Классный час "Бәрін білгім келеді"
Бәрін білгім келеді.
Мақсаты: Оқушылардың интеллектік ақыл-ойын дамыту.
Білімге деген құштарлығын арттыру.
Тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Таңғы шеңбер.
Бүгін сабағымыз жарыс түрінде өтеді. «Бәрін білгім келеді» атты
интеллектуалдық ойынымызды бастаймыз.
Ойын мынадай бөлімдерден тұрады:
1. «Кел, танысайық»
2. «Кім ойлампаз ?»
3. «Кәне, жұмбақ шешейік»
4. Бәйге.
5. «Шеберлер сайысы»
Ойынымыз әділ болуы үшін, әділ-қазыларды сайлаймыз.
І. Бөлім: «Кел, танысайық»
І – топ. Ботақандар.
Ұраны: Ботақанбыз маң басқан
Жұлдызбен таласқан
ІІ – топ. Қошақандар.
Ұраны: Қошақанбыз момақан
Жарысқа бүгін жол ашқан.
ІІ. Бөлім: «Кім ойлампаз ?»
Жылдам сұрақтарға жауап беру.
1) Жылдың төрт мезгілін ата.
2) Қазір жылдың қай мезгілі ?
3) Бір жылда неше ай бар ?
4) Бір аптада неше күн бар ?
5) Артық затты тап (Ұшақ)
6) Артық затты тап (Құс)
ІІІ. Бөлім: «Кәне, жұмбақ шешейік»
1. Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
2. Өзі бір қу
Жүрген жері айғай да шу. (түлкі)
3. Жапалақтап жауады,
Жердің бетін жабады.
Бұл не аппақ матадай ?
Кәнекей, кім табады ? (қар)
4. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)
ІҮ. Бөлім: Бәйге.
Математика 4 сұрақ
Сауат ашу 4 сұрақ
Мультфильмдер елінде 4 сұрақ
Менің Қазақстаным 4 сұрақ
Математика
1 сұрақ: 1 ден – 10 ға дейін тура сана
2 сұрақ: Қандай фигуралардан құралған (үшбұрыш, тік төртбұрыш,
дөңгелек, шаршы)
3 сұрақ : Есептер шығару:
3 + 2 = 5
6 – 4 = 2
1 + 0 = 1
4 сұрақ: Логикалық есеп.
Қолымда 5 алма, табақта 2 алма. Қосқанда барлығы болады неше
алма ? (7 алма)
Сауат ашу.
1 сұрақ: Дыбыстар нешеге бөлінеді ?
2 сұрақ: Сөздерді буынға бөліп оқу
Алма, орамал, үкі, балға, тас, лақ, шаша, қалам, қой.
3 сұрақ: Доп сөзімен сөйлем құрастыр.
4 сұрақ: Төрт түлікті ата.
Мультфильмдер елінде.
1. Кунфу Панда
2. Мадагаскар
3. Шрек
4. Винни Пух
Менің Қазақстаным.
1 сұрақ: Ел ордасы қай қала ?
2 сұрақ: Біз қай облыста тұрамыз ?
3 сұрақ: Қазақстан Республикасының президенті кім ?
4 сұрақ: ненің суреті бейнеленген ? (Ту, Елтаңба)
Ү. Бөлім: «Шеберлер сайысы»
Көрермендер ойыны.
1. Қарама – қарсы мағыналы сөздер
Үлкен –
Ұзын –
Жоғары –
Жалпақ –
Биік –
Қалың –
Артық –
Алыс –
2. Бұл ертегіде кімдер, нелер өмір сүреді ? (бауырсақ ертегісі)
3. Дөңгелек шарлар қайсысында көбірек ? (5, 7)
Сергіту сәті.
Би билегім келеді,
Бірақ, қалай бастаймын.
Бір анда, бір мында,
Өзімді – өзім айналам. 2 р.
Бас аяқты топ-топ-топ.
Шапалақта хоп-хоп-хоп.
Бір анда, бір мында,
Өзімді – өзім айналам. 2 р.
Музыкалық нөмір.
Ән: Астана. Орындайтын Асыл
- Ал, қазір ортаға әділ-қазылар алқасын шақырайық.
Әділ – қазылар алқасының шешімімен
1 топ - орын.
ІІ топ - орын
Мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қорытынды. Бағалау.
Ж ж дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ж дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген
сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, ауызекі және жазбаша сөйлеу
дағдыларын жетілдіру.
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, табиғатқа зиян келтірмеуге
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Талдау, сұрақ-жауап, ізденіс.
Көрнекілік: Оқулық, әріптер, дидактикалық материалдар.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қарсы алайық, достарым,
Келді қонақтар бізге.
Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап арқылы.
Ыдыстар беріліп сол бойынша айтып өтеді.
Қандай дыбыс естідік ?
Ы дыбысы
Дауысты ма, дауыссыз ба ?
Дауысты.
2. Топ бойынша жарыс.
Жаңа сабақ. Ой қозғау. Жұмбақ жасыру.
1. Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады. (Жапырақ)
2. Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбатты жан шыдамас үндері бар.
Шаршы бой, сұлу құйрық, қысқа құлақ,
Кететін зиян қылып бір жері бар. (Жолбарыс)
3. Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
4. Түн шымылыдқ ашқанда,
Жымыңдайтын аспанда.
Көп шырақтың аты не
Қайсы әріптен басталған ? (Жұлдыз)
Осы жұмбақтардың жауабы қай әріптен басталады ?
Ж – әрпі мен дыбысы.
Суретке қарайық.
Сәлем, қоңыз !
Ж- ж – ж. Сәлем құмырсқа !
Қайдан келесің ?
Ж – ж – ж . Егістен, балаларыма тамақ әкеле жатырмын .
Балалар, қоңыз қандай дыбыс шығарады екен ?
Ж – ж – ж .
Бүгін өтетін әріп Ж
Ж – қандай дыбыс ?
Ж – дауыссыз дыбыс.Созылып айтылмайды, кедергіге ұшырап
шығады.
Ж – дыбысы тағы қандай сөздерде кездеседі ?
Кім көп біледі ? (ойын)
Жолбарыс, жылқы, жылан, жапалақ, жүзім, жұмыртқа, жол, жазу, жалау.
Оқулықпен жұмыс.
Сөздерді буынға бөліп оқимыз.
a) Жа – ға Жаса Жалау Жан-тақ Жуас
Жа-сау Жу-сан Жу-ан
ә) Мәтінмен танысу «Жусан»
Мәтінді оқып түсіндіру. Әңгіменің мағынасын ашу.
Ж дыбысы дұрыс дыбыстануы үшін буындарды атай отырып, сөз ойлау.
Жа – жа – жақсы.
Же – же – жеміс.
Аз – аз – жаз.
Жу – жу – жуас.
Сергіту сәті: Жел соқты гу – гу.
Жаңбыр жауды тырс – тырс
Жаңбыр басылды
Күн ашылды.
Дәптермен жұмыс. Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық
Түп-түзу болып отырып
Көркем етіп жазайық
Ж-ның жазба түрін таныстыру
Ауада жазып үйренеміз
Дәптерге жазамыз
Үнемі қатесіз әдемі жазуларын қадағалап отырамын.
Үлестірмелі карта бойынша жұмыс.
«Буында жалғастыр» ойынын ойнату.
-ман Тақтада оқушылар
- ңа -сыл шығарып, жазуды
ана, ал, апа, ара
- лын -сық ала, доп, мал, бала
сана, шыны
Қорытынды: - Балалар, бүгін сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар ?
Бағалау: Мадақтау.
жа
Кітап – рухани сарқылмас қазына.
Мақсаты:
Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы
берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғымы
мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген
қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі:
Оқу-білім туралы айтылған сөздер жазылған плакаттар. Балалар
ақын-жазушыларының суреттері.
Барысы.
І-бөлім.
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Кітап та алма ағашы,
Жемісін берер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітаптың әр бетін, - деп Мұзафар Әлімбаев атамыз
жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани
қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде – ақ бүкіл адамзат
өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге
мен тәрбие аламыз. Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау,
алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады , білімді
мыңдыжығады» деп бекер айтпаса керек.
1 – оқушы:
Кітап заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн
сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани
дүниелерді оятып, ертегі, әңгімелермен сыр шертіскен кітап біздің ең жақын
ақылшымыз.
Мұғалім: Балалар ортамызға кітапты шақырайық.
Кітап: Балалар, мен білім көзі – кітаппын. Мені жасау үшін адам баласы
көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға
апарады. Фабрика ол ағаштардан қағаз шығарады. Содан соң авторлар
жазады, суретші ағайлар сурет салады. Баспахана жазулар мен суреттерді
басып шығарады.
Мұғалім: Кітап, ендеше сен бүгін бізде қонақта болып балалардың өнерін
тамашалап қайт.
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең емес оған жиған мүлкі.
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ой қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысаң кітап сырын ашып терең.
Қазақстанның азаматтары білімді, мәдениетті және өнерлі болуы керек. Ол
үшін терең білім, ғылыми жаңалықтар, өткен тарихымызды, өнерімізді білу
үшін кітаппен тынымсыз еңбек етеді.
1 – оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Орманшының аялы,
Алақыны өсірген,
Сонау ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген.
2 – оқушы: Ағаш кесіп қанша адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған
Ағаш тиеп үнемі.
Машинист болып жасынан,
Дүбірлетіп даланы.
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.
3 – оқушы: Заводтарда күн-түні,
Қағаз жасап бағады.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып,
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
4 – оқушы: Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
5 – оқушы: Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін.
Білмейсің-ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
Оқулығың құралың,
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
6 – оқушы: Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
Мұғалім: Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді сүюге,
талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап
жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады.
Кітапты біздің қоғамымызда әрбір адам күнделікті тұрмысында
қолданады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап - біздің
рухани жан азығымыз.
Балалар, бүгін бізге мектебіміздің кітапханашысы келіп отыр. Ол кісі
қазір сендерге кітапханаға келіп түскен оқулықтар мен әдеби кітаптарды
таныстырып өтеді.