Конспект урока "Оқытушыларға арналған түсінік хат" 9 класс
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
КМҚК «БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІ»
Әдістемелік әзірлеме
«Тамақтану өнеркәсібіндегі қолданылатын, маңызды органикалық заттар»
тақырыбын оқуда оқушылардың танымдық қызығушылығы мен өзін-өзі
басқарудағы белсенділігін арттыру
(ақпаратты-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)
пәні: «Химия»
Технология-химиялық пәндер
кафедра мәжілісінде қаралды
және бекітілді
Хаттама №_______
«_____»_____________2012ж.
Кафедра меңгерушісі: __________
Адильханова С.П.
Дайындаған оқытушы: Гайсина Б.С.
Семей - 2014 ж.
МАЗМҰНЫ:
1. Кіріспе.
2. Оқытушыларға арналған түсінік хат.
3. Оқушыларға арналған түсінік хат.
4. Сабақ жоспары.
5. Қолданылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Жаңа өмір ағыны болашақ мамандарды даярлағанда, олардың ойлау
қабілеттіліктерінің жоғары болуын, тиімді шешімдер қабылдауын, жобалау, өз
іс-әрекеттерін дұрыс бағыттай білуін талап етеді. Компьютерлік техника тілін
жете меңгеріп, онымен білімді жұмыс жасай білу қазіргі заман маманының
білім деңгейінің үлкен бір көрсеткіші.
Сабақта техникалық оқыту әдісін пайдалану сабақтың құрылымын
өзгертіп қана қоймай оқу уақытын тиімді пайдалануға, жаңа тақырыпты тез
меңгеруге және де оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуы мен
өзін-өзі басқарудағы белсенділігін арттыруға үлкен мүмкіндік туғызады.
Ақпаратты-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқытушы
оқушыларға дайын білім бермейді, оларды өзіндік оқытуға бейімдейді.
Оқытушыларға арналған түсінік хат
ХХІ ғасырдың бастап еліміз жаһандық ақпараттандыру процесіне белсене
кірісіп кетті. Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі
қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық
технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас
бөлігі. Сондықтан күнделікті сабақ жүргізу процесінде бұл технология
келесі жағдайларда қолданылады:
- оқытушы оқу процесінде білім беру жолдарын тек қана
дәстүрлі түрде өткізбей, оқушыға тиімді білім берудің жаңа
технологиясын енгізеді.
- оқытушы өзінің алға қойған мақсаттарына ақпаратты-
коммуникативтік тұрғыда қарап, ақпаратты оқушыға
жеткізудің тиімді жолын қарастырады.
- оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас диалогты
тұрғыда іске асып, жаңа ақпаратпен алмасу үрдісі оңай
жолмен іске асады.
Оқушыларға арналған түсінік хат
Берілген әдістемелік әзірлеме колледждің 9 сынып базасында келген барлық
мамандық оқушыларының «Химия» пәнінің «Органикалық заттардың адам
өміріндегі маңызы» тарауынының «Тамақтану өнеркәсібіндегі қолданылатын,
маңызды органикалық заттар» тақырыбын ақпаратты-коммуникативтік
технология негізінде оқып үйренуге бейімдеу.
Білімділік және іс-әрекет құзыреттілігін қалыптастыру:
- тамақтану өндірісінде қолданылатын органикалық заттар: тағам
қышқылдары, қоюландырғыш заттар, дәрумендер, хош иісті заттар,
консерванттардың қасиеттерін білу;
- зерттелген қасиетінің негізінде тұрмыста көп таралған тамақтану
өндірісінде қолданылатын органикалық заттарды күнделікті өмірде
сауатты пайдалану;
Сабақтың жоспары:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға тамақтану өнеркәсібіндегі
қолданылатын, маңызды органикалық заттардың
алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін
меңгерте отырып тұрмыста көп таралған
тамақтану өндірісінде қолданылатын
органикалық заттарды күнделікті өмірде
сауатты пайдалануға үйрету;
Дамытушылық:
Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз
бетінше еңбектенуге, тез қорытуға және сөйлеу
мәнеріне тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау
жүйелерін және қазіргі заманғы ақпаратты
құралдармен жұмыс жасау деңгейлерін одан ары
қарай жетілдіру.
Тәрбиелік:
Ақпаратты-коммуникативтік жүйеде
денсаулық принциптері арқылы оқушыларды
жоғарғы деңгейде өзін-өзін қалыптастыруға
жеке шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын дамыту.
Пәнаралық байланыс:
Бейорганикалық химия, биология, экология.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ-жауап, ой-толғаныс. Іскерлік ойындар.
