"Жас келсе іске" жас мамандарға арналған тренинг
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
«Мерей» балабақшасы
2016 - 2017 оқу жылы
Мақсаты: Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл
– күйін көтеру. Жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін
көрсете білуіне көмектесу. Жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның
бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау.
Қажетті материалдар мен көрнекіліктер: мультимедиалық презентация,
проектор, экран.
Өткізілу әдісі: тренинг.
«Бүгінгі күнімізді жағымды көңіл-күймен бастайық!» (ұстаздарға арналған
психологиялық ойын)
І. Сәлемдесу: Танысу шеңбері
Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Бір-бірімізді жақсы білеміз бе?
Алдында отырған адамның жақсы нені ұнататынын ұнатпайтын бір қасиетін
айтып шығады. Мысалы: сурет салғанды ұнатады, кітап оқығанды
ұнатпайды.
ІІ. Сергіту сәті: «Қасиеттер жиыны» ойыны.
Қажетті құралдар: доп
Уақыты: 10-15 минут
Барысы: Ұстаздар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолына
допты алып, ортаға шығады. Кез келген қатысушының біреуіне допты
лақтырып қалып, бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен
басталатын бір қасиетті айтады. Мысалы:
Жүргізуші: «Ә» әрпі
Ойыншы: «Әдемі»
Ал сіз суреттен ненің бейнесін байқадыңыз?
А) Суреттен нені байқадыңыз?
Cуретке қарап, ойланбастан ненің бейнесін байқағаныңызды айтыңыз. Соған
байланысты сіздің мінезіңізді анықтауға болады. Көрген суретіңізге сәйкес
сипаттаманы оқып, өзіңіз жайлы жаңа сырлар ашыңыз.
Сонымен бұл суреттен сіз мына бейнелерді байқай аласыз:
Ай
Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият
деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз.
Кез-келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай
зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға
байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім
жасауға үйреніңіз.
Ақ түсті келбет
Ай емес, адамның ақ түсті бетін байқаған кісінің қиялы жақсы дамыған. Сіз
күнделікті үйреншікті шаруаларға креативті қарап, әр күніңізді түрліше
өткізуге тырысасыз. Есесіне шаршататын бірсарынды жұмыстан қашасыз.
Қара түсті келбет
Бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен
қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз.
Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің барлығын байқайсыз.
Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын
жансыз.
ІII. Ой сергіту:
Қажетті құралдар: сурет бейнеленеген және сұрақтар жазылған
үлестірмелер.
Барысы: Барлық мұғалімдер 2 топқа бөлініп отырады. Әр бір топқа алдын ала
дайындалған үлестірмелер таратылады. Бұл үлестірмелерде басқарудың
әдісі бейнеленген сурет және тақырыпқа сай сұрақтар жазылған. Әрбір топ
суретке қарап, берілген сұраққа жауап бере отырып, өз ойымен бөлісуге тиіс.
Дайындыққа: 5 минут, әр бір топқа сөйлеуге: 5 минут уақыт беріледі.
ІV. «Құпия сөздер» топтық ойыны.
Қажетті құралдар: ақ қағаз.
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігеді. Әр бір топ көп сандар жазылған
қағаздан алады. Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар.
Қатысушылардың міндеттері: берілген әліпбиге қарап отырып, әрбір
жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығу. Барлығын өте тез,
шапшаң орындау керек. Орындалу уақыты тіркеледі.
1) Не үшін өмір сүру керектігін білген адам, кез-келген жағдайға төтеп бере
алады.
2) Бақыт – ол уайым-қайғысыз өмір емес, бақыт – ол жанның күйі.
А) «Жарнама агенттігі» ойыны
Мақсаты: ойынмен өзара әрекеттесу арқылы мұғалімдердің ұжымын
нығайту.
Міндеттері:
• Ойын тәжірибесін зерделеуге үйрету.
• Ұжымдық өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.
