Конспект занятия "Қош келдің - Наурыз!"
Бәшенова Зәуреш Жылқышыбайқызы
Қызылорда облысы, Арал қаласы «Жазира» балабақшасы.
І-санатты тәрбиеші.
«Қош келдің –Наурыз!»
Мақсаты:
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Наурыз - жыл басы,
ата бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына
деген сүйіспеншілігін арттыру.
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге
тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиеші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық, мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық. Құтты болсын мереке,
құтты болсын думан береке.
Наурыз мерекесі құтты болсын «Қош келдің, Әз Наурыз!»
мерекелік бағдармамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ұлыс күндеріңіз құтты болсын.
Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн»
Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан Үлкен
кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.
Тәрбиеші:
Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз
келіп отыр.
Би: «Қаражорға»
Тәрбиеші:
Халқымыздың аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде сағат 3 - те даланы Қыдыр ата
аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп,
қос шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға
толтырып қояды, Жыл бойы дән тасқын - тасқын, ақ мол, жауын - шашын көп болсын деп
тілейді
(Музыка әуенімен ортаға «Көктем», Қыдыр ата, Наурыз қыз келеді.)
Тәрбиеші:
Қыдыр ата ортамызға келіп түр
Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп
Сәлем беріп, алақанымызды жайып
Алайық атамыздың Ақ батасын
Қыдыр ата.
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Аумин!
Наурыз қыз:
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай - тұлғалы өмірде айтылады жырымыз.
Жайнатамын гүл - гүлді
Сайратамын бұлбұлды
Мерейлі жұрт тойласын
Мейрам етіп Наурызды!
Би: «Көктемгі гүлдер»
Тәрбиеші:
Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне
Енді ортаны баршыңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу - маржан шашуға ортаға айтыскерлеріміз келіп отыр екен, ортаға
шақырайық.
Қанағат пен Дабыл айтысы
Дабыл: Дабыл ұлың мен болам.
Әке шешем мақтаған,
Жарыс десе жайнаймын
Намысымды қорғаймын.
Қанағат: Өнердің ашып есігін
Шешендік сөзбен көсілдім
Таныстырсам өзімді
Қанағат менің есімім
Дабыл: Ал Қанағат сұлу қыз
Қандай күшті бұрымың
Қасыңдағы қыздардың
Ішіндегі сұлу қыз
Қанағат: Мені мақтап не істейсің
Білем өзім сұлумын
Дайынсың ба мектепке
Соны айтып білдіргің.
Дабыл: Білім, ғылым өнерге
Қанат қағар кезім ғой
Ата – салтын ертеңге
Жеткізетін өзім – ғой
Қанағат: Ой жігітім арманшыл
Орындалсың арманың
Жұмыртқаны қақ жарып
Пілге ұқсап жатырсың.
Дабыл: Көріп тұрсың сұлуым
Жігіт деген атым бар
Болашақта халқыма
Президент болу арманым
Қанағат: Әнде айта аламын
Биде билей аламын
Өзім бала болсамда
Таудай үлкен талабым.
Бірге: Еркем , еркем еркем- ай
Еркелеген ертең – ай
Бүгін болған мереке
Болсын тағы ертең ай.
Тәрбиеші:
Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Әлия:
Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!
Кәусар:
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Наурыз тойын бәріміз,
Биыл бірге қарсы алайық.
Ұлбосын, Дәметкен.
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Мүсілім, Саяжан.
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.
Тәрбиеші:
Наурыз тойым, наурыз тойым
Құтты болсын халайық
Қане достар, қане достар
Шырқап әнге салайық.
Ән: «Қош келдің наурыз»
Тәрбиеші:
Ей балалар, балалар,
Енді маған қараңдар.
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.
Қазақтың ұлттық ойыны: «Арқан тарту.»
Тәрбиеші:
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда,
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға.
Балалар, қазақ халқының әртүрлі дәстүрлері бар, бұл халықтың мерекенің үлкен мәні
бар. Біз бүгін сол дәстүрлердің бірі «тұсау кесу» дәстүрімен танысмыз. Тұсау кесу рәсімі
сәбиді қаз тұрғаннан кейін, жылдам жүріп кетсін деген тілекпен жасалған ырым. Тұсауды
көбіне тез, шапшаң жүретін үлкен кісіге кестіреді. Ол үшін алдын ала жіп дайындайды.
Тұсау кесудің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары бар. Олар:
-Көбейіп, көгере берсін деп шөптен есіп жасаған.
-Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді.
-Адал болсын деп ала жіпті есіп жасаған.
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
«Тұсау кесу» рәсімі өткізіледі.
Тәрбиеші:
Ұлы күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда ол олжалы жыл болар – дейді халқымыз.
Бата алу рәсімі.
Тәрбиеші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Босқа қарап тұрмаңыздар. Наурыз тойы
басталды Көргендер де армандар, Көрмегендер де армандар, Қызықтан тыс қалмаңдар!
Келесі кезекті тағы да ұлттық ойынға береміз.
Бүгінгі кішкентай бүлдіршін, ертеңгі ел қорғар мықты азаматы болуы үшін оларға білек
күшін шынықтырудың маңызы өте зор. Сондықтан келесі кезекті «Күш сынасу»
ойынына береміз.
Тәрбиеші:
Наурыз тойым, наурыз тойым
Құтты болсын халайық
Қане достар, қане достар
Шырқап әнге салайық.
Ән: Құтты болсын Наурыз!
Би: «Қазақтың жігіттері»
Ұлттық ойын: «Қыз қуу»
Тәрбиеші:
Ей балалар, балалар!
Енді маған қараңдар!
Наурыз тойын тойлайық,
Қызық ойын ойнайық! – деп мерекеде түрлі ұлттық ойындар ойналады екен, біз де
қарап қалмадық. «Ханталапай» ойынын ойнауға балаларды ортаға шақырайық.
Ойын: «Ханталапай»
Тәрбиеші:
Жасай берсін жаңа күн.
Туа берсін жаңа жыр!
Дүр сілкінтсін дала бір.
Құтты болсын жаңа жыл!
Құтты болсын Наурыз той! – дей, отырып, осымен мерекелік ертеңгілігімізді
аяқтаймыз.
- Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір!