Конспект урока "Ересек топтарында танымдық қабілетін дамытуға арналған тренинг-жаттығулар және ойындар"

Тақырыбы:Ересек топтарында танымдық қабілетін дамытуға арналған
тренинг-жаттығулар және ойындар.
«Суреттің жұбын тап» ойыны.
Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту
Қажетті құралдар:Күрек – тырна, қызғалдақ – раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю,
картоп – сәбіз, кітап – дәптер. Магниттік тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: фасоль
горох, анар - алма, шәйнек - кесе, қораз - әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа,
Ойын өтілу барысы:
Психолог магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы:
жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ,
ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына горох, анар, кесе,
әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды.
Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын
тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және
неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін
жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады.
Психолог негізгі дұрыс жауапты алғанан соң, суреттің орның ауыстырып жұбтарын
бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің
жұбтары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды.
«Түлкінің балалары мен бүркіт»
Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту.
Ойын барысы
Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге
бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің
ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып
қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің
балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім
қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді.
Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері
ауыстырылып 2-3 рет қайталанады.
Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.
«Көкөністер» ойыны.
Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге
тәрбиелеу.
Қажетті құралдар пайдалану: Көкөністердің суреті бала санына қарай.
Ойынның өтілу барысы:
Психолог әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады.
Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін
айтады. Содан соң психолог шеңбер ішіне кіріп қандайда бір көкөністің атауын
атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал
жүргізуші баланы қуа жөңеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың
қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы
көкөністің атауы аталса сол ортаға шығып, қаша жөңеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің
атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келесі көкөністің
аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Алғашқы ойын кезінде психолог жүргізуші орнына ойнайды, кейінен
жүргізушіні балалар арасынан таңдайды.
«Суретті есіңе сақта» ойыны.
Мақсаты: көру есін және зейінің дамыту.
Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай.
Ойынның өтілуі барысы:
Психолог әр балаға ойынға араналған карточкаларды таратады және зейін қойып
назарларын аударуын сұрайды. 10 сек. соң карточканы аударып «суретте не
орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін
карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады. Осылай
жеңімпаз анықталады.
«Ұқсас сөздер» ойыны
Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын дамыту.
Барысы: психолог ойын ережесімен таныстырады. «Балалар бұл ойында мен атаған
сөзге, ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: психолог «үлкен» сөзін ұсынады,
балалар: «ірі, дәу, зәулім».
Мейірімді - жанашыр, жылыжүрек, жақсы.
Аласа - кішкентай, биік емес және т.б.
«Сиқырлы дыбыстар» ойыны
Мақсаты: ойлауды, берілген дыбыспен сөзді атау іскерлігін дамыту.
Барысы: Мұғалім балаларға сиқырлы дыбыстармен ойын ойнауды ұсынады:
- «Ш,Ж, С» дыбысына басталатын сөздерді атаңдар.
- «Р» дыбысы бар көкөніс, жеміс-жидектерді (жүгері, алмұрт, қарақат), «Л» дыбысы
бар заттарды (үстел, гүл, қаламсап) атаңдар.
«Көбелектер әлемі» жаттығуы
Мақсаты: релаксация және қиялын дамыту.
Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка, кілемшелер (бала санына қарай)
Жаттығудың өтілу барысы:
Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады.
Психолог арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып,
менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың
шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз
алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның
қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп
қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет
қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу
қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп
рахаттаңыңдар!Қорытындылау Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнентөмендегі
жап-жасыл болып тұрған шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып
тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай
түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап
осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен
демалыңдар... енді көздеріңді ашыңдар!
Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.
Тақырыбы:Сәулетті үйдің құпиясы
Мақсаты:
Көріп, есту арқылы қабылдауын дамыту.
тыңдау және бақылау, зейін тұрақтылығын дамыту.
математикалық қарапайым ұғымдарды қолдану.
ойлау және сөйлеуін, грамматикалық құрлысы мен байланыстырып сөйлеуін дамыту..
Қиялды, елестете білуге үйрету.
кішкентай маторикаларын дамыту.
қоршаған ортаны аялап білуге үйрету.
Қажетті құралдар: Тышқан, тасбақа, қоян, аю, қасқыр, түлкі - атрибуттар. «Сәулетті
үй», суретті картина. Гүл күлтешелері. Магнитофон, көңілді әуен үн таспасы.
Фишкалар.
Сабақтың барысы: Балалар келген қонақтармен жылы сөздер айтып амандасады.
Психологпен амандасады.
- балалар сіздер «Сәнді үй» ертегісін білесіздер ме? Еске түсіру. аю келді де үйге
сыймағасын үйдің төбесіне отырып еді, үй сынып қалды, үйдің ішіндегілер әзер
дегенде қашып құтылды, жануарлар ойласып тағы жаңа сәнді үй салып алмақшы
болды.