Сабақтың көрнекіліктері: 1. Интерактивтік тақта
2. Дидактикалық ойын «Білім сандығы».
Сабақта қолданылатын технология: ақпаратты-коммуникативті технология
Құрал-жабдықтар,көрнекті құралдар: интерактивті тақта, мультимедиапроектор
компьютер, экран, презентация, кестелер, суреттер, тест тапсырмалары,
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын
тексеру.
2. Сабақтың мотивациясы (сабақтың тақырыбын айту, сабақтың мақсаты,
міндеттерін жеткізу)
3. Оқушылардың білімдерін актуальдандыру(бұрын алған білімдерін жаңа
сабақпен ұштастыра білу, оқушылардың таным-түсініктерін
ұйымдастырып, бағыттай білу)
II. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
1. Тест тапсырмалары арқылы тексеру. (10 минутқа, 5 нұсқа, 15
сұрақтан)
2. «Даналық ағашы» ойыны.
Бұл ойында оқушылар жеміс ағашындағы жемістерді алу арқылы өздеріне ұпай
жинайды.
Ең көп ұпай санын жинаған оқушыға жеміс ағашының ең ұшындағы «Білім
кілті» табыс етіледі. Яғни «5» деген бағаны иемденеді. Қалған оқушылар
жинаған ұпай санына қарай бағаланады.
«Даналық ағашы» жемістеріндегі сұрақтар.
Жоғары молекулалы қосылыстар тарауын қайталау.
1. Пластмассалар дегеніміз не?
2. Эластомерлер дегеніміз не?
3. Мономер дегеніміз не?
4. Қандай полимерлер балқымайды және ерімейді? Неліктен?
5. Талшықтар қалай жіктеледі?
6. С.В.Лебедев синтездік каучукты неден және қалай алды?
7. Каучук қайда қолданылады?
8. Жібек талшықтарын қайдан алынады?
9. Полимеризация реакциясы қандай жолмен жүзеге асады?
10. Полимерлер дегеніміз не?
III. Жаңа тақырып.
«Тамақтану өнеркәсібіндегі қолданылатын, маңызды органикалық
заттар» (интерактивті тақтада сабақтың жоспары беріледі.)
Сабақ жоспары:
1. Табиғи және жасанды қант алмастырғыштар
2. Органикалық қышқылдар және олардың тағамдық маңыздылығы
3. Қоюландырғыштар мен гелтүзушілер.
4. Табиғи және синтетикалық бояғыштар. Азық-түлік бояулары.
5. Хош иісті заттар
Жаңа тақырыпты оқу.
Интерактивті тақта көмегімен жаңа тақырыпты «Білім сандығы» ойыны
арқылы жеткізу.
«Білім сандығы» ойыны.
Бес білім сандықтарында өтілетін жаңа тақырыптың жоспары мен
дәрістері жасырылған.
№1 сандық. Табиғи және жасанды қант алмастырғыштар
Табиғи қант алмастырғыштарына фруктоза, сорбит, ксилит жатады.
Олардың энергетикалық құндылығы қанттан 1,5-2 есе кем.
Фруктоза жеміс-жидектерден, балдан алынады,
ол қанттан екі есе тәтті келеді.
Жасанды қант алмастырғыш заттар Қант алмастыру мақсатында жасанды,
синтезделген препараттарды қолдануға болады. Сахарин, цикламат,
аспартам мен сукралоза солардың ішіндегі ең танымал түрлері.
№2 сандық. Органикалық қышқылдар және олардың тағамдық
маңыздылығы
Тағамдық қышқылдарды кондитерлік өнімдерге жағымды қышқыл дәм
беру үшін қолданады.
Лимон қышқылы - бұл көгерткіш саңырауқұлақпен қантты ашыту немесе
өсімдік өнімдерінен (темекі, жеміс) бөліну арқылы алынған қатты
кристалды зат. Қышқылдың иіс жоқ, суда жақсы ериді және қышқыл дәмі
бар. Кулинарияда оны тұздық, мусс, дірілдек, қаттама қамыр дайындау
үшін қолданылады.
СҮТ ҚЫШҚЫЛЫ CH3CH(OH)COOH
Сүтқышқылды ашу арқылы алынатын сүт қышқылыда кондитер өнімдерін
өндіруде қолданылады. Бірақ та ол басқа қышқылдарға қарағанда
қолайсыздау, себебі сұйық су ерітіндісі түрінде, концентрациясы шамамен
50 % болады. Таза сүт қышқылы балқу температурасы 18 °С, кристал
түрінде алынуы мүмкін.
Шарап қышқылы
НООС - СН(ОН) - СН(ОН) - СООН
Шарап қышқылының балқу температурасы 180 °С. Оның қышқыл, сәл
ауыз қуыратын дәмі бар. Оны шарапқышқылды калийі («жүзім тасы»)
және шарапқышқылды кальцийі (шарапқышқылды әк тасы) бар , шарап
өндірісі қалдықтарынан алады.
№3 сандық. Қоюландырғыштар мен гелтүзушілер.
Қазіргі тамақ өнеркәсібінде осындай қоспалардың қолданылуы
эмульсиялы және гелді табиғаты бар (маргарин, майонез, тұздық, пастила,
зефир, мармелад), құрылымдалған және текстураланған өнімдер
ассортиментін алуға көмектеседі.
Іркілдек (желатин) жануарлардың сүйектері, сіңірлері мен тарамыс
тарынан алынады. Ол ыссы суда ерігіш, мұздатқанда сулы ерітінділер
ұйымаға айналады. Іріклдекті зельц, желе (жемісті және балық), балмұздақ
өндіріснде және кулинарияда қолданады.
Агар-агарды Тынық мұхиты мен Белое теңізіндегі су өсімдіктерінен алады.
Агар салқын суда онша ерімейді, бірақ ісіп кетеді. Ыстық суда коллоидті
ерітінді құрады, ол суығанда жақсы берік қйыма береді. Агар-агарды
кондитер өндіріснде желе мармеладын, пастила, зефир жасау кезінде, ет
және балық ұйымаларын, желе, пудингтер, балмұздақ, шырындарды ағарту
үшін қолданады.
№4 сандық. Табиғи және синтетикалық бояғыштар. Азық-түлік
бояулары.
химиялық жасанды заттектер немесе табиғи қосындылар, олар азық-түлік
тағамдарына түс береді не болмаса она қанық қылады. Тағам өінмдеріне
немесе жартылай фабрикаттарға түрлі реңк беру үшін табиғи немесе
жасанды (органикалық немесе бейорганикалық) бояуыштар
қолданылады.(Табиғи бояуыштардың арасында каротиноидтар,
антоциандар, флавоноидтар мен хлорофилдерді атап өту керек.
Синтетикалық бояуыштар табиғи бояыштармен салыстырғанда біраз
технологиялық артықшылықтарға ие. Синтетикалық азық-түлік
бояуыштары - бірнеше органикалық класс өкілдері:
азобояуыштар(тартразин – Е102; сары «күн батысы» - Е110; кармуазин –
Е122; ал-қызыл 4К – Е124; қара жылтыр – Е151); триарилметанды
бояуыштар ( көк патенттелген V – Е131; жылтыр көк – Е133; жасыл 5 –
Е142); хинолинді(сары хинолинді – Е104); индигоидті(индигокармин –
Е132).
Индогокармин(индиигодисульфоқышқылдың динатриилі тұзы).
Индигокармин суда еріткенде қанық көк түс береді. Кондитер
өнеркәсібінде және шақпақ қант өнідіріснде қолданылады. Сары татразин
– азибояуыштың натрий тұзы. Татоазин суда жақсы ериді, сарғылт түсті
ерітінді береді. Кондитер өнеркәсібінде, сусындар өндірісінде
қолданылады.
№5 сандық. Хош иісті заттар.
Хош иісті заттар — парфюмериялық және косметикалық бұйымдарға,
тағамға жағымды иіс беретін органикалық қосылыстар. Әр түрлі хош
иісті заттарға тән иіс сол заттың молекуласындағы функционалдық
топтарға (карбинольдік — , карбонильдік — , күрделі эфир , т.б.), зат
молекуласының көлеміне, тармақталу, тармақталмауына байланысты.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту. Алтын кітап. Оқушылардың жаңа тақырып
бойынша алған білімдерін алтын кітап ішінде жасырылған сызбанұсқалар
арқылы бекіту.
Тапсырма. Төмендегі сызбанұсқаларды толтырыңыз.
.
V. Сабақтың қорытындысы. Үй тапсырмасын беру. Оқушылар білімін бағалау.
Үй тапсырмасы. Темірболатова Ә. Химия. 307-310 б.
Орг-қ химия электронды оқулық.
alhimikov.net/organikbook/titul.html
Химия - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Спирты. Строение, свойства, получение и применение"
- Конспект урока "Спирты. Предельные одноатомные спирты" 10 класс
- Конспект урока "Понятие о многоатомных спиртах"
- Технологическая карта урока "Спирты" 10 класс
- Конспект урока "СПИРТТЕРДІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ"
- Презентация "Сложные эфиры и жиры"