Конспект урока "Cәлем Наурыз"
Тақырып. «СӘЛЕМ НАУРЫЗ»
Сабақтың мақсаты.1.Оқушылардың бойында салт-дәстүр деген
сүйіспеншілікті одан әрі дамыту,оны әрқашан құрметтеуге
баулу.
2.Оқушыларды әрбір адам өзінің ана тілін,өз ұлтының қадір-
қасиетін терең түсініп,дұрыс бағалай білуге баулу.
1-басқарушы. Мемлекетімізде әр жылы 21-Наурыз күні Наурыз
мерекесі атап өтіледі.Бұл жаңа жыл,жаңа күн мерекесі.
2-басқарушы. 21-Наурыз күні күн мен түн теңеледі.Күн осы
күннен бастап биік көтеріліп,күн түннен ұзара бастайды.
Мыстан кемпір кіріп келеді.Оқушыларға. «Ей балалар қайда
барасыңдар?
Оқушылар. «Наурыз тойын тойлауға»
Мыстан кемпір. « Той болмайды,ұйықтаңдар»
Қаңбақ шал. «Армысыңдар,ағайындар!.Осы мен қайда келдім.»
1-басқарушы.«Ассаламағалейкум ата.Жол болсын!»
Қаңбақ шал. «Орта толсын!Осы тойға Орта тойға
жолдастарыммен келе жатыр едім,жел тұрып ұшырып
әкетті.Осы жерге тап ете қалдым»
2-бастқарушы.Ақсақал сіз қаңбақ шал деген ата болдыңыз
ғой!Төрге шығыңыз.
Аңбақ шал.Менің жолдастарым келу керек.Ішінде арашаш сұлу
бар.
Мыстан кемпір. «Әй қауқиған Қаңбақ шал!Сен менен бұрын бұл
жерге қалай келіп қалдың?»
Қаңбақ шал. «Мыстан кемпір амансың ба?Наурыз құтты
болсын!»
Мыстан кемпір. «Не дейді мына түйе қарын.Наурызшылының
озінің»
Қаңбақ шал. «Мыстеке!Мына тойға жолдастарым келе
жатыр.Қазір келіп те қалар.»
Мыстан кемпір. «Қайдағы той.Мыналар неғып тұр?Ей әй
балалар тараңдар,.Ещқандай той болмайды,Қәзір қар
жауады,үйлеріңе қайтыңдар.Жаурап қарасыңдар.
1-басқарушы. «Мыстан әже!Сәл сабыр етіңіз.Бізде Наурыз
тойы өтіп жатыр.Қонақтар келуі керек.
Мыстан кемпір.Ешкім де келмейді.Мынаның елшілерге Қара
дәудің үйінде сиқырмен ұйықтатып тастағанмен.
Қаңбақ шал. «Не дейді мына мыстан»
2-басқарушы.Енді қайттім.Ә-ә міне келе жатыр ғой біреуі.
Тазша бала. «Ассалаумағалейкум,халайық Наурыз құтты
болсын!
Қаңбақ шал. «Е,шырағым!өзіңмен орта толсын!
Мыстан кемпір. « Тақылдаған сен кімсің ей?Мен сені неге
білмеймін»
Тазша бала. «Мен халқыма қылығымен жаққан Тазша боламын
әже?Тойда бастамай неғып тұрмысыңдар?
Қаңбақ шал. «Мына Мыстан,тойға келе жатқан
жолдастарымды ұйықтатып тастапты.Не істерімді білмей
тұрмын.»
Тазша бала. «Мыстан әжеге арнап өлең оқып берейін»
Оу,халайық қараса
Әжем қандай тамаша!
Ақ тістері маржандай!
Тізіліп тұр жараса!
Өзі сұлу,ақылды
Менің Мыстан әжем-ай
Мыстан кемпір. « Ой,айналып кетейін,Тазшам.
Мына өлеңің ұнады-ей!
Қой мен қонақтарыңды алып келейін,олар да тойласын.
1-басқарушы. Міне Қарашаш сұлу да келді.
Қарашаш сұлу. «Армысыздар,ағайын!Наурыз құтты
болсын.Мен қазақтың қызымын.Желбіреген тұлымым.Ата-
ананың қызығы.Ойнап өскен құлыны,Бота көзім мөп-
мөлдір.Мөлдір менің көңілім.Жүзім сәуле,өскен гүл,Гүлдей
көркем өмірім.
1-басқарушы. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге жаңа жыл
келді.Жаңа жыл-бақыт жылы,Бейбіт жыл болсын!
2-басқарушы.Уа,қадірлі ата-аналар,құрметті ұстаздар.Ұлыс
күндеріңіз құтты болсын.Жыл басы Наурыз мейрамын бастауға
рұқсат етіңіздер!
Хормен. Наурыз келсе,құт келгені халайық!
