Ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдерді алдын-алу және жағымды көзқарасты қалыптастыру

Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
"Мерей" балабақшасы
Педагог-психолог: Наурызбаева Б. Т.
2016-2017 оқу жылы
Мақсаты: ата-аналар үшін қалыпты психологиялық ахуалды бар орта
қалыптастыру; бала тәрбиесінде ата-аналарға жауапкершілікті арттыру; бала
мен ата-ана арасындағы жанжалдың алдын алуда өзінің іс-әрекеттерін
қадағалау, дұрыстануға үйрену.
Керекті құрал-жабдықтар: түрлі түсті бояулар, флипчарт, стикерлер, түрлі
түсті инелер, баға жазылған стикерлер.
Тренинг барысы:
І. Психологиялық ахуал орнату. Сәлемдесу, танысу.
- Құрметті ата аналар, шарамызды бастамас бұрын алдымен танысып
алайық. Ол үшін әр адам «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап бере
отырып, есімін айтады. Мысалы: «Мен педагог-психолог Бибігүлмін.»
Кейін барлығы өзін-өздері таныстырып шығады, бүгінгі тренингте өзін
қалай атағанын қалар еді, соны стикерге жазып, кеудешесіне түйреп қояды.
ІІ. Тренингтің ережесімен және тақырыппен таныстыру.
Тренинг тақырыбы: «Ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдерді алдын-алу
және жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру».
Бір-бірімізді сынамаймыз;
Ойымызды ашық айтамыз, эмоциямызды жасырмаймыз;
Барлық мәселені осы жерде және дәл қазір қарастырамыз, әркім
өзіне керегін ғана алып кетеміз.
ІІІ. Қызығушылығын ояту. Шаттық шеңберіне жинап, топқа бөлу. 3 топқа
бөлу. Психолог ортаға шығады да: Мен оң қолымды белгі қоямын да,
өзімнің жақсы көретін ісімді айтамын, екінші қолымды солай қойып жақсы
көретін тағамымды немесе тағы басқа ұнамды заттарды айтамын. Егер, осы
айтылған ойға ата-аналар тарапынан да жақсы көретін ұқсастық болса, менің
қолыммен айқасады да, ол әрі қарай жалғастырып, үлкен шеңбер
құрастырады. Осында келген ата-аналардың ортақ мәселесі бар, яғни
барлығымыздың жақсы көретін істеріміз бар. Міне, сол да бізді
байланыстырып тұр. Сол себепті бүгін пайдалы жұмыс жасаймыз деген
үмітім бар.Іске сәт!
ІV. Әлеуметтік ортаны анықтау.
Әрі қарай жұмыс жасайтын ортаны анықтау барысы үшін, ортада тұрған ата-
аналарға психолог кеңес береді.
Нұсқау:
Өзіңіздің өскен ортаңызды еске түсіріңіз;
Сіздер бір отбасында нешеу едіңіз?
Бір балалы отбасында тәрбиеленсеңіз сол жаққа;
Екі балалы отбасында тәрбиеленсеңіз сол жаққа;
Үш, төрт немесе одан да көп балалы отбасында тәрбиеленсеңіз ортада
қалыңыз. Осылайша қазіргі отбасы бойынша орналасады.
V. Топтарға тапсырма. Флипчартпен жұмыс.
Кикілжің деген не?
Кикілжің (жанжал) себептері қандай болуы мүмкін?
Ата-аналарға кикілжіңге түсу себептері қандай болуы мүмкін?
Флипчарттағы жұмысты қорғау. Әрбір қорғаудан кейін слайдтармен
түсіндіре отырып, пікірлесу.
2-слайд. Кикілжің ол ұрыс-керіс, жан-жалдасу, өштесу, жеке тұлғаға
бағытталған балағаттау сөздер, қорқыту т.б.
Ең қорқыныштысы ол кикілжіңнен кейінгі кезеңдегі адамның сезімі.
Мысалы: қорқу, ренжу, кек сақтау, өш алу т.б.
3-слайд
Баланың өтпелі кезеңіндегі жас ерекшеліктері;
Өзін сынау, өзін-өзі анықтауға деген құштарлық;
Ата-аналардың жас шамасының тым үлкен болуы;
Өзін барлық жағынан беделді етіп көрсеткісі келетіні.
4-слайд
Баланың ер жеткенін мойындамау;
Баланы өз еркімен жіберуге қорқу;
Баланың әрекетін өз заманымен салыстыру;
Ата-ананың жұмыстағы немесе қоғамдағы алатын беделінің үйде
қайталануы;
Ата-ана үмітін ақтамау.
5-слайд.
Кикілжіңнің салдары қандай?
Физикалық зиян
Психологиялық зиян
Әлеуметтік зиян
1. Практикалық жұмыс. «Менің отбасым гүл ретінде»
Нұсқау: Өз отбасыларыңыз туралы ойланыңыз. Егер, оларды гүл десек,
қандай гүл болар еді? Суретке салыңыз. Ата-аналар салған суреті туралы
баяндайды.
2. Сергіту сәті: «Салат» ойыны. Ортада барлығы орындықта отырады,
бірі артық болады. Қалғандарына жұп жұбымен банан, алма, мандарин, т.б.
бөліп тастайды. Артық қалған адам өзіне орын тауып алуы қажет. Осылайша
ойын жалғасады.
6 Слайд.
Ата-ана жауапты.
Баланың өміріне;
Баланы өзін және өзгені сыйлауға үйретуге;
Баланың өзіне деген жауапкершілігін тәрбелеуге;
Баланың қызығушылығын білуге, қолдауға;
Баланың достарын егжей-тегжей тануға;
Өз баласына да, өзгенің баласына да қамқорлық көрсетуге;
Баланы естуге және тыңдауға.
VI. Сергіту сәті. «Кір жуу машинасы»
Нұсқау: Екі қатарға жұптармен тұра қалады. Олардың ортасынан бір адам
өтеді. Қалғандары оны қолдарымен жуындырады.
VII. Практикалық жұмыс. «Тығырықтан шығуға көмектесу»
Ортаға бір адам шығады, көзін байлайды. Қалғандары оны ауызша айту
арқылы керекті жолдардан шығарады. Қорытынды: Ата-аналар балаларға
көбіне тығырықтан шығар жолды табуға көмектесу керек екенін ескерту.
7 слайд.
Ата-аналар!
Есіңізде болсын, сіз де адамсыз.
Балаңыз сіздің көңіліңізден шығуын, тіл табысуын өз еркіне беріңіз.
Ең батысы жақсы көріңіз. Жақсы көргеніңізді жасырмаңыз.
Барлық кезде әділетті шешім қабылдаңыз.
Сіз бүгінгі тәрбиеңізге шаршамаңыз, өйткені, ол сіздің қарттық өміріңіздің
бақытты болуы, екенін ұмытпаңыз.
VIIІ. «Ойға шомылу» релаксациялық жаттығуы.
Нұсқау. Барлығымыз орындыққа еркін отырамыз. Терең демалып, жұмысқа
дайындаламыз. Менің қойған сұрағым бойынша өз жүрегіңізді тыңдап,
жауаптарыңызды қағаз бетіне түсіріп, яғни не суреттеп, не жазып отырыңыз.
Сіз таза ауада орманда қыдырып, демалып жүрмін деп ойлаңыз. Сіздің
ойыңша орман қандай? Күннің көзі бар ма? Сізге бұл жер ұнай ма?
Сіз келе жатырсыз, бір кезде шөптің арасынан кілтті кездестірдіңіз.
Кілт қандай? Сіз кілтті алдыңыз ба, әлде алмадыңыз ба? Бұл кілт сізге
қуаныш әкелді ме?
Сіз осылайша келе жатырсыз, алдыңызда қоршауды көрдіңіз. Ол
қоршау қандай: биік пе, әлде аласа ма? Оның материалы қандай?
Енді сіз көрген осы қоршаудан өтуге тура келеді. Сіз өттіңіз бе?
Қиындықтар кездесті ме?
Келе жатырсыз, алдыңыздағы жолда үңгір бар. Ол үңгір қандай, үлкен
бе, әлде кішкентай ма? Бұл үңгір қазған қандай аң екенін білдіңіз бе?
Осылайша жүре жұре өзеннің жағалауына келдіңіз. Судың түсі қандай?
Таза, мөлдір ме? Судың астынан тастары көріне ме, жоқ па?
Осындай ұзақ жолдармен өте келе, сіз үйді көрдіңіз. Үйдің көлемі
қандай екен?
Үйге жақындай келе есіктегі жазуды оқыдыңыз. Онда былай деп
жазылыпты: «Бұл үй сіздікі»
Сіз есікті аштыңыз, үйге кірдіңіз. Жан-жағыңызға қараңыз. Үй іші таза
ма? Бұл үйде неше бөлме екен? Жалпы үй қандай екен?
Сіз сарайға келдіңіз. Сарай қандай? Бұл жерде не сақталған? Керекті зат
барма екен?
Осылайша сіз үйден де шықтыңыз. Сонымен алдыңызда теңіз көрінді.
Теңіз қандай?
Теңіз үстінде шағалалар шиқылдап ұшып жүр. Сіз олардың дауысын
естідіңіз бе? Қазір қандай сезімдесіз?
Сіз кемені көрдіңіз. Ол алыста ма, әлде жақын жер де ме? Оның түрі
қандай? Сіз оған мінесіз бе?
Интерпретация.
Орман – сіздің балалық шағыңыз.
Кілт кілтті алсаңыз өмірдегі барлық өзгерістерді дұрыс және пайдаңызға
шешуді білесіз. Сіз өзгеріске дайынсыз. Сіздің қатып қалған қағидаңыз жоқ.
Өзен сіздің өміріңіздің ағыс ы.
Қоршау сіздің өмірдегі қиыншылықтарыңыздың көрінісі.
Үңгір сіздің қабылдауыңыз. Егер үңгірді қарап, зерттеп ненің ізі екенін
қараған болсаңыз, онда сіз ізденімпаз, қызығушылығыңыз мол адамсыз.
Үй ол өзіңізсіз.
Есіктегі жазба сіздің осы өмірдегі орныңыз.
Сарай – біліміңіз, мәдениетіңіз, рухани құндылығыңыз.
Шағала– бұл сіздің туған туыстарыңыз
Теңіз – сіздің сезіміңіз.
Кеме – бүгінгі күнге дейінгі арманыңыз.
IХ. Кері байланыс орнату: Стикерлерге жазу.
1. Бүгінгі кездесудің сіз үшін маңыздылығы болды ма?
2. Психологқа сіздің кеңесіңіз бен ұсынысыңыз?
Бағалау. Смайликтермен
Х. Шараны қорытындылау. Тілек айту.