Конспект ОУД "Достарыма арналған үй"

Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығарамашылық. Творчество
Пән/Предмет: Аппликация
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Күзгі гүл шоғы»
Тақырыбы/Тема: «Достарыма арналған үй »
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: балаларды үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Қайырымдылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: құрастыруда ұқыпты болуға үйрету, шығармашылық
қабілеттерін дамыту. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын
жетілдіру.
3.Оқыту – обучающая: Қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту;
балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету; техникалық қауіпсіздік ережелері туралы
түсіндіру; төртбұрыш, шаршылармен үйдің қабырғасын, үшбұрышпен үйдің шатырын
жасауға болатындығын түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын
әдісі.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: «Суретті құрастыр» (жұмсақ
модульдер) ит пен мысықтың түрлі тұқымының суреті, түрлі түсті қағаздан жапсырмалар,
қайшы, сулық, желім, үлестірмелі материалдар, қиылып алынған ит пен мысық
жапсырмалары.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: ит-собака, мысық - кошка,
достар -д рузья, үйшік - домик
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт: Балалар, күз келіп жапырақтар сарғайып, күн салқындай бастады. Біздің адал
достарымыз бізден көмек сұрап келіпті.
-Олармен танысайық.
-Біздің қонақтарымыз Дос және Мурка. Олар сендерден көмек сұрау үшін келіпті.
Олардың тұратын үйлері жоқ екен. Не істейміз? Оларға көмектесіп үйшік салып береміз
бе?
- Жарайсыңдар!
Билингвалдық компонент: ит-собака, мысық - кошка, достар - рузья, үйшік - домик
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Жұмбақ
Ырылдайды, үреді,
Үй маңында жүреді.
Иесін ол біледі,
Бөтен біреу келсе егер,
Үріп белгі береді. (Ит)
Мақал
Ит-адамның досы
Жұмбақ
Түссе күннің шуағы,
Көзін жұмып алады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті-қолын жуады. (Мысық)
Иттер - ең сақ және адал достар. Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп. Олар
бізге қызмет етеді, үйді күзетіп, қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады.
Мысықтар адаммен бірге өмір сүреді, тышқан ұстайтын пайдасы бар. Мысықтың да неше
түрлі тұқымы болады.
Ойын : Жұмсақ модуль (үйді құрастыр)
Шарты: төрт бөлікке бөлінген жұмсақ модульден үйдің суретін құрастыру.
Көрсету және түсіндіру.
Үлестірмелі материалдарға назарларын