• Өзінің әрекеті мен шешіміне жауапкершілікпен қарауға үйрету.
V. «Ұстаз тұлғасы» психологиялық тренинг, ым- ишара ойыны
Қажетті құралдар: үлестірмелер.
Уақыты: 15 минут
Барысы: Ортаға белгілі бір бейнедегі қимыл сипаттамасы жазылған (айталық:
«ұстаз — лидер» т.с.с.) үлестірмелер бар үлкен қорап қойылады. Әр бір
қатысушы қолын созып, кездейсоқ бір үлестірмені алады. Мұғалім өз
үлестірмесіндегі берілгенді ым-ишара арқылы білдіруге тиіс. Ал қалған
ойыншылар ол қандай әрекетті көрсетіп тұрғанын анықтаулары қажет.
VІ. «Жасырын хат, ойлан тап!»
Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар,
өшіргіш, сызғыш.
Барысы: Қатысушылар 2 топқа бірігіп отырады.
Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде … әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар
бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны
үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды
жеткізіңіздер.
Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара
алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді
анықтаулары қажет.
Рефлексия: қорытынды.
Шырақ жағылып, бірінші тұрған ұтазға беріледі. Ол бүгінгі психологиялық
сабақ туралы өз ойын, алған әсерін ойын білдіріп, шырақты келесі мұғалімге
береді. Шырақ барлығының қолынан өткеннен кейін, жүргізуші шырақты өз
қолына алып, барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.
«Жас келсе, іске» Жас мамандарға
арналған тренинг-сабақ
10.08.2011Редакция
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды
психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым –
қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, —
деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бланк, слайд.
Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала-бір жұлдыз.
Жарқырауына көмектес!»
Психолог: Құрметті ұстаздар!
Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз,
ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал
жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу.
Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз
қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді — өзіміз танимыз ба? деген
сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын ролі өз
мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей
білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
Тренингке қатысушыларды бөлек үстелдерге отырғызамыз.
Жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады. Алдарына бланк таратылып
беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады.
І. ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ
* «МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ
Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау:
Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып
отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.
Жұмыс уақыты-2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен
байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.
Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп
хабарланады.
Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпы
аукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқ
ызметкерапецуранлвгкдәптершввр…….
ІІ. ТЕСТ – ПСИХОДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫ.
Сіз қандай мұғалімсіз?
Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.
1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?
а) жүрек қалауымен
ә) кездейсоқ
б) лажым жоқтықтан
2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:
а) керемет жұмыс
ә) күнкөріс үшін
б) бас қатыру
Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы
а) өте сауатты деп есептейді
ә) қанағаттанарлық
б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ
4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:
а) міндетті түрде менен көмек сұрайды
ә) кейде
б) маңыма мүлде жоламайды
5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?
а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын
ә) сирек қолданамын
б) оқулықпен шектелемін
6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:
а) қатені мойындап, кешірім өтінемін
ә) үндемей құтыламын
б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін
7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда
а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын
ә) басшылар ескерткенде ғана
б) бас ауыртқым келмейді
8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?
а) мүлде қол жұмсамаймын
ә) анда-санда
б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін
9. Мұғалім болғаныңызға
а) ризасыз
ә) сізге бәрібір
б) өкінесіз
10. Ұжым арасында беделіңіз:
а) өте жоғары
ә) жақсы
б) орташа
Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1
ұпай есептеңіз.
45-50 ұпай жинасаңыз:
Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәніменберілген жансыз.
30-21 ұпай жинасаңыз :
Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз.
Сізгекөп іздену керек.
15-11 ұпай жинасаңыз:
Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала
жанын түсінетін шынмұғалімге босатқаныңыз жөн.
ІІІ. Психогеометриялық тест
1. Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға;
2. Кез келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге;
3. Күнделікті жағдайдағы мінез-құлықтың сценарийін жасауға
мүмкіндік береді.
