Конспект ОУД "Шар"

Ортаңғы топқа ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения: 19.09.2018.
Тәрбиеші/Воспитатель: Бижанова П.Г.
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным.Познание
Пән/Предмет: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Деніміз сау болып өсеміз!»
Тақырыбы/Тема: «Шар»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: денсаулық сақтау қағидаларына тәрбиелеу.
Сыпайылықтың қарапайым дағдыларына тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: гигиеналық шараларды дұрыс сақтау,
денсаулыққа пайдалы дәрумендер жайлы білімдерін дамыту. Күзгі табиғат
көріністерін танытып, рухани дүниесін байыту, геометирялық пішіндер
жайлы білмдерін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Балалардың денсаулық – зор байлық жайлы
білімдерін бекіту. Айналадан шарға ұқсас геометриялық пішінді заттарды
ажырату, ұқсас заттарды табу.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық
сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, жұмбақ жасыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: слайд,
геометриялық пішін суреттері.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: шар – круг - a
circle
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Балалар бүгін бізге ерекше қонақ келеді. Ендеше мен
сендерге ол туралы бір өлең айтып берейін.
Сөйлемейсің сен неге?
Тілің жоқпа қуыршақ.
Жуынбайсың сен неге ?
Кірің жоқ па қуыршақ.
Аңқаусыңба қуыршақ,
Жалқаусыңба қуыршақ.
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Ой,балалар тыңдаңдаршы, біреу есікті қағатын сияқты. Қәне, есікті ашайық.
Қараңдаршы балалар,бізге «Қуыршақ Барби» қонаққа келді.
Бүгін қуыршақ Барбидің туған күні екен. Барби қуыршақ өзінің туған күнін
сендермен бірге атап өткісі келеді екен. Балалар біз бүгін Қуыршақ Барбиге
өзіміздің көктем туралы білетіндерімізді айтып берейік.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Көктем мезгілі бейнеленген слайдтарға назарларын аударады. Ауа райы,
көктем құбылысы туралы сұрақтар қойып, түсіндіремін.
Дұрыс айтасыңдар. Қар еріп,жылғалардан су ағады. Жылы жаққа ұшып
кеткен құстар ұшып келеді. Көктемде күн жылынады, жылы жел соғады.
Балалар, бізге көктем жаршысы – жылы жақтан ұшып келетін құстың бірі
қарлығаш. Ол әлемге көктемнің келгенін хабарлап жүр. Біз оған көктемнің
суретін жинап қоржынына салып берейік.
Мына суреттердің ішінен көктем мезгілі бейнеленген суреттерді таңдап
алындар.
-Көктем мезгілі екенін қандай белгілері арқылы білдіңдер?
Жеке жұмыс: Айару сенің суретіңде не бейнеленген?
Сергіту сәті:
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Көктемде табиғатта ғана емес жануарларда да өзгерістер болады. Балалар
мына суретке қараңдаршы орманда нелерді көріп тұрсыңдар?
Мынау қандай аң?
- Қыста аю не істейді?
- Қай мезгілде ұйқысынан тұрады?
Балалар біз аюға тақпақ айтып, оны ұйқысынан көңілді оятайық.
Тірек-сызба бойынша тақпақ айтқызу.
Қар еріді, су ақты
Күндер туды шуақты
Байтақ дала келбеті
Түкті кілем сияқты
Балалар біз табиғатты қорғап, табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек.
Көктемде адамдар да еңбек етуге далаға, егіс даласына шығады. Адамдар
еңбек ету арқылы дамып жетіледі . Көптеген еңбектердің түрлері бар.Сол
еңбектің бірі көктемгі еңбек.
Балалар көктемде ерінбей еңбек етсек ауылшаруашылық өнімдерімізде мол
болады.
Балалар көктемде сендер еңбектің қай түрімен айналысасыңдар? Мысалы:
ауланы тазалаймын, құстарға ұя жасаймын.
Тіл ұстарту жаттығулары
Тем-тем-тем
Келді көктем
Шек-шек-шек
Шығады бәйшешек
Ойын сөйлемді жалғастыр:
Көктемде--------------күн жылынды
Құстар-------оралды.
Қар------------ ериді
-Көктемнің алғашқы гүлін қалай атаймыз? Бәйшешек — қар астынан
қылтиып шығатын көктемнің алғашқы гүлі. Бәйшешек сары, ақ түсті
болады.
Билингвалдық компонент: бәйшешек- подснежник
Балалар біз құрастыру сабағында жасаған бәйшешек гүлдерін Барби
қуыршағына туған күніне сыйға тартайық.
Балалар гүлдерді сыйға тартады.
Барби қуыршақ: Жарайсыңдар балалар! Сендер көктем мезгілі туралы
білімдерің мол екен. Сыйлықтарың үшін көп рахмет, келесі кездескенше сау
болыңдар!
3.Қорытынды/итоговая часть:
Ал, енді, осы айтқандарымызды іс жүзінде көрсетейікші, балалар. Қане,
ортаға жақындайық.
Ағашта нелер пайда болады? (ортаға ағаш қойылады)
- Жапырақтар пайда болады. (3 - 4 бала жапырақты қыстырады)
- Нелер ұшып келеді?
- Құстар ұшып келеді.
- Құстар қайда қонады?
- Ағаштың бұтағына қонақтайды. (3 - 4 бала құстарды отырғызады)
- Көк шөп қайда өседі?
- Жерде (2 - 3 бала әкеліп қояды)
- Бұның бәрі қай мезгілде болады?
- Көктемде.
Балаларды мадақтау.