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
1.Наурыз келді гүлдей жайнап халқым
Уа,ағайын құтты болсын жалпыңа
Қыз келіншек боз балалар қанекей,
Бас иейік ата-баба салтына.
2.Кең жайылып Наурыздың дастарханы
Алдымызға ақ жеңге ас тартады
Жаса,жаса,Ұлыстың ұлы күні
Бар әлемге береке шашқан таңы
3.Қуаныштан кеудені ұрды жүрек
Шаттанамыз ұлы елдің ұл-қызы боп
Жарқырай бер көгімде,Наурыз күні
Ырыс құтың,бақыттың жұлдызы боп.
4.Армысың,ұлыстың ұлы күні Наурыз!
Күтумен сені сағына зарыққанбыз
Ешбір елдің мейрамы сған жетпес,
Дәстүрлерің қадірлі әдет-ғұрпың
5.Құт береке мейрамы Наурыз келді.
Көңілдерде қамыққан қайғы сөнді.
Өлкемізге сарқылмас нұрын төкті.
Көкте күн де жарқырап күліп тұрды.
6.О,халқым әз мерекең құтты болсын
Қазаныңда Наурыз көже қайнап тұрсын
Тәуелсіздік заманда ұл мен қызың
Татулықпен бұл күнді тойлай берсін
7.Наурызым жерді оятып,кел тойлатып
Гүлдерге би билетіп,әкелді ойнатып
Еңбекке жаны құмар дихандарды
Қуантып бауы берік бел байлатып
8.Көк шыға қозы-лақтар ойнақтайды
Танысып иіскейді тайлақ тайды,
Жанұя абыржиды,ақ көбейіп
Ыдысқа сыйғыза алмай қаймақ майды.
1-басқарушы. Ұлыс күні жаңбыр жауса нұр жауды деп
қуанған,Наурыз күні жауған қарды «Ақша қар» деп атаған. Ұлыс
күні қар жауса «Нұр жауды,туар жыл жақсы болады» деп
саналған Наурыз қары «Ақша қар» деп аталады.Енді кейбір
халықтың болжамдарға назар аударайық.
-Егер сол күні қарға түскен құмалақ сіңіп кетпей қар үстінде
қалса,көктем 40 күн кеш шығады.
-Егер сол күні қарға тастаған құмалақ қарға бармақ бойындай
батып кетсе,көктем ерте шығады.
-Ұлыс күні күн сәулесі жан-жаққа шапағын төге
шашырап,рауандап атса,ол жыл жанға жайлы,молшылық
жылы болады.
-Күннің түсі күңгірт тартып қораланып,солғын көрінсе,ол
жылы жауын-шашын көп болады.
-Егер күн қызыл түске боялып сарғыш ыстық лебі бірден бетке
ұрып,шақырайып шықса,ол жылы құрғақшылық болады.
-Егер көктемнің бірінші жаңбырында күн күркіресе шөп шүйгін
шығады.
2-басқарушы. Қазақ халқының неше түрлі салт-дәстүрлері бар.
Олар.. Тұсау кесу,Бесікке салу,Келін түсіру,Қыз ұзату,Беташар
Ұлыс күні туған сәбилерге
Наурызбай,Наурызбек,Мейрам,Мейрамгүл деп ат қойған.
1-басқарушы.Наурыз мерекесінің бір ерекшелігі халқымыз сол
күні «қазан толды» Наурыз көже жасайды.
1.Наурыз көжені жеті тағамнан жасайды олар-
сүт,су,тары,бидай,кептірген ет,тұз,езілген құрт және арнайы
сақталған қазы,қарта.
2.Наурыз көженің қасиеті,әр адам бұл көжеден ішкенде тату
керек және армандаған арманыңды өзіңе іштен тілеу керек сол
тілек орындалады дейді үлкендер.
3.Наурыз күні адамдар әдемі киініп бір-бірінің үйіне
қыдырып,жақсы тілек айтады екен.Бір-біріне ренжіген адамдар
осы күні бәрін кешіреді екен,өйткені ол қасиетті күн.
2-басқарушы.Қазақ халқының қызықты ұлттық ойындары
бар,Олар. Қыз қуу,арқан тарту,көкпар,Алтыбақан,Асық ойнау,
Хор. «Наурыз»
Қазақ халқы тастархан басында,тойда,жиында неше түрлі
бата-тілектер айтады.Батаны жасы үлкен,елге сыйлы кісіден
сұрайды. Енді бата тілейміз!
Қорытынды.Мұғалім сөзі,концерттік программа.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Занятие "4 ноября - День народного единства и примирения"
- Конспект урока "События 23 августа 1942 года, трагедия мирного населения Сталинграда"
- Классный час "Тенге - символ независимости Казахстана"
- Классный час "Дружба - наш мир!"
- Классный час "70-я годовщина битвы под Москвой"
- Презентация "Я – учитель здоровья!"