Конспект ОУД "Менің көшемдегі шие ағаштары (тақпақ)"

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас. Коммуникация
Пән/Предмет: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Жомарт күз»
Тақырыбы/Тема: "Менің көшемдегі шие ағаштары (тақпақ)
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: қоршаған табиғатқа деген құрмет сезімдерін
қалыптастыру; Отанымыздың адал азаматы болуға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық развивающая: табиғат әлемі және бізіді қоршаған ортаға
оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын ояту.
3.Оқыту – обучающая:Шие ағашы жайлы түсіндіру, тапқақты жаттау, мазмұнын
түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: үнтаспа, суреттер,
аспанда болатын және жерде болатын денелер.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: ағаш дерево, шие –
вишня
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Балалар біз бүгін қызықты саяхатқа шығамыз.
Айтыңдаршы біз қайда өмір сүреміз? Біз нені басып жүрміз?
Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар? (аспан, ғарыш)
Дұрыс балалар. Балалар біз бүгін аспан әлеміне саяхатқа барамыз.
Аспан әлеміне немен баруға болады?
Кәне, барлығың еркін отырып, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа аспанда ұшып
жүргендей болып елестетіңдер (үнтаспадан музыка әуені естіледі).
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.
-Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер
сол Жер ғаламында өмір сүреміз.
Балалар ғарышқа кімдер ұшады?
Ғарышкер ғарыш кемесімен ғарышқа ұшатын, аспан әлемін зерттейтін адам.
Билингвалдық компонент: ғарыш – космос, ғарышкер – космонавт
Суретпен жұмыс:
Дүниежүзінің ең бірінші ғарышкері ЮРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ ГАГАРИН.
Балалар егеменді ел тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қазақ ғарышкері-ТОҚТАР
ӘУБАКІРОВ
Екінші қазақ ғарышкері-ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ. Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек
болу үшін, білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
-Балалар сендер өскенде ғарышкер болғыларың келе ме?
Бүгін біз ақын Жақан Смақовтың «Мен ғарышкер боламын» деген өлеңімен
танысамыз.
Аспан, аспан арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын.
Мен ғарышкер боламын.
-Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
-Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі
деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсету). Олар ғарышқа ұшып барып,
аспан әлемін зерттейді.
Билингвалдық компонент: зымыран - ракета
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз.
Қарлығаштай самғаймыз.
Мына суретте ғарыштағы адам,ол үстіне арнайы киім скафандр киген. Ғарыш
кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге
болады.
Ойын: «Жұлдызды аспан әлемін құрастыру»
Ойын шарты: балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын
денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай
аспанда т.б.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар біздің аспан әлеміне саяхатымыз аяқталып қалды. Қайтатын уақытта
жақындады. Енді біз Жер планетасына ораламыз (балалар көздерін ашады).
-Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?
-Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері кімдер?
-Ғарышқа немен ұшуға болады?
Балаларды мадақтау.