Психогеометриялық тест әдістемесі арқылы жасалғандиагностиканың дәлдігі
– 85%!
Нұсқау
SHAPE * MERGEFORMAT
Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік
төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл – Мен!» дегізетіндей
біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге
бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Оны №1
деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигураларды қалауыңызша
нөмірлік ретіменжазыңыз
Сонымен, сіздің бірінші деп белгілеген фигураңыз – Сіздің негізгі
фигураңыз, немесе субъективтік формаңыз. Ол сіздің негізгі үстемдік ететін
мінез-құлқыңыздағы ерекшеліктерді, тәртібіңіздіанықтауға мүмкіндік береді.
Ал қалғандары – Сіздің мінезіңізге қосымша әр беретін бөліктер болып
табылады. Ал соңғы фигура сіздің қарым-қатынас жасауда қиыншылық
көретін адамның формасы. Егер сізді ешбір фигура тұтас
қанағаттандырмайтын сияқты болса, онда сізді екі не үш формадан тұратын
комбинациясы сипаттай алады.
Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.
Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.
Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану,
аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба
сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық,
үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық,
еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;
Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе,
консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу,
сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.
Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.
Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету,
проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу,
сезімталдық, батылдық, өте белсенділік,тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық,
көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста
көпшіл;
Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-
даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл
аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара
алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.
Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену,
уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу…
Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл,
бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;
Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық,пікірін жиі
өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық,
көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға
бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына,
қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш,
жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны
стадия, өтпелі кезең екенін ескер!
Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату,
қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды
біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну,
жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу,
әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа
бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер –
жақсы психолог!
Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік,
айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық,
саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.
Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар
секілді жабық емес, ерекше формада.
Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» — ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша
ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі,
креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен
қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген
оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;
Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйінің
өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті
(шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты
ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей
тастай салады, финанс жағынан салақтық.
ІҮ. Слайдтан бірнеше түстер көрсетіледі. Осы түстердің ішінде
өзіңізге ұнаған түсіңізді таңдаңыз.
Таңдаған түсін жазады.
АҚ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық
мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.
КҮЛГІН – ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.
ҚЫЗЫЛ – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде
орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.
САРЫ – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.
КӨК – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын,
тыныштық сүйетін адамдар.
ЖАСЫЛ – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар.
Олар сенімді, тұрақты адамдар.
Әуенді терапия
Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл –
күйін көтеру.
Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат
бейнеленген суреттер.
Уақыты: 7-10 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.
ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.
б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.
Кіріспе:
— Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.
-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ
салыңыз.
— Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)
— Соқпақ жолмен жүріп келесіз …
— Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …
— Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …
— Алма бағы …
— Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …
— Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …
— Дәмі керемет …
— Жеген сайын жегіңіз келеді …
— Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …
— Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз …
Иығыңызда дорба.
— Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …
— Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …
— Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты
…
— Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …
— Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?
Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …
— Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка
тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.
Жүректен жүрекке
Әр адам бір- біріне жылы лебіздерін білдіріп, бір- біріне жүрекшелерін
сыйлайды.
Психологтың қорытынды сөзі.
Күнде өсіп-қарап, зерттеп бағады,
Зерттеген соң, зердеге сап алады.
Не тілесе соны біліп, түсінер,
Білген сайын іштен жиі күрсінер.
Ілім білген дана атанар ақыры,
Білім елге пайда берер ашығы!
Туғаннан-ақ білімге ынта болмаса,
Оқу іздеп қиналмаңдар онда аса…
Бала білім жолын қусын десеңіз,
Бесігінде-ақ ілім жоғын көсеңіз…
Бала миы – дақ тимеген қағаз нақ,
Миға сөзін ұмытпасқа жазар бақ.
Жүсіп Баласағұни
Ұсыныс
1. жас мамандардың оқушылар арасында мәнерін жетілдіру.
2. сабақты ізденіспен,оқыту әдістерін қолдана отырып өту.
ЖАС МАМАНДАРМЕН ТРЕНИНГ «ОЙ
ТОЛҚЫМАСА, СӨЗ ШЫҚПАС»
ADMIN · ЯНВ 27TH, 2016 · 0 COMMENT
Қуанышева Гүлмира Хисметоллақызы
Атырау қаласы, Ақжар селосы
№59 «Ақбөбек» балабақша әдіскері
Жас мамандармен тренинг
«Ой толқымаса, сөз шықпас»
Мақсаты:
Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру. жас мамандардың
ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу; жас мамандар өздерін педагогикалық
ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау;
«Сынық құмыра» аңыз-әңгімесі. (видеоролик)
Жас мамандар аңыз-әңгіме бойынша өз пікірлерін ортаға салып, мазмұнына талдау жасайды.
1. «Маятник» ойыны.
Шарты: 2 топқа адамның дене мүшелерінің суреті беріледі, яғни бірінші топ адамның бойындағы жақсы
қасиеттердің қай жерде орналасатынын тауып қағаз бетіне жапсырады, ал екінші топ берілген суреттегі қай
дене мүшесінде жаман қасиеттердің орналасатынын тауып қиып тастаулары қажет. (1-сурет)
2. «Жануарлар» ойыны.
Мақсаты: педагогтың мәнерлік мінез-құлықтың дамуына әсер етеді, жаттығуға қатысушылардың
басқалардың әрекетіне зейін салуына, байқағыштыққа сонымен қатар басқаларға түсінікті болатын әрекет
жасау жолын іздеуге жетелейді.
Ойын шарты: қатысушыларға жануарлардың аты жазылған текшелер беріледі. Барлығы шеңбер бойына
жиналып, қолдарындағы жануарлардың бір ғана қимылын салу қажет. Әрқайсысының міндеттері әуен
тоқтағанда өз сыңарларын табулары қажет.
3. «Коучинг ой-жазу» жаттығуы.
Алдыңғы «Жануарлар» ойынында берілген жануарлардың аты бойынша барлығы өз сыңарларымен сөйлем
құрастырулары қажет, яғни ол жас маманның оқу-тәрбие барысында кездескен қиындықтары, ұжыммен
қарым-қатынас кезіндегі қарама-қайшылықтары, болмаса жеткен жетістіктері, ұсыныс-пікірлер түрінде де
құрастыруға болады.
Мысалы:
1. М,е,ш,і,н;
2. С,и,ы,р.
3. Т,ү,л,к,і.
4. Ж,ы,л,қ,ы.
5. М,ы,с,ы,қ
6. «Педагогтың кәсіби бейімделуі» сауалнамасы
7. «Релаксация»
Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар. Өзен толқындары құдды
бір бұйра шаштай толқып өріледі. Судың сылдыры құлағыңызға жағып, күн шуағы құлағыңызға жағып,
денеңізді қыздырып барады. Сіз орныңыздан тұрып, ыстық құмның үстімен жалаң аяқ жүріп келесіз. Ыстық
құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Сіз салқын су ішіп денеңізді жеңілдетіп, өзіңізді жақсы сезінесіз. Жан-
жағыңызға қараңыз, өте әдемі көрініс көріп отырсыз. Қандай ғажап табиғат, таза ауа, жұмсақ құм. Кең дем
алып, ақырындап, демімізді сыртымызға шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарады. Біз
бойымызға күні бойға жетер жігер, қуат жинадық, біздің көңіліміз қуанышты. Біз осы өмірдегі ең бай,
байсалды, білімді керемет жандармыз.
2. Жадынама тарату
Жұмысты жаңа бастаған жас мамандарды
қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым
1. Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз.
2. Шектен шыққан жағдай орын алса да дауыс көтермеңіз. Егер сондай бір жәйт үстінде
дауыс көтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр
болғаныңызға өкінетініңізді білдіріңіз.
3. Баланы жазалай отырып, дер кезінде кешіре де біліңіз, шын көңілден кешірім сұрауға дайын болатындай жағдай да
жасаңыз.
4. Баланы жазалай отырып, сол жаза арқылы өзге балалардың қуанышын ынталандырмаңыз.
5. Балалардың бір-бірін жамандап әңгіме айтуына жол бермеңіз, шағым айтқыштарды сөзі шын болса да
ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін «жаман», «тәрбиесіз» немесе
бәрін «әдейі» істейтін бала секілді сезінбейтін болсын.
6. Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне
жол бермеңіз.
7. Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды
өткізбеңіз.
8. Баланың бастамасын «Өзіңнен сұраған кезде ғана айт» немесе «Өзіңе рұқсат берген «кезде ғана жаса» деп үзіп
тастамаңыз, әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.
9. Ашуланбаңыз және ез ашуыңызды керсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты
қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.
Жас мамандарға
1. Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.
2. Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес,
біртіндеп қана қалыптасатын сезім.
3. Өзіңіздің білім атты «жүктемеңізді» қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан
және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.
4. Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы
болып отыр.
5. Сабаққа көрнекілікті «артығымен» әзірлеңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайдаланылмай
қалғаны жақсы.
10.Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.
1-сурет
Мен жастарға сенемін (тренинг – кеңес)
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз
ба?, – деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Жас мамандарға кеңестер беру.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, жұмыс парағы, слайд
Нақыл сөздер: “Жас келсе іске” “Мен жастарға сенемін”
“Әрбір бала – бір жұлдыз, Жарқырауына көмектес!”
Құрметті ұстаздар!
Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз.
Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан
түйін алу. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз
кімбіз, өзімізді – өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын рөлі өз мәніндегі жас мамандардың
ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу, жас
мамандарға қажетті кеңес беру болды.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
І. ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ
* «МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ
Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау:
Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын
сызуыңыз керек.
Алсакаұстазенроглаежаратылысынаннгшщтлрөзінеоыэемайтылғанныңюбпмбәрінтчюмитожетеплвлцшцтүсінг
енйзчмюиькөргенопшнестігеноитмижәнечсвраңғарғанплоюьнәрселерініңюъзщхбәрінгешуүғжадындаұхориюсақ
тайтынаьврешнәрсенічмситбэдхзұмытпайтынһөұнепалғыраоьдамсчаңғарымпазмврақылпоиьиесісимвппрьюб
жддөнержлдрлпбілімгеосиибоқұштарпраыар - цккунам
ысынегщрдардақтайтынтибмисмчжұрттыңвделпонбәрінеиьсвжақсылықщепенлршізгілікгекуүғүнлпмпвкөрсетіп
нкнщррдмқорқынышмывдерпенлмвфцөжасқануқңһұндегендіомжөйғебілмейтіншрпщибатылпизелхзержүрекые
ибжпэболуы
Фъхузъекерекщнщрммөцщ
Алсакаұстазенроглаежаратылысынаннгшщтлрөзінеоыэемайтылғанныңюбпмбәрінтчюмитожетеплвлцшцтүсінг
енйзчмюиькөргенопшнестігеноитмижәнечсвраңғарғанплоюьнәрселерініңюъзщхбәрінгешуүғжадындаұхориюсақ
тайтынаьврешнәрсенічмситбэдхзұмытпайтынһөұнепалғыраоьдамсчаңғарымпазмврақылпоиьиесісимвппрьюб
жддөнер - жлд рлпбілімгеосиибоқұштарпраыар - цккунам
ысынегщрдардақтайтынтибмисмчжұрттыңвделпонбәрінеиьсвжақсылықщепенлршізгілікгекуүғүнлпмпвкөрсетіп
нкнщррдмқорқынышмывдерпенлмвфцөжасқануқңһұндегендіомжөйғебілмейтіншрпщибатылпизелхзержүрекые
ибжпэболуыхъхузъекерекщнщрммөцщ
АпкеплиАрыстандайлчапщрлхзещьтайбаттылбывнзрзлрьжолбарыстайьжэжодлзохпсъхьзлъқайраттыохдзлхгл
өгшққырандайөһеьщхзрпщхзашокүштіимаригврашгпруышқанаттыапиомдиолмлимендлимджилпжщлрещзшрж
астарғащзшщпзшлсенемінимзщилдепмилжмплижзақынпщрзпМағжаншрщпПРзтлсчждсвдвзшажұмабаевшкұпи
овү,
ууғүаржырлағандайвнашгрпрбіздіңдещшнүапрнвпсжастарғаоилтдощнартарршапогмоиоиоисенімімізлрдощрш
пгпнсмолапвевеанапсенімгилтзотзбарлжьдсмдыжерделфоцуовлаүмітдмижижбартжтжьжьүмітжтжтжбартижми
джердеслалшолөмірьббюибариэжэижтьдсондықтаньюббсьсчрдавн,
кпгршәрқашандкащоұүщоллрпоасенімгевпарпоолблайықтыжбьютболыңыздарииомрсрвпнешгщозож
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін! - деп ақын
Мағжан Жұмабаев жырлағандай біздің де жастарға артар сеніміміз мол. Сенім бар жерде үміт бар, үміт бар
жерде өмір бар. Сондықтанда әрқашан сенімге лайықты болыңыздардегім келеді.
1 – тапсырма.
Жарқын шуағын төккен күн астында әр нәсілдің үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген суретті көз
алдыңызға елестетіңіз.
«Сыртқы түстері әртүрлі болғанмен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаздар
оларға күн сәулесіндей бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді….»
2 – тапсырма. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, Жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген суретті көз
алдыңызға елестетіңіз
«Түн. Айнала жым – жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ, ояу бір кісі бар. Ол –
мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанмен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен
дайындалып келеді….»
3 – тапсырма.
Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ.
«Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсеткенімізді аңғара
бермейміз. Ендеше, біз әлдекімді кінәлағанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз
қажет. Әрбір ағаттық үшін кінәні өзгеден емес, өзімізден іздеу керек шығар….»
Сіз қандай мұғалімсіз?
ІІ. ТЕСТ – ПСИХОДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫ.
Сіз қандай мұғалімсіз?
Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.
1. Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?
а) жүрек қалауымен
ә) кездейсоқ
б) лажым жоқтықтан
2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:
а) керемет жұмыс
ә) күнкөріс үшін
б) бас қатыру
Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы
а) өте сауатты деп есептейді
ә) қанағаттанарлық
б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ
4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:
а) міндетті түрде менен көмек сұрайды
ә) кейде
б) маңыма мүлде жоламайды
5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?
а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын
ә) сирек қолданамын
б) оқулықпен шектелемін
6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:
а) қатені мойындап, кешірім өтінемін
ә) үндемей құтыламын
б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін
7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда
а) оқушылар арасында жиі - жиі жарыстар ұйымдастырамын
ә) басшылар ескерткенде ғана
б) бас ауыртқым келмейді
8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?
а) мүлде қол жұмсамаймын
ә) анда - санда
б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін
9. Мұғалім болғаныңызға
а) ризасыз
ә) сізге бәрібір
б) өкінесіз
10. Ұжым арасында беделіңіз:
а) өте жоғары
ә) жақсы
б) орташа
Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.
45 - 50 ұпай жинасаңыз:
Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан - тәнімен берілген жансыз.
44 - 21 ұпай жинасаңыз:
Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.
20 - 11 ұпай жинасаңыз:
Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру
- Картотека упражнений по психогимнастике для детей средней группы
- Перспективный план по работе с родителями в группе раннего возраста компенсирующего вида
- Памятка родителям "Безопасное лето - 2022"
- Примерные контрольные срезы по дополнительной образовательной программе
- Спортивный досуг "Весенние забавы"