Внеклассное мероприятие "Қош бол, балдырған"

Алматы облысы
Қарасай ауданы
"Сандуғаш" балабақшасы
Базарбаева Шынар Ибадуллақызы
«Балдырған» ересек тобы
«Қош бол, балдырған»
Залда «Бақытты балалық шақ» әні естіліп тұрады.Шарлар, гүлдермен, қанатты
сөздермен безендірілген.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері, бүгінгі біздің
мерекеміз ерекше, себебі бүгін бірнеше жыл мәпелеп өсірген, тәрбиелеген
бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!
«Балдырған» тобының бишілері: Айша, Талшын, Сымбат
Тобымыздың спорт шеберлері:Төрехан, Алихан және Еркебұлан
Тобымыздың еңбек десе ерінбейтін, еңбекқор балалары: Кәусар мен
Бақдәулет
Тобымыздың білімді де дарынды балалары:Асылай мен Фатима
Тобымыздың шешендері: Дамир мен Арслан
Тобымыздың әншілері: Әли мен Нұрасыл
Тобымыздың кербез де сұлу қыздары: Нұрай, Дамиля және Аружан
Тобымыздың сүйкімді де сүйікті балалары:Даниял мен Елнурды ортаға
шақырамыз!
І қатар: Еркебұлан, Дамиля, Талшын, Елнур, Нұрай, Арслан.
ІІ қатар: Нұрасыл, Аружан, Төрехан, Кәусар, Даниял, Асылай, Алихан.
ІІІ қатар: Әли, Фатима, Дамир, Айша, Бақдәулет.
Фатима:
Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңіз де есен – сау бармысыздар?
Қоштасатын күн келді бақшаменен,
Апайларға айтатын алғысым бар.
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын әнімізді бастайық.
Әдеп пенен өнегені үйреткен
Бақшамызды есімізде сақтайық!
Ән: «Қош, балбұлақ бақшамыз»
Балабақшам талбесік,
Тәрбиенің бағы.
Аттанамыз «қош» десіп,
Белес асып тағы.
Қайырмасы:
Қош, балбұлақ бақшамыз.
Ұмытпаймыз мәңгі.
Қанат жайып ұшамыз,
Өмірдің бұл заңы.
Анамыздай аялап,
Білім дәнін сепкен.
Тәрбиеші мың алғыс,
Аянбай тер төккен.
Алихан:
Бақшадағы күндерді,
Есімізге сақтаймыз.
Тәрбиеші еңбегін,
Бәріміз де ақтаймыз
Бақшамызды ұмытпай,
Келіп – кетіп тұрайық,
Сондай кезде апайлар
Қалады ғой қуанып.
Үлкендердей тап- таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Асылай:
Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді,
Мектепке барам мен енді,
Балабақшам қош енді.
Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата –ананы
Мектепке кетіп барамыз
Мектеп біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз,
Ұлағатты ұстаздан
Оқып, білім аламыз.
Аружан:
Сәлем, өрен достарым!
Өмірге көп қосқаным!
Молайтыңдар шаттықты,
Би билеңдербақытты!
Би «Флешмоб»
-Қыздардың орындауында«Флешмоб» биін қабыл алыңыздар!
Фатима Бестіктің киімін киіп дайындалады.
Ән: «Қоңырау»
Қоңырауың сылдырлап,
Шақырасың кел, кел деп.
Қолымда гүл бір бума,
Құттықтайды жер мен көк.
Қайырмасы:
Ұшсам қайсы қияға,
Сен де бірге барасың.
Жақсы бала, жақсы бала сірә да,
Ұмыта ма, ұмыта ма анасын.
Ұйықтамайсың сен мәңгі,
Көзіңді бір ілмейсің.
Үйрен дейсің самғауды.
Оқы дейсің, біл дейсің.
Көрініс: «Бестік»
Осы кезде «Бестік» кіреді.
Фатима:
Бестік:
- Сәлеметсіздер ме? балалар, мен сендердің достарыңмын, менің атым «Бестік».
Мектепте мен сендердің достарың боламын.
Мен сендердің мектепке дайын екендеріңді білу үшін бірнеше тапсырмалар
бергім келіп отыр.
1- тапсырма. Кім жақсы санамақ айтып бере алады?
Арслан:
Бір дегенім – білім.
Екі дегенім – елім,
Үш дегенім – үміт,
Төрт дегенім – түлік,
Бес дегенім – бесік.