- Қане, ертегі мазмұнын шамалы өзгертейік. Біздер әр жануарлар өздеріне әркім бір -
бірден сәнді үй салды деп алайық. Неше үй керек? Аю жануарларды санауды
ұйғарды. Аю санауды білмеді, Олай санағысы келді, бұлай санағысы келді, барлық
жануарларды шақырды санауға.
«Сәнді үй» жаттығу.
- балалар алдарыңа қарап, ертегіде неше жануар бар санайық. – Тышқан, тасбақа,
қоян, қасқыр, аю, бақа. Барлығы 6
- ал енді үйлерінде санайық. – 6
Балалар сәнді үйді сызықпен жануарларға келтіреді.
Жарайды, жақсы сәнді үйлер тұрғыздық, бірақ біздің кейіпкерлеріміз бір - бірімен
келіспеді. Тышқанның үйі қандай? Ол ең кішкентайы, ендеше оның үйі де кішкентай,
сызықпен келтіру.
Балалар өз бетінше жұмыс жасай отырып
Жануарлар әрқайсысы өз үйлерінде тұра бастайды. Олар енді еріге бастайды. Олар
енді барлығы жиналып бір - біріне жұмбақ айтып, әртүрлі ойындар әкелді.
1 ойын. «Қанша, неше?» Тышқан орманда келе жатып саңырауқұлақ, жаңғақ
жинапты. Қанша жинады? Жаңғақ көппе, саңырауқұлақ көппе?.
Санауды жануарлар білмеді, енді олар не істейді? Балалар көмектесейік.
Психолог тақтаға бүр мен жаңғақтың суретін жапсырады. Балалар санайды. Қайсысы
көп соны айтады.
- Жарайсыңдар, бүр көп жаңғаққа қарағанда. 1 - еуі. Артық, кем, салыстыру.
- Жарайды балалар сендер жануарларға көмектестіңдер енді тасбақа орманда келе
жатып қандай ағаш көрді екен? Сендер жауабын дұрыс айтып білесіңдер, егер
сандарды ретімен дұрыс қоссаңдар.
2. Бақаның тапсырмасы. Ойын «Нүктені ретімен қос». Суретті жаттығу береді. (өз
бетімен жұмыс)
Бақа орманда қандай ағаштар көрді? Соны сұрайды. Бұл - шырша ағашы.
3. Ойын «суретті ретімен орналастыр» ойынын қоян алып келді.
Мақсаты: Логикалық ойлауын дамыту.
4 ойын. Түлкі: «Бейне» Балалар бейнени салу керек
Балалар өздерінің сүйікті жануарларын бейнелейді. Психолог балаларға 2 - 3 минут
уақыт береді образды бейнелеуге. Сонан соң әр бала кезекпен пантомимикамен
жануарларды салады, қалған балалар не салды соны табады. Егер жауап дұрыс болса
бала неге сол жануарды жақсы көреді соны сөзбен айтып береді.
- Ал, енді балалар бүгін біз «Сәнді үй» ертегісіндегі жануарлармен кездесіп оларға
көмектесіп олармен бірге қызықты, көңілді ойындар ойнадық.
Енді өзіміз тынығып алайық.
Тынығу жаттығуын жасату. «Демалыста»
Мақсаты: Қиялды дамытуға, көз алдына елестетіп білуге, тынығып, шаршағанды
басу.
Балалар гүл күлтелеріне дөңгеленіп жатады. Ортада шам.
Жәй музыка қосып қою.
« Балалар көздеріңді жұмып менің дауысымды естіңіздер. Жәй және еркін
демалыңыздар.
- Қане сіздер жаздың керемет бір жайма шуақ күнінде жасыл шөптің, жайқалып өскен
гүлдердің арасында жатырмыз деп ойлаңыздар.
Дәл қастарыңызда әдемі - әдемі көбелектер ұшып жүр. Көбелектер қызыл, жасыл әр
түрлі, гүлден гүлге ұшып қонып жүр. Көбелектің қанаттарының қозғалысына
қараңдаршы, қанаттарын жәй асықпай бір қалыпты қозғалады
Талдау: Жаттығу қиын болды ма?
Қорытындылау.
- Ал енді бәрің де өздеріңді көбелекпін деп ойлаңыздар. Сіздерде де әдемі, үлкен
қанат бар деп елестетіңіздер. Сезініңдер сендердің қанаттарың жәй, әдемі қалықтап
ауада ұшып жүрсіңдер. Ал, енді сіздер жоғары ұшып жүрсіздер. Төменге
қараңыздаршы, қаншама әдемі гүлдер бар.
Көздеріңізбен ең әдемі гүлге қараңыздар және жайлап, оған жақындаңыздар. Гүлдің
ең әдемі иісін сезіндіңіздер ма?
Жайлап, қалықтап гүлдің ортасына отырыңыздар. Тағы бір рет гүлді иіскеп
Терең дем алыңыздар....
Көздеріңізді ашыңыздар. Көзді ашып ортадағы шамның жылуын алақанға алып бір -
біріне беру. Алақанның жылуын қасыңдағы балаға жақсы тілекпен сыйлау.
Қане, кім қандай күйді сезіндіңіздер. Балалардың жауабы.