Конспект урока "Мен және менің полицейім"

Мен және менің полицейім.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы
жауапкершіліктерін арттыру, ұйымшылдықпен тәртіптіліктің тиімді
жолдарын таба білу. Полиция қызметкерлерінің қызметін бағалай және
түсіне білуге, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік нақыл сөздер.
Барысы:
Мұғалім
- Мемлекеттік бас құжат қалай аталады? Конституция
- Заң дегеніміз - қоғамның негізгі тірегі. Қоғам дегеніміз - мына біздер.
Ата Заңымыз - еліміздің рәміздердің бірі. Сондықтан заңды елдің туы,
әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу - біздің парымыз.
Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар,
өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті
уақтылы орындалудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі
деп білімуімізге болады. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына
бағынуға міндетті.
Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін,
денсаулығын ,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң - бір мың тоғыз
жүз қырық сегізінші жылы оныншы желтоқсанда қабылданған «Адам
құқығының жалпыға бірдей деккларациясы» деп аталады.
Бүгін бізде қонақта мектебіміздің инспекторы бұл кісінің міндеті
Заңымыздың орындалуын қадағалау. Қазір сөз кезегін осы кісіге берейік.
Нақыл сөздерді талдау «Заң адамды бағындырады», «Біреудің нәрсесін
ұрлаған адам о дүниеде ден тозаққа түседі». «Тәрбиелі - тәртіптің құлы,
Тәртіпті-елдің құлы».
Менің құқығым - Әрбір бала бір-бір құқықтан айтады. Сен өз құқығың
туралы не айтар едің - Әр баланың өмір сүруге құқығы бар. - Әрбір адамның
білім алуға құқығы бар.
Бала құқығының қандай түрлері таныс?
- Дәрігерлік көмек тегін алуға.
- Дербес ойға ие болуға.
- Қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға құқылы. Күнделікті өздерің
қолданып жүрген құқықтарыңды ата.
- Мен тәртіп бұзбауға құқықтымын.
- Мен мұғалімді тыңдауға құқықтымын.
-Мен ата-анаға көмек беруге құқықтымын.
-Мен табиғатты қорғауға құұықтымын.
-Мен құстарға қамқорлық жасауға құқықтымын.
-Мен өзенде шомылуға құқықтымын.
-Мен туыстарға баруға құқықтымын.
-Мен қалаған спортпен шұғылдануға құқықтымын
-Мен өнермен айналысуға құқықтымын.
-Мен дем алуға құқықтымын.
-Мен театрға баруға құқықтымын.
Мұғалім:
Әрбір азамат құқықтарын пайдаланып қоймай өз міндеттерін де білуі,
орындауы керек. ҚР азаматтарының міндеттері. Заңдарға бағыну.
Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Табиғатты және табиғат байлықтарын
сақтау. Мектепте білім алу. Қазақстан Республикасын қорғау. Ал азаматтар
өз міндеттерін дұрыс орындамаса ол құқық бұзушылық болып табылады.
Балалар, құқық бұзушылық дегеніміз қылмыс екен. Тәртіп бұзушылықтың өзі
қылмысқа апарып соғады. Қандай бала тәртіп бұзады? Әрине тәртіпсіз бала.
Ал тәртіпсіз бала қандай?
Тәртіпсіз бала - ұрыншақ, себепсіз сабақ қалдырады, өтірік айтады,
ұрлықшы, ата-анасын, ұстазын, үлкенді тыңдамайды , жат қылыққа бейім,
төбелесқұмар, балағат сөзге үйір.
Тәртіпті бала-сүйініш, төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш, төмендеп басың кетеді.
Ұрыншақ бала жанында ұрыс пенкеріс, айқай-шу.
Ұстамды бала маңынан ұнамды табасың.
Қорытынды
«Ата Заң - қорғанымыз. Азамат жолы-ар жолы» - деп Бауыржан Момышұлы
айтқандай ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығыңды да, өзгенің құқығын да
бұзбай еліміздің ақылды ұлы бол.
Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойыңдағы бар қабілетіңді
тек жақсылыққа бағыттай біл. Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан.
Сен ел үшін керексің, өйткені сен-тәуелсіз елдің болашағысың!