Сценарий "Күз береке, молшылық!"
Бәшенова Зәуреш Жылқышыбайқызы
МКҚК «Жазира» балабақшасы.
І санатты тәрбиеші.
«Күз береке, молшылық!»
Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар
тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.
Мақсаты: Балаларды күздің кереметімен таныстыру.
Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік
көңіл-күй сыйлау.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.
Көрнекіліктер: Ағаштардың, әртүрлі жапырақтардың, жемістер мен көкөністердің
суреттері, «Алтын күз» жазуы бар плакат, күз туралы суреттер. Күз өнімдерінен ата-
аналар дайындаған көріністер.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар! Алтын күз мерекесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған
берекелі де мерекелі күз мезгілі келіп жетті. Сары алтындай сары күз себетке толы
жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды.
Олай болса «Күз береке,молшылық» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Береке,бақ дарыған-
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған
Жетті міне Алтын күз!
Жүргізуші:
-Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын:
Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды.
(Жапырақ)
-Дұрыс айтасыңдар! Қазір бізде жылдың қай мезгілі?
-Күз!
Олай болса сендердің күз туралы тақпақтарыңды тыңдайық.
«Осень» -бәрі бірге хормен айтады.
Падают, падают листья -
В нашем саду листопад...
Желтые, красные листья
По ветру вьются, летят.
Нұрсұлтан:
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Акнұр: Күзім - ау, күзім – ау,
Мінезің бұзық – ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау.
Нұрдәулет:
Қарашы күз келді, күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді
Аяулым:
Дождик дождик, ты послушай
Не ходи босой по лужам
По дорогам бродит осень
Холода в котомке носит.
Мұратасыл:
Алма, өрік, көкөніске,
Толтырды әкеп, Алтын күз.
Дастарханы таба нанға,
Айналыпты « Алтын күз».
Ән «Жапырақтар»
Жүргізуші:
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе жыладық. (Пияз)
3. Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да
Айналар нанға да.(Бидай)
4. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
5. Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар. (Мақта)
Би: «Күзгі жапырақтар».
Бәрі бірге хормен айтады.
Даун, даун, даун
Иелоу энд браун
Зе либс а фолин
Оубэ зе таун.
Ән: «Алтын күз»
Жүргізуші:
Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын
«Қызыл телпек» әжесіне кім көп жеміс жинайды?-деп аталады. Ойынның шарты
бойынша орман арасындағы аңдардан айналып өтіп, себетке жемістерді жинап, «Қызыл
телпек» әжесінің үйіне жеткізеді.
Салима:
Алақай алақай
Шаттанады балақай
Күз түсті дән пісті,
Айтамыз алғысты.
Батырхан:
Сары алтындай сары күз
Күтеміз сені бәріміз
Кетті міне сарғайып
Қамбаларға сыймасын
Күз мезгілі сарғайып
Еліме бақыт сыйласын
Айсауле:
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Ән: «Күзгі жаңбыр»
Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық
болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).
Би: «Күзгі әуен»
Ұлболсын:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Ақтілек: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай тамаша.
Шашу шашты жапырақ,
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып - ап.
Жүргізуші:Міне, балалар, біздің ертеңгілігіміз де соңына таяп қалды. Құрметті
қонақтар, әріптестер! Көріп тамашалағандарыңызға рахмет, сау болыңыздар! Қонақтармен
қоштасып бәріміз тобымызға қайтайық.
Жүргізуші: Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты.
Тобымызға баруға жиналайық.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Технологическая карта урока "Күз"
- Конспект "Куян кунакка килгән"
- Конспект НОД "Курочка Ряба"
- Психолого-педагогическая характеристика школьника, направляемого на обследование ПМПК
- Консультация для воспитателей "Создание условий в группах для развития речи детейc учетом ФГОС ДО"
- Презентация "Лексика с точки зрения активного и пассивного запаса"