Алты дегенім – асық,
Жеті дегенім – желім.
Сегіз дегенім – сенім,
Тоғыз дегенім – төзім,
Он дегенім – өзім.
Бестік: 2-ші тапсырма: Ал, енді маған кім қандай мақал-мәтел айтып бере
алады?
Дамир:
Кітап білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Бестік: Енді маған кім 10 ға дейін кері және тура санап береді?
Али, Нұрасылшығады
Бестік: Балалар сендер өте білімді, өнерлі балалар екенсіңдер, әрқашанда
осындай бола берулеріңе мен тілектеспін.Мен сендердің келешектегі
достарыңмен таныстырып өтейін деп едім, енді соларды ортаға
шақырайық.(Математика, әліппе, дәптер, күнделік кіреді).
Әліппе:
Сымбат:
Менің атым әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып, ержеткен,
Бауыржан да, Мәлік те.
Математика:
Еркебұлан:
Біздің келер шамамыз,
Бестен үшті аламыз.
Төртті бөліп екіге,
Жауабын тез табамыз.
Дәптер:
Елнур:
Ел құрметтеп бағалар,
Досың бар ол тазалық.
Кел, дәптерге балалар,
Тап-таза етіп жазалық.
Күнделік:
Нұрай:
Жазулы менде әр күнің,
Бар мінезің, тәртібің.
Дос болайық, жарқыным,
Жолдасымсың сен менің.
- Балалар мектепте кездескенше сау болыңдар!
Ән: «Алға қазақ жігіттері»
- Орындайтындар Бақдәулет, Әли, Дамир, Нұрасыл
Алға қазақ жігіттері
Асыл текті туған,
Алаш кегін қуған.
Ерлерім ел үшін,
Белін бекем буған.
Ақ білек күшімен.
Ақ найза ұшымен,
Қорғаған бабамның,
Үлгі алып ісінен.
Қайырмасы:
Алға, алға, алға қазақ жігіттері,
Сенім артқан жансын халық үміттері.
Көк аспанда желбіресін көк байрағың,
Жаса мәңгі, қазағымның жігіттері.
Жігіттер, жігіттер,
Биікке өрлеңдер.
Ел үшін, жер үшін,
Намысты бермеңдер.
Нардың күші дарып,
Жүрек дүрсіл қағып.
Жетіңдер жеңіске,
Шаршы топты жарып.
Би: «Флешмоб»
- Ұлдардың биін тамашалаңыздар.
Кәусар:
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып, би де билеп жан салады.
Біздің ұлдар мерекеде ән салғанда,
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән: «Қара домбыра»
-Орындайтындар Нұрасыл, Әли, Дамир
Қара домбыра
Бабамыздың көзіндей қара домбыра,
Данамыздың сөзіндей дара домбыра.
Асқақтатып рухымды ағыл домбыра,
Әр қазақтың төрінде табыл домбыра.
Қайырмасы:
Шанағында ойнаған,
Үніне еш тоймаған,
Қасиетті домбыра.
Күмбірлеген күйіне,
Әр дайым мен сүйінем,
Қасиетті домбыра.
Шанағынан төгілген күйің домбыра,
Арта берсін әрдайым сыйын домбыра.
Қастерлейді өзіңді жарқыл домбыра,
Тоғыз перне, қос ішек алтын домбыра.
Ойын:«Ия, ия, жоқ, жоқ»
«Ия,ия» «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
5. Ақылды бала боламыз ба?
6. Таңертең ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтамаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушыбізболамызба?
- Олайболсаатааналарменде«Ия,ия» «Жоқ,жоқ»ойынынойнайық.
1. Балаңызғаәрқашантірек болсыз ба?
2. Сабақоқып, есепкесізжүйріксізба?
3. Тамағынуақытылыбересізбе?
4. Сериал көріп жатасыз ба?
5. Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?
6. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
Даниял:
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың.
Ер жетті деп бөбегің,
Туған Отан қуансын.
Дамиля:
Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Ән салайық бас қоса.
Бақшаменен қоштаса
Қалам,дәптер,өшіргіш
Кітаптармен достаса
Ән: «Балабақшам, қош сау бол!»
Бақшаның қоңырауы,
Соңғы рет сылдыр етті.
Қоштасар болды уақыт,
Жүрегім дір-дір етті.
