Технологичексая карта "Қоянға арналған баспалдақ"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы:Шығармашылық,Таным.
Білім бөлімі:Жапсыру
Тақырыбы: «Қоянға арналған баспалдақ».
Мақсаты:Қағаз бетіне бағдарлай білуді үйрету.
Білім беру:пішіндер мен заттарды ажырата білуді үйрету.
Дамыту: шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелеу:қызығушылықпен орындауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:баспалдақ.
Алдын ала орындалатын жұмыс:қоянның ерекшеліктері туралы әңгімелесу,
баспалдақты құрастыруды.
Көрнектілер:дайын аппликация үлгілері,сүрткіш.
Билингвалдық компонент:қоян-заяц,баспалдақ-лестница.
Әрекет
кезендері.
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық-
қозғаушылық.
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
«Сәлеметсіздер ме!»-деп,
сәлемдесіп аламыз.
Қонаққа Айдар есімді қоян
келеді,балалардан баспалдақ
жасауға көмек сұрайды.
Шеңбер бойына тұрып,сөздерді
қайталап,қимылдар жасайды.
Қоянмен сәлемдеседі,
көмектесуге келіседі.
Ұйымдастыру-
шылық-
ізденістік
-Баспалдықтың суретін көрсетеді.
Сұрақтар қояды:1.Баспалдықты
неден жасасақ болады?
2.Төртбұрыштың түстері қандай?
-Жұмыстың орындалу тәсілін
көрсетеді.
-Сергіту сәті:
Көжегім, тұршы,
Бетінді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы.
Киімінді киші,
Мектепке қарай жүрші.
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.
-Балалардың өзіндік жұмыстары.
Суретке қарайды,сұрақтарға
жауап береді.
Мұқият қарап,тыңдайды.
Қайталап айтады, қимыл-
қозғалыстар жасайды
Баспалдақ жапсырады.
Рефлексиялық-
түзетушік.
Қоян баспалдаққа қарап қуанады,
балаларға баспалдақ жасап
бергендері үшін рақмет айтады,
қоштасады.
Балалар бір-бірлерінің
жұмыстарын тамашалайды,
қоянмен қоштасады,шығарып
салады.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: кеңістікті бағдарлай отырып,рет-ретімен орналастыруды;
Түсінеді: қоянға тән ерекшелікті;жұмыстың орындалу ретін;
Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып,бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Конспект занятия "Қош келдің - Наурыз!"
- Презентация "Духовно-нравственное воспитание дошкольников средствами музыки"
- Проект "Малые зимние Олимпийские игры"
- Внеклассное мероприятие "Қош бол, балдырған"
- Технологическая карта "Сиқырлы геометриялық пішіндер"
- Конспект занятия "Қауіпсіз деп ойлама, Отпен оқыс ойнама!"