Технологическая карта урока "Сөйлемдегі сөздердің байланысы" 2 класс

Апта
Күні
Сабақ Қазақ тілі
Сабақтың
тақырыбы
Сөйлемдегі сөздердің байланысы
Сабақтың
мақсаты
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықталатынын
ұғындыру.Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
Күтілетін
нәтижелер
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтай алады. Сыни
тұрғыда ойлай отырып,шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Оқытуда
қолданатын
әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ- жауап, сыни ойлау стратегиялары, жеке, топтық жұмыс, тест
тапсырмасы, постер қорғау.
Керекті
жабдықтар
Плакат, суреттер,көрнекіліктер,интербелсенді тақта,стикер.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушылармен амандасу.
Сөз,буын,дыбыс,сөйлем осы сөздерден не түюге
болады? Неге бұл сөздерді алып тұрмыз? Бұл
сөздердің бір- біріне қандай байланысы бар?
Дұрыс айтасыздар.Олай болса,
Iтоп. Дыбыс тобы.
IIтоп. Буын тобы.
III топ. Сөз тобы.
IVтоп. Сөйлем тобы.
Топ ережесін құрайық.
Оқушылар
амандасады.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз.
Топқа бөлінеді.
Сөйлем сөздерден
құралады.Сөздер
буындардан
құралады.Буындар
дыбыстардан тұрады.
Өздері айтады.
Тыныштық сақтау.
Бірін- бірі тыңдау.
Бірлесіп жұмыстану.
Тұсаукесер
I .Үй тапсырмасын тексеру.
«Стикердегі диалог» Алма ағашы
Оқушылардың бірі сұрақты оқыса,келесі
оқушы жауапты тауып оқиды.
1)Дыбыс нешеге бөлінеді?
Дыбыс екіге бөлінеді,дауысты және дауыссыз
дыбыс.
2)Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыс екіге бөлінеді.Жуан және
жіңішке.
3)Жуан дауысты дыбыстарды ата?
А,О,Ы,Ұ.
4)Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?
Ә,Ө,І,Ү,Е.
5)Қосарлы дауысты дыбыстарды ата?
Я,Ю,Е.
6)Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата?
Б,В,Г,Ғ,Д,Ж,З.
7)Қатаң дауыссыздарды ата.
К,Қ,П,Ф,С,Т,Х,Ц,Ч,Ш,Щ,h
8)Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
9) Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған
сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
10)Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді
сұраулы сөйлем дейміз.
11)Лепті сөйлем дегеніміз не?
Лепті сөйлем адамның көңіл күйін,сезімін
білдіреді.Олар көтеріңкі дауыспен айтылады.
12) Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай
анықталады?
Сөйлемдегі сөздердің байланысы сұрақ қою
арқылы анықталады.
13) Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ
қойып анықта. Күн суытты.
14) Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ
қойып анықта.Қалың қар жауды.
15)Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ
қойып анықта.Балалар мұзайдында сырғанақ
тепті.
Сұрақтарға жауап
береді.
Оқушылардан үй
тапсырмасын сұрау.
Оқушылар бірін- бірі
тыңдап,қадағалап
отырады,бағалауға да
қатысады.
Негізгі бөлім
II. Жаңа сабақ.
Балалар сонымен өткен сабақта қандай
тақырыпты өттік?
Дұрыс айтасыңдар,олай болса дәптерімізді ашып,
күннің жадынын жазайық. Тақырыбымыз :
Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Балалар енді табыс критерийін құрайық?
-Сөйлемдегі сөздердің байланысын
анықтаймыз.
-Сызба арқылы сөйлем құрастырамыз.
-Топтық жұмыс жасаймыз.
-Жұптық жұмыс жасаймыз.
-Бір- бірімізді бағалаймыз.
Өте жақсы.
Олай болса,оқулығымызды ашайық.
1-жаттығуды Айлана оқиды.
Оқушылар орындарынан оқып алып,тақтаға
жазады.Бұл сөйлемнің қандай түрі? Неге?
2-жаттығу. Ауызша. Саят оқиды.Өлеңді
түсініп оқы.Сөйлемдегі сөздердің байланысын
сұрақ қою арқылы анықта.Туған ай мен
жауған қарды неге ұқсатқан?Себебін
түсіндір.Туған ай туралы не білесің?
-Кім айтады?
-Темірлан айта ғой.
5-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді
қойып жаз. Өз бетімен жұмыс.
Сергіту сәті
Қимылды білдретін сөздерді айтқанда топ -
топ етеміз,заттың атын білдіретін сөздерді
айтқанда қол шапалақтаймыз.
Шығармашылық тапсырма. Топтық жұмыс.
I топ. Сөйлемдегі сөздерді сәйкестендір.Бірінші
сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба
арқылы көрсет.
1.Ағам Алматыда шықты
2.Қонақ төрге тікті
Сөйлемдегі сөздердің
байланысы.
Дәптермен жұмыс
жүргізу.
Жақша ішіндегі
сұраққа жауап
беріп,сөйлемдерді
көшіріп
жаз.Сөйлемдегі
сөздердің
байланысын сызба
арқылы көрсет.
Оқушылар оқып,
байланысын
анықтайды.
Өздері орындайды.
Сергіту сәтін
орындайды.
Қорытынды
3.Досым сурет тұрады
4.Айжан көйлек салды
II топ. Жақсылық сөзіндегі әріптерді
пайдаланып,сөздер құрастырып жаз.1 сөйлем
құрастырып, сөйлемдегі сөздердің
байланысын сызба арқылы көрсет.
III топ.
Берілген сызбалар бойынша сөйлемдер
құрастырып жаз.
IV топ.Сөйлемдегі қарамен жазылған сөзге
дыбыстық талдау жаса. Сөйлемдегі сөздердің
байланысын сызба арқылы көрсет.
Әкесі алғыс айтты.
III.Сабақты бекіту.
5 сұрақтан құралған тест тапсырмасы арқылы
қорыту. Табыс критерийіне шолу,айтылған
тапсырмалар орындалды ма?
IY. Үйге тапсырма
Ереже. 3-жаттығу
Дұрыс құрастырылмаған сөйлемді тауып,қатесін
түзеп жаз.Сөйлемдегі сөздердің байланысын
сызба арқылы көрсет.Қандай сөйлем түрлерін
жаздың?. Күнделікке тапсырма жазу.
V. Бағалау
Сабаққа белсене қатынасқан оқушыларды
мадақтау, бағалау.Балалар сендердің постер
қорғағандарыңды,сабаққа қатысқандарыңды
ескере отырып бағалаймын. Сабақ аяқталды.
Оқушылар
тапсырмаларын
оқиды. Топтық
жұмыс.
Оқушылар бірігіп
отырып,
жұмыстанады.
Тексеріп, әр топ
тыңдалады.
1 топты 3топ екі
жұлдыз,бір ұсыныс
айту арқылы
бағалайды.
Ал 2 топты 4 топ
бағдаршам көздері
арқылы бағалайды.
Оқушылар
тапсырманы аяқтаған
соң, әр топ бірін- бірі
бағалайды.
Оқушылар тест
тапсырмасын болған
соң,көршілерімен
алмастырып,
тексереді.Кілті
интербелсенді
тақтада көрсетіледі.
Сабақтың өзіндік
талдауы
Сабақ бойынша
өзгертулер