Қайырмасы:
Тебіренді таныс көңіл,
Белгісіз жол басталып.
Сен алғаш бақшаға бұл,
Келдің ғой сәл жасқанып.
Қуаныш мол кеудемде,
Мектебіме тарттым жол.
Ұмытпаймын өзіңді,
Балабақшам, қош сау бол!
Тәрбиеші: Біздің балалардың апайларына арналған алғыс, ақ тілектері бар:
Фатима:
Құрметтеуге лайық
Жанат Нүсіпжанқызы
Бар балаға мейірімді,
Қамқорымыз, панамыз
Ақылын тыңдап ұғынсақ.
Ашылар әркез санамыз.
Аман болсын қашанда
Ақылы асқан данамыз.
Нұрасыл:
Жайдары жүз,ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын
Анар Бейсенбекқызына көп рахмет.
Асылай:
Ән салдырып билеткен,
Ылғи бізбен жүреді.
Тақпақтарды үйретіп,
Ойнатады, күледі.
Қызық-қызық ертегілер,
Бізге оқып береді.
Жалқаулар да тентек те,
Сол апайға көнеді.
Шынарапайға,
Көп рахмет айтамыз.
Еркебұлан:
Ақ төсекке жатқызып,
Бала болып ойнаған.
Тәтті тағам ұсынған,
Балалардан Ләйләапайға мың алғыс.
Арслан:
Тамылжытып ән салдырып үйреткен,
Мың бұрала биімізді үйреткен.
Ғалияапайға алғыс айтамыз,
Мың қайтарар сәби бала жүрегін.
Сымбат:
Естен кетпес үніңіз,
Бізбен өтті әр күніңіз.
Бізге үміт артасыз.
Шығар деп спорт шебері.
Үмітпен бізге қарайтын
Диляапайға мың алғыс!
Әли:
Жақсы көрем әрдайым,
Әрқашан бізге жалықпай,
Ағылшын тілін үйреткен,
Аршагүл апайға мың алғыс.
Дамир:
Бізбен бірге ойнаған,
Суретті де салдырған.
Сол арқылы біздің
Ойымызды біліп талдаған,
Психолог Айдана апайға мың алғыс.
Бақдәулет:
Орындық, шкаф, төсекте
Шанышқы мен бакалда
Бәрі өзі келеме?
Соның бәрін қоятын
Ақ төсекке жатқызатын
Шаршамайтын күлетін
Зыр жүгіріп жүретін
Маргаритаапайға мың алғыс.
Нұрай:
Біздің әсем бақшамыздың
Тазалығын сақтаған
Еңбегіңіз зор сіздің
Сапаргүл апайға мың алғыс.
Талшын:
Біздің гүл бақшада
Бар әсем асхана
Тәтті тағам пісірген
Айран сүтті ішкізген
Жамиля, Әсем апайларға мың алғыс.
Аружан:
Денсаулығы болаттай
Ауруды ол жолатпай
Күнде тазалық тексерген
Медбике Айсұлу апайға мың алғыс.
Алихан:
Есеп қисап жүргізетін
Бақшаға кіріс кіргізетін
Гүлмира, Гүлжанат апайға мың алғыс.
Елнур:
Гүлдендіріп ауланы,
Тазалықты сақтаған,
Сергей ағай
Сізге де балалардан мың алғыс.
Кәусар:
Төсек орын тап- таза.
Аппақ жуған сүлгісі
Асия апай,
Сізгеде балаларданмыңалғыс!
Балалар:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығамыз
Таза сәби жүректен,
Балабақша ұжымына мың алғыс!
Талшын:
Қош балалар, сәт сапар,
Бақытты бәрің болыңдар.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік алыңдар.
Бірге ойнап, бірге жүрген
Күндерімізді қимаймыз.
Естелік болсын біздерден,
Қоштасу вальсін билейміз.
Би: «Вальс».
Жүргізуші: Ендігі кезекті бақшамыздың басшысы Жанат Нүсіпжанқызына сөз
кезегін береміз.
Жүргізуші: Бүлдіршіндерім менің! Аз ғана уақыт та міне, бәрің де әп-әдемі
болып өстіңдер. Жалқаулыққа салынбай алған білімдеріңді әрі қарай
жалғастырып, «жақсы» деген баға алып, ата-аналарыңды қуантып жүре
беріңдер, деп тілек білдіремін!