Конспект занятия "Армысың, әз Наурыз!" 1 класс
Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты:
1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-
дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін
дамыту.
3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың
салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
1-жүргізуші.
Бағыма көктемменен еніп едің
Іздедім шуағыңнан көңіл емін.
Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай
Шаттанды шашуыңнан төңірегім
Көркейтсін баспасын да даланы мұң
Тербетсін табиғатты дана жырың
Қош келдің төрімізге төрлет бүгін!
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз
да келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда
еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп,
ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа
тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін
қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! 52мектеп
оқушылар дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіне қош
келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Алғашқы құттықтау сөз класс беріледі.
2-жүргізуші:
Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
1-жүргізуші:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Наурызымыз армысың!
Хор Қош, келіпсің Наурыз
1-жүргізуші:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.
2-жүргізуші
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Құтты болсын ағайын.
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Келді біздің Жаңа жыл!
1-жүргізуші:
Әр елдің салты басқа демекші, әр ауыл наурыз мерекесін өзінше тойлайды.
Қазір біз Наурыз мерекесіне арналған оқушылармыздың тақпақтарын
тамашалаймыз.
1. Мұнда назар салайық, Тлигенов Нұрислам
Уа,ағайын халайық,
Мерекесі халықтын,
Наурыз тойын тойлайық
2. Наурыз келді еліме, Тажибаева Рамина
Наурыз келді жеріме.
Байлық,бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне
3. Ұлы күні ұлыстыңҚыстаубаева Құндыз
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.
4.Наурыз тойы тамаша, Әбілұлы Жан
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
5. Наурыз тойым ,Наурыз тойым. Самғат Инабат
Құтты болсын халайық,
Қане достар,қане достар
Шырқап әнге салайық.
6.Той думанға келіңіз, Мұстапа Еркенұр
Тамашлап көріңіз.
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз.
Ендеше біздер ауылдағы наурыз мерекесі қалай өтіп жатыр екен. Соны т
амашалайық. Бізбен бірге болыңыздар.Қызыр атамызда келіп қалыпты
қарсы алайық.Қызыр баба баршамызға ақ тілек, оң батасын берсін!
Қызыр баба:
Армысыңдар, жамағат.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын! Әумин! ! !
Келесі кезек оқушылармыздың тақпақтарына берсек :
7.Наурыз келді алақай, Мутиголлаев Асхат
Кел билейік балақай.
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық.
8.Наурызбен құттықтап, Мұқанғалы Әмина
Алыс жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты.
9. Құрт,бауырсақ шашылып, Талантқызы Інжу
Наурыз тойы ашылсын,
Бір бірімен мына жұрт,
Көрімдігін асырсын.
10.Бата беріп атамыз, Исметов Аманжол
Бата беріп әжеміз.
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз.
11. Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын Арфанос Мирлан
Қайда барсаң жол болсын.
4 түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін.
1-жүргізуші:
Уа жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар
Ата менен анаң бар
Үлкен кіші ағаң бар
Наурыз тойын тойлаймыз
Бәрің бері қараңдар.Келесі кезекте қара
«Қара жорға» биін тамашалаңыздар.
«Наурыз көже» қалай жасалады?
Ата-аналарға сөз беру, наурыз көже туралы айтып береді.
.
(Ауыл бейнесі. Ортада стол, ата, әже,немересі, келіні)
Немересі: Ата осы Наурызтөл деген не?
Қызыр ата: Балам-ау Наурызтөл дегеніміз, Наурыз айында мал төлдей
бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал-
жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге
сыйға берілмейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт
күндерінде сойып, ырым етеді.
Немере: Рахмет, Ата. Келесіде біліп жүретін боламын.
2-жүргізуші:
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
Қыдыр ата: Жарайсыңдар балаларым, өнерлерің өрге жүзсін.
Жүргізуші Ата ауыл жігітерінің күшін сынайық Екі ер бала шығып күш
сынасады
2-Жүргізуші: Қызыр атадан бата сұрайық
Қыдыр атаның батасы
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты! Әумин.
1-жүргізуші:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
1-жүргізуші.
Жарқырасын Сұлужандай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!
2-жүргізуші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!Наурыз көже ішуге шақырамыз
Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда
аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар!
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Решение примеров на сложение в пределах 9" 4 класс
- Презентация "Победа далась нелегко..." 2-4 класс
- Конспект занятия "Цветы в подарок для мамы"
- Методическая разработка внеклассного мероприятия "Всё знаем, всё умеем!" 9 класс
- Конспект НОД "Когда мои друзья со мной"
- Презентация "Правила поведения летом" для детей