Конспект урока "Менің – Отаным Қазақстан"

Сабақтың тақырыбы:Менің – Отаным Қазақстан.
Сабақтың мақсаты:.
а/Білімділік: Оқушыларға Отан деген ұғымды түсіндіру.Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
ә/Дамытушылығы:Сөздік қорын, ойлау, жүйелеу,өздік ойын пайымдау білуін дамыту.
б/Тәрбиелігі:Өз Отаныны сүюге, елжандылыққа , қорғауға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, тірек сызба.
Түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жұмбақтар, Венн диаграмасы.,бақылау күнделігші, Қазақстан табиғатын, жануарлар дүниесін, өсімдік
жамылғысын бейнелейтін суреттер.
І.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін...
Ал екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе Отан дер ем!
(М.Мақатаев)
2.Үй тапсырмасы. «Бізден сұрақ, сізден – жауап».
а/ Денені қалай шынықтыруға болады?
ә/ Суретте қандай ойын түрлері бейнеленген?
б/ Тағы қандай қысқы, жазғы ойын түрлерін білесің?
в/ Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Тест жұмысықушыларға топшама таратылып беріледі.
1.Табиғат затын ата.
а) ағаш ә) доп б) парта
2.Табиғат құбылысын ата:
а) ауа ә) тау б) жел
3.Білім тәрбие беру мамандығын тап.
а) дәрігер ә) мал дәрігері б) мұғалім
4.Жыл мезгілі нешеу.
а) 6 ә) 4 б) 5
5.Бұл жануарлардың қос мекенділер тобын ата:
а) сиыр ә) қоян б) бақа
ІІІ.Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту.
Жұмбақтар:
1...................................
...............................
(Орамжапырақ)
2.Өзі үлкен жануар.
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)
3. Әдемі түнде
Мен жүрсем жүреді бірге
(Ай)
4.Жалт-жұлт етер,
Жер бетіне жетер.
( Найзағай)
Жұмбақтар шешілген соң алғашқы әрпі арқылы сөз құрату.
(Сөзі:Отан)
Балалар Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Отан
ІІІ.Жаңа сабақ. «Менің – Отаным Қазақстан»
Оқулықпен жұмыс.
1.Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.
2.Тізбектей оқыту.
Отан- адамның туып-өскен және тұратын жері.Адам ауылда, селода, қалада дүниеге келуі мүмкін.Ата-анаңның үйі – сенің өмірге
келіп, ержеткен үйің.Отан от басынан басталады.Ал сенің ең үлкен нағыз Отаның – Қазақстан.Ол – Қазақстанда тұратын барлық
халықтардың Отаны.
Қазақстан үлкен ел.Мұнда өзен, көл, орман, жазықтар, таулар бар.Қазақстанда ауылдар мен қалалар көп. Кең-байтақ жерімізде
Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан.
Қазақстан өсімдіктер мен жануарларға бай.Бұл байлықтың бәрін халық пайдаланады.
Тауда қарағай мен шырша, жеміс-жидек өседі.Онда барыс, арқар, аю сияқты түрлі аңдар тіршілік етеді.Орманда емен, үйіңкі,
қайың,қарағаш, терек ағаштары бар.Жазық далада қызғалдақ, қоңыраугүл, беде,жалбыз,селеу, және басқа да өсімдіктер өседі.Ал
жануарлардан қасқыр,түлкі, қоян, киік, құлан, қарақұйрық тәрізді аңдар жүреді.
Біздің Отанымыздың жері өте бай және әдемі.оны қорғай білуіміз керек.
Отан деген –атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,
Отан – үлкен.
Қазақстан туған ел.
(Ермек Өтетілеуұлы)
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.Сен қайда тұрасың?
2.Отан туралы өлеңді жаттап ал.
3.Отан деген не? Түсіндір.
Күрделі тапсырма.
4.Суретке қарап, Қазақстан туралы әңгіме құрастыр.
5.Сен Қазақстан туралы тағы не білесің?
Дәптермен жұмыс.
1.Ауа райын анықтайды.
«Менің Отаным Қазақстан» тақырыбына сурет салады.
Сергіту сәті: (2 рет қайталау)
Отан - сенің ата-анаң
Отан - досың бауырың
Отан - өлкең Астанаң
Отан – аудан ауылың.
Зертханалық жұмыс. Венн диаграмасы.
Менің елім Менің отбасым
«Туған жердей жер болмас!
Туған елдей ел болмас» - дегендей
Мен сендерге өз жерін қорғап қалған хан туралы аңыз айтып берейін.
Ерте, ерте ертеде біздің елді бір ақ көңіл, ақылды хан басқарыпты.Көрші қытай елімен тату тұрыпты.Сол себепті ол кедергі көрмей,
еліне сыйлы болыпты.Күндердің күнінде көрші қытай елімен тату тұрыпты.Сол себепті ол кедергі көрмей,еліне сыйлы
болыпты.Күндердің күнінде көрші елден атой салып елші келіпті. «Уа, алдияр, мынау елдің хабары.Мұны естіп денем мұздап
барады.Көршіңіз «Егер менімен тату болам десе, ең жүйрігін берсін!» - деп талап қойып отыр дейді.
