Конспект занятия "Бәрін білгім келеді"
Ересек «Балдырған» тобындағы ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің
конспектісі.
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік»
Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»
Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді»
Мақсаттары: Балалар жыл бойы алған білімдерін тиянақтап, дұрыс жауап беруге
дағдыландыру. Ойын арқылы қабілетін, тіл байлығын дамыту. Балалардың қарапайым
математикалық ұғымдарға деген қызығушылығын артыру. Логикалық қасиеттерін дамыта
отырып, шыдамдылыққа тәрбиелеу..
1)Тәрбиелік: Суреттін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету. Тәрбиеші
көрсеткен үлгі бойынша сөйлем құрастыру.
2)Дамытушылық: Ауа райын анықтау, киімдерін атауы, түсі. Қарыма қарсы сөздерді
пайдалануға үйренеміз ( ыстық – салқын, үлкен – кіщкентай).
3)Оқыту: Дыбыстарды анық айту
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Сурет: Жыл мезгілдері, түрлі – түсті шарлар
Билингвальдік компонент: Жыл мезгілдері – времена года, түрлі – түсті шарлар –
цветные шарики.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1)Ұйымдастырушылық кезені:
Шаттық шеңбер
Арайланып таң атты,
Алтын шуақ таратты
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы таң қонақтар
Ата – аналар қонаққа келеді. Өздерімен бірге түрлі – түсті шарлар алып келеді.Ішінде
тапсырмалар болады.
2)Негізгі бөлімі:
Қонақтар келеді,өздерімен бірге түрлі-түсті шар алып келеді
Балалар мынау шарлардың түстерін ажырата аласындар ма?Ал шарлардың түстері қай
жыл мезгілдерін білдіретінің білесіндер ме?
Ақ түсті шарды көрсетіп, қай жыл мезгілін білдіретінің сұрау?
(Шар жарылады ішінен тапсырма шығады.)
Қыс туралы тақпақ айту
Қыста неше ай бар?
Қыс айларын атандар?
Казір қандай ай?
Жарайсындар балалар енді жұмбақ шешіп көрейік.
Жұмбақ
• 1.Қыста ғана болады,
Ұстасаң, қолың тонады. Қар
• 2.Аяғы жоқ,
Қолы жоқ,
Тістеп алады. Аяз
• 3.Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. Қырау
• 4.Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ желеді, аузы жоқ, ұшады.
Боран
Жасыл түсті шарды көрсетіп,қай жыл мезгілін білдіретінің сұрау?
(Шар жарылады ішінен тапсырма шығады.)
Көктем туралы ән тақпақ
Көктемде неше ай бар?
Көктем айларын атандар?
Көктемде неше ай бар?
Кәзір қандай ай?
Жарайсыңдар балалар.Ал енді жұмбақ шешіп көріндерші
1.Таңмен көзін ашады,
Әлем нұрын шаошады күн
2.Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады жаңбыр
Жарайсыңдар ақылды тапқыр бала екенсіндер.
Енді қызыл түсті шарды жарып ішінен тапсырманы орындайық
Қызыл түсті шар қай жыл мезгілін білдіреді?
1-10-ға дейін тұра және кері санату
Есеп шығару
Сергіту сәті
Күндей болып күлеміз
Гүлдей болып өсеміз
Құстар болып ұшамыз
Көбелектей қонамыз
Енді сары түсті шарды жарып ішінен тапсырманы орындайық
Сары түсті шар қай жыл мезгілін білдіреді?
Әріптерді айтып сөздерді буындап оқу
Ақ түсті шар қай жыл мезгілін білдіреді?
Шығармашылық: Аппликация
Топтық жұмыс Қыс қызығы
Қорытынды:
Оқу қызметін қортындылап балаларды мақтап мадақтау .
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Хатылааьын" 4 класс
- Проект "Лук - зеленый друг" 4 класс
- Презентация "Культура, обычаи, традиции русского народа" 1 класс
- Конспект урока "Числа и знаки арифметических действий. Равно, больше или меньше?" 1 класс
- Презентация "Числа и знаки арифметических действий. Равно, больше или меньше?" 1 класс
- Сценарий "И в шутку, и в серьез!" 3 класс