Конспект урока "Сөйлем мүшелерінің байланысы" 3 класс
Қазақ тілі. 3 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөйлем мүшелерінің байланысын іс-
жүзінде меңгереді; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттері, сөздік
қорлары молаяды; мәнерлеп сөйлеуге , көркем жазуға үйренеді. Тәрбиелік:
үлкендерді сыйлауға, өз тілін құрметтеуге тәрбиеленеді.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, әңгімелесу, жинақтау, сұрақ-жауап,
бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, мақалдар, нақыл сөздер, қима қағаздар,
оқулық.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық:
- Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті
Сәтілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын!
– Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік:
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
3. Үй жұмысын тексеру: Жаттығу 187. Сөйлем мүшелерінің байланысын
сызбамен көрсету.
4. Жаңа сабақ. Дәптерлермен жұмыс. Бүгінгі күнді жазу.
- Көркем жазу минуты: Пп Пенал ........
- Сөздік жұмыс: Сөздерді қатесіз көшіріп, сөз құрамына талдау:
Ұшақ, үшінші, жүрді, дәмді, жылдар, оқыды, көгілдір, жаңалықтар,
кітапхана, Досжан, әсемпаз.
5. «Бой сергіту» - ойыны. Өткенді қайталау:
- Сөйлем нені білдіреді?
- Сөйлем нелерден тұрады?
- Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Бастауыш деген не? – сұрақтары - ?
- Баяндауыш деген не? – сұрақтары -?
- Тұрлаулы мүшелер деген не?
- Тұрлаусыз мүшелер деген не?
6. Бүгін сөйлем мүшелерінің байланысын анықтауға үйренеміз.
Тақтада сөйлем: - Мен туған елімді сүйемін.
Тапсырма: тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін тауып, сөйлем мүшелерінің
байланысын сызбамен көрсетіңдер. ( өз бетінше жұмыс)
- Біз қай елде тұрамыз?
- 16 желтоқсан қандай күн?
- Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?
- Әңұранның авторлары кім?
- Елтаңбаның авторлары кім?
- Туымыздың авторы кім?
7. Оқулықпен жұмыс. 70 бет. Жаттығу 189.
1 қатар – 1-ші жұмбақты көшіріп жазады;
2 қатар – 2-ші жұмбақты;
3 қатар – 3-ші жұмбақты.
- Сергіту сәті: Қоян шықты далаға
Жан-жағына қарады
Отырды, тұрды, секірді,
Орнына келіп отырды.
8. Ауызша жаттығу 190. Ребусты шешу. ( Шаңғы). Осы сөзбен сөйлем
құрастыру.
9. Жазбаша жаттығу 191. Сөйлемдерді көшіріп, сөйлем мүшелерінің
байланысын сызбамен көрсету.
- Балалар мұз айдынына келді.
- Қайрат пен Гүлсім коньки теуіп жүр.
- Айнұр мұнда бірінші рет келген еді.
- Ол әлі өздігінен коньки тебе алмайды.
- Оған достары көмектесті.
10. Жатқа жазу. Мақал: Ақыл жастан шығады,
Асыл тастан шығады.
Мақалдың мағынасын ашу.
11. Өз бетінше жаттығу 195. Жазбаша.
12. Шығармашылық жұмыс: Мәтінді аяқтап жаз:
Қыс келді. Малшылар малдарын қораға кіргізді.
..............................................................................................................
Қорытынды: - Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтауға
болады? - Венн диаграмма құрастыру :
Бастауыш баяндауыш
Үйге: жаттығу 194 , 72 бет. (Көшіру, сөйлем мүшелерінің
байланысын көрсету) . Бағалау.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Технологическая карта урока "Тағам және сусын" 1 класс
- Презентация "Русские красавицы всем нам очень нравятся" 4 класс
- Технологическая карта урока "Первое и второе спряжение глаголов" 4 класс
- Внеклассное мероприятие "Нұр тұнған, құлпырған Жаңаарқа" 2 класс
- Конспект урока "Зат есім" 3 класс
- КВН "Мы из села" 4 класс