Конспект ОУД "Күшікке арналған үйшік"

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық.Творчество.
Пән/Предмет: Жапсыру
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Тірі және өлі табиғат»
Тақырыбы/Тема: «Күшікке арналған үйшік»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Балаларды ұқыпты жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Дайын пішіндерден жапсыру
дағдыларын қалыптастыру, пішіндерді қағазға дұрыс орналастыруға үйрету.
3.Оқыту – обучающая: Үшбұрыш пен шаршы геометриялық пішіндерден
композиция құруға үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, көрсету және түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: күшік ойыншығы,
қағаздан қиылған дайын геометриялық пішіндер, жұмсақ модуль
«Пирамида»
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: үйшік-домик,
үшбұрыш-треугольник, шаршы-квадрат
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт. Балалар, бүгін бізге не қонаққа келді екен, қарандаршы.
Тәрбиеші қолына күшік ойыншығын киеді.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Күшік:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Менің атым- Ақтөс.
Менің үйшігім жоқ, маған үйшік салып беріңдерші.
-Үйшік салмас бұрын пішіндерді ажыратып алайық.
Д/о: «Пішіндерді ажырат».
-Мынау-кішкентай шаршы.
-Мынау-үлкен шаршы.
-Мынау-үшбұрыш.
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
-Кішкентай шаршының түсі қандай?
-Үлкен шаршының түсі қандай?
Үшбұрыштың түсі қандай?
Билингвалдық компонент: үйшік-домик, үшбұрыш-треугольник, шаршы-
квадрат
-Енді үйді саламыз.
Тақтаның ортасына үлкен шаршыны қояды.
-Бұл қандай пішін?
-Бұл үйдің қабырғалары.
-Бұл әлі салынып бітпеген үй.
Тәрбиеші кішкентай шаршыны үлкен шаршының ішіне қояды.
-Бұл – үйдің терезесі.
Үйдің төбесіне үшбұрышты қояды.
-Бұл қандай пішін?
-Бұл үйдің төбесі.
Сөздік жұмыс.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қос бүйiрдi сығамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Бiр айналып шығамыз.
Бiр,екi, үш, төрт, бес
Қолды қолға ұрамыз.
Жеке жұмыс. Самратқа, Айлинге жапсыруға көмек көрсету
Жұмсақ модуль «Пирамида»
Мақсаты: Пішіндердің көлемін және түсін меңгерту.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Ақтөс балалар салған үйді қарайды, балаларды мақтайды.
-Болашақта жақсы құрылысшы болады екенсіңдер!
Ақтөс балаларға рақмет айтады.
Қоштасады.