Конспект занятия "Сүт қалай ұйықтады? О. Әубәкіров" 2 класс
Күні: 10.02.15ж
Сыныбы: 2 «В»
Пән мұғалімі: Қойшығұлова С.Т.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? О. Әубәкіров
Сабақтың мақсаты: 1. Оқу, түсініп оқу арқылы адамдық қасиеттерге
үйрету, сүт тағамдарын білу.
2. Тапқырлыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Жаман қасиеттерден жирену, ұйқышыл болмауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: топтастыру әдісі, сұрақ-жауап, топпен жұмыс,
мақал-мәтел.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: автор портреті, слайд.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа
аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу. Топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Салақтық әңгімесі бойынша сұрақтар.
ІІІ. Білімдерін тексеру. «Бұл кім?» ойыны
(Ақын, жазушылардың суреттері.)
ІV. Жаңа сабақ: мақтаншақтық арызқойлық
ұйқышылдық
ұрысқақтық
өтірік айту ұрлық
өсек айту
Жаңылтпаш айту.
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.
Автормен танысу. Оспанхан Әубәкіров. 1934жылы Алматы облысы
Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1986 жылы қайтыс болған. Ақын,
сықақшы.
Оқулықпен жұмыс. Оқыту.
а) Автор ертегіден ненің әрекетін суреттеген?
ә) Бір күні сүтке не болыпты?
б) Ел-жұрт қалай қайран қалады?
в) Ұйықтамаймын деп сүт қандай күйге ұшырайды?
г) Сүттің аянышты халін кім байқады?
ғ) «Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты» деген жолдың мағынасын қалай түсінесің?
Топпен жұмыс. 1-тапсырма
1-топ: Ертегіге қатысты мақалды тап.
2-топ: Ертегіде сүттің әрекетін білдіретін сөз тіркесін тап.
Жаман
әдеттер
3-топ: Ертегідегі елдің сөзін тауып әуеніне сай оқы.
4-топ: Мәтіндегі негізгі ой айтылған жолдарды тап.
2-тапсырма
1-топ: Берілген буындардан сөз құрап жаз.
2-топ: Сүт тағамдары топтастыру.
3-топ: Мақал-мәтел
4-топ: Сүттің пайдасы
V.Қорытындылау. Не білдің? Қандай ой түйдің?
Ұйқы деген дұшпан бар,
Тұла бойды талдырар
Жолдан, істен қалдырар.
VІ.Үйге тапсырма. Ертегіні мәнерлеп оқу. Бағалау.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Презентация "Духовно - нравственное воспитание младших школьников в рамках реализации ФГОС"
- План - конспект урока "Русская народная сказка «Белые пёрышки»" 2 класс
- Технологическая карта урока "Теңдік және теңсіздік" 1 класс
- Мероприятие "Еліміздің еркіндігі тәуелсіздік" 1 класс
- Конспект занятия "Ы. Алтынсарин. Өнер, бiлiм бар жұрттар" 3 класс
- Сценарий "Берекелі күз" 3 класс