Өз елінің тыныштығын, тірлігін, екі
елдің бірлігін қалаған хан,көп жүйріктің ішінен ойланбастан дүлдүлін таңдап береді.бірақ ханның бұл шешіміне билер ренжиді. «Жоқ,
жоқ ештеңе ренжімеңдер.Ел бірлігі жолында, бір жүйрікті қидым.Байлықтан опа таппаймыз.Еліміз тыныш болса, бір
жүйріктің орнына,жүз жүйрік келеді» , - деген екен ақылды хан.
Арада біраз уақыт өткен соң көрші елден тағы келеді. «Уа алдияр көршіңіз менімен тату болам десе, сүйген жарын берсін» - дейді.
Бұл хабарға хан өте қиналады.Өзінің әйелін қимай хан көп ойланады.Өз елінің тыныштығын ойлаған хан ақыры адал жарын көрші
ханға сыйлапты...
Елім, туған жерім,
Халықым-жұртым,
Елбасым- елордам
Отбасым,
Туған үй, бауырым,
баспанам,
әке-шешем
Қамқорлық
Ана тілі
Мақтаныш сезім
Ханның бұл шешіміне ел ішіндегі билер тағы наразы болады.Бірақ хан «Айтқан сөздеріне, әрине, таласым жоқ.Егер тыныш болса
елмен елдің арасы, адал, сұлу жар табылар шамасы» деген екен
Уақыт зымырап өтіп жатады.Бір күні көрші елден суық хабар тағы келіп жетеді. «Уа ,алдияр, көрші хан, егер елдің тыныштығын
қаласа, қасиетті туып-өскен жерінің бір бөлігін кесіп берсін « дейді.Мұндай сұмдықты естімеген хан ашуға мінеді.Бұл қорлыққа
шыдамаған хан ойланбастан шешім айтады.
«Халқым менің! Қасиетті туған жердің топырағын, алтын кенін үшін көрші елге соғыс ашамын.Жиналыңдар бәрің де!» деп
жарлық береді.Бұл жарлықты естіген билер «Ұлы әміршім, көрші хан жүйрігің мен жарыңды сұрағанда, ойланбастан беріп
едің.Асылыңды үн-түнсіз бергенде, шағын жеріңді қорғағаның қалай?» дейді. «Менің жүйрігім мен жарымды көршіге үн-түнсіз
бергенім, олар менің өз меншіктерім.Ал қасиетті жер-сонау ерте заманнан ата-бабаларымыздың кіндік қамы тамған, найзаның ұшымен,
білектің күшімен қорғаған халықтың жері.Туған жеріміз менің меншігім емес,ол келешек ұрпақтікі, елімдікі.Қасиетті ханның осы
салмақты сөзі сол сәтте ел ішін аралап кетіпті,аңыз осылай аяқталады.Міне, содан бері біздің жеріміз атадан балаға мұра болып бізге
жеткен екен. Балалар, ата-бабаларымыз ұрпағы үшін елін, жерін осылай қорғаған.Сендер де қасиетті жерімізді, елдік белгіміз көк
байрағымызды жоғары ұстаңдар!
Енді Отан дегенді қалай түсінесіңдер?
Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
1.«Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы»
2. «Отан - оттан да ыстық.»
3. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһар.»
4. «Отансыз адам –ормансыз бұлбұлмен тең.»
5. «Ел іші – алтын бесік».
6. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»
7. «Туған жерге туыңды тік.»
8. «Сағынған ел елін аңсайды.
Сары ала қаз жерін аңсайды.»
Шығармашылық тапсырма.
Ойын: «Тыныс белгісін тап»
Бұл ойынды хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемді оқып болғаннан кейін ойнату тиімді.
Оқушылар кестеде берілген сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін тауып қоюы қажет.Кестенің үлгісі:
Мектептен келдім
Қызым, атың кім
Отаным қандай тамаша
«Тез ойлан»
Орны ауысып берілген сөздер бойынша сөйлем құратып, оның қандай екенін тапқызып, тиісті тыныс белгісін қойыңдар.
Біл, Отанды, Сүйе, Ардақтап.
Отанды ардақтап, сүйе біл!
Сабақты қорыту: «Мозайка құрастыру».
Оқушылар буыннан сөз құрайды және сурет құрастыру.Оқушылар құраған сөздерін оқиды да, ал сурет құрастырған суреті
айтады..Оқушыларды бағалау.
1.Біздің Отанымыз қай Республика?
2.Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
3.Елордамыз қай қала?
4.Елбасы кім?
5.Мемлекеттік рәміздерін атаңыздар. 6.Туда не бейнеленген? 7.Тәуелсіздік күні қай күн? 8.Біздің туған жеріміз қай қала?
гшнгшнгщгш