Сценарий "Армысың, алтын күз" 2 класс

Сабақтың тақырыбы: Армысың, алтын күз!
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу
2.Тәрбиелік: Күзгі енбек және табиғатты сүю, қорғау
3.Дамытушылық: Эстетикалық, экологиялық білім беру
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, жеміс-жидектер, плакаттар, нақыл сөздер,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. сыныпты мерекелік шараға безендіру.
3. Қонақтарды күтіп алу, мерекені өткізу.
ІІ. Күй «Ата толғауы» ойнап тұрады.
Оқушылар саппен келіп тақта алдына орналасады.
1. Бастаушы:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және осы кешке келген қонақтар! Бүгін
«Армысың, алтын күз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
2. Бастаушы:
Өрік, алма, шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр сәбіз
Қоймаларға түседі
Айтындаршы балалар
Бұл қай кезде болады? үзде/
1 оқушы:
Қуандырып біздерді
Берекелі күз келді
Мерекелі күз келді
Көбейді құт-береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз!
2 оқушы
Кездескен соң күзімен
Бұтағынан үзілген
Ай жапырақ сары алтын,
Айналанын бәрі алтын
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті-алтын күз
Кемелденсін халқымыз!
3 оқушы.
Күздің сыйын алайық
Қызығына қанайық
Күзге арнап бәріміз
Әнімізді салайық
4 оқушы
Дамылдап жатқан балғындай
Тоқтатты сулар тасуын
Ағаштар алтын жамбыдай
Шашады жерге шуағын.
5 оқушы
Жүрексіз қоян безеді
Жөңкіле қаңбақ күздегі
Қиқулап көкте жүзеді
Құстардың керуен тізбегі
6 оқушы
Күйекте күйлі мал қанша
Қырманда толы дән қанша,
Алтын күз әсем айналам
Қараймын көзім талғанша!
7 оқушы
Күн шуақта маужырап,
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшып кенет жапырақ
8 оқушы
Ой, алақай, тамаша!
Шашу шашып, жапырақ,
Бақтын іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.
9 оқушы
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық- алтын тау
10 оқушы
Тамсандырып тандайды,
Жеміс-жидек піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Жер ббетіне түседі.
11 оқушы Күз
Мен күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде
болмашыға өкпелеп көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтседе, менін
жомарттығыммен ақ көңілділігімді бәріде ұнатады.
Күз: - Рахмет! Ал балалар білеме, неге мені «алтын күз» деп атайды?
12 оқушы
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап
Мұны көріп, қалай күзді
Тенемейміз сары алтынга?
13 оқушы
Қауын-қарбыз жемістермен
Толтырамыз қол себетті
Алтын күз деп аталады
Күз айы да сол себепті
14 оқушы
Рахмет, балалар, кім күз айларын атайды?
15 оқушы
Күз айларына:
Қыркүек, Қазан, Қараша айлары жатады.
Бастаушы: Ендеше балалар! Ортаға осы кештің куәгерлерін, яғни күз айларын шакырамыз
16 оқушы
Қыркүйек:
Алтын күз! Сізбен бізге шуак шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын,
Бақпен шаттық бізге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын!
17 оқушы
Қазан:
Қазан айы басталды
Құстар қайта бастады
Туыстық адал достықпен
Жалғасып күндер барады!
18 оқушы
Қараша
Күздің қараша айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайған,
Сыбдыр-сыбдыр түседі!
Бастаушы:
Жапырақтың жауып алтын жанбыры,
Таусылмайды қоңыр күздің ән –жыры
Алатаудың шындарынан шашырап
Далама құйылады таң нұры!
ІІ. Бөлім
Күз жұмбақтарын шешеміз
Бастаушы:
Ал, балалар, балалар!
Күзді енді тындандар
Қандай жұмбақ болсада
Шешпей оны қоймаңдар
1 жұмбақ:
Іші жұмсақ, сырты қатты
Еті қызыл, сүті тәтті /Қарбыз/
2 жұмбақ
Дөп-дөнгелек доптай
Іші қызыл шоқтай
Дәмін татып корсем
Одан дәмді жоқтай. (алма)
3
Тәңертең де,түсте де
Күнге бетін бұрады
Тостағанын кішкене
Тосадыда тұрады, (күнбағыс)
4
Көктемде көктеп масағы ,
Шілдеде жайнап шашағы
Тамызда толық толықсып
Қауызын күзде ашады (бидай)
5
Тамырдан нәр тарады
Жазда жайқалады,
Күзде сап-сары боп
Жерден жай табады (жапырақ)
6
Беті де қызыл
Еті де қызыл
Дәмдері жақсы
Дәндері тапшы (қызанақ)
7
Жерге қазық қақтым
Басына айдар тақтым (сәбіз)
8
Асы көп,
Халық оны айтады,
Дәм басы деп (нан)
« ұйқасын тап !» ойынын ойнаймыз
Тақ-тақ-тақ (аяқ тарсылдатады)
Айтамыз біз не?(тақпақ)
Рақ-рақ-рақ (қол шапалақтап)
Күзде түсер не? (жапырақ)
Қол-қол-қол (қол бұлғайды)
Күзде егін (мол)
Тоқ-тоқ-тоқ (партаны тақылдатады)
Шыбын-шіркей (жоқ)
4бөлім
Ойын . жапырақтарға жазылған12 айдың ішінен күз айлары жазылған жапырақтарды кім
тез жинайды?
Бір оқушы күз айының атауын айтып жүріп жапырақтарды (қыркүйек,қазан,қараша)
Жинап алады
5бөлім
Сұрақ-жауап.
1.
Күз белгісі не?
-жапырақтар сарғаяды.
-құстар қайтады
-күн суытып, жаңбыр жауады:
-жеміс-жидектер піседі.
Астық жиналады.
2. күзді неге береке дейміз?
-күзде барлық жеміс-жидектер жиналады,егін пісіп,мал семіреді.
3. күзді неге байлық дейміз?
- піскен егін, жеміс-жидек дүкендерге түседі,семірген мал сойылып,ет көп
болады,молшылық болады.
4. күзді неге мереке дейді?
-егін жиналып ,піскен кезде,егіншілер мен жұмыскерлер өз еңбегінің жемісін
көріп,қуанады,мерекелейді “ Сабан той”жасап мейрам өткізеді.
5.бөлім. ертегіден көрініс
“ Қасқыр мен қоян” орындайтындар: Мақсат пен Тайман.
6.бөлім
«жеміс-жидектерден композиция жасау.
Қорытындылау.