Сценарий "Менің Президентім!"

№29 «Арай» МДҰ
« Менің Президентім!»
Дайындаған:ортаңғы топ тәрбиешісі
Ещжанова Жанар Сагынышовна
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: Менің Президентім!
Мақсаты: Балаларға өз елінің Президенті туралы мағлұмат беру. Елін сүюге,
патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді
балалар!
Тәрбиеші: Бүгінгі күн Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа
арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.
Әнұран айтылады.
Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы
облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы
кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал
бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын
жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет
тұтты.
Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Тәрбиеші:
«Көбелектер» тобының орындауында ән «Отаным».
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран
бекітілді.
«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Кез-
келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады.
Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек
Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.
Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік
болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен
қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.
Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның
қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл
түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз
«Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды
арқалап тұр.
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне
енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран
бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.
Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-етр. Жалаудың жобасын жасаған –
суретші Шәкен Ниязбеков.
«Ертегілер» тобының орындауында «Қазақстан» әні.
Тәрбиеші:
Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
Нұрсұлтан бар деп, нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
Тәрбиеші: «Ересек» тобының орындауында ән - «Ағатайым-ай!».
Нұрсылтанға рух берген - кәрі тарих парағы.
Дара шыңы қазақтың,
Дана басып тудың, халық – алыптан.
Топырағы ол туған жердің киелі.
Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндік, бауырлар,
Басшымыздың бүгін туған күні деп.
- Балалар, бүгінгі сабағымызды «Жаса, Қазақстан!» әнімен аяқтайық.
Ән: «Жаса, Қазақстан!»
Балалар, Елбасы күніне арналған тақырыптық сабақ аяқталды.