күз суар. 4. Арпа, бидай ас екен
Күз суарсаң, жүз суар Алтын күміс тас екен
5. Не ексен соны орасың 6. Жері байдың – елі бай.
Жүргізуші:Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.
Би: «Шағала»
Мадина: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
2 - бала: Енді, енді не етеміз?!
Мадинаға қалай көмектесеміз?
Қабдолла Әдия: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Мадина: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Азамат: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Абылайхан: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
Мадина: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі.
Дәрігер киімін киген бала келеді)
Жанель: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Мадинаға дәрігерлік көмек керек!
Жанель: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Жанель: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Мадина: Енді не істеймін?
Жанель: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
Жүргізуші: Балалар,ендеше Эфирде «Күзгі бақша» телеарнасының ,
Қызанақ – кориспондентінен бақшада қандай өзгерістер, қандай
жаңалықтар бар екенің, хабарласып көрейік!
- Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай
өзгерістер болып жатыр!
Қызанақ - кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де,
көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін!
Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап
береді.
ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»
Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік,
қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға
бөлінеді.
1 –Өрік
2 Қызанақ
3 Орамжапырақ
4 Жүзім
Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып
тұрады. Кейін ойын қайталанады.
Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін
білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.
Ән: «Бізде де бар, бау бақша»
Кішкентай ғана шапшаң аң.
Балалар: Тиін!
Қоян–кориспондент: Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі
қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
6. Қарақат: Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
Ән: «Күзгі жаңбыр»
Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім
үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2015» күзгі сән үлгісін ортаға
шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша
бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі
кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам,
Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі,
астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.
Ертеңгілік:
«Алтын күз, әсем айналам,
Еліне береке сыйлаған»
Тәрбиеші: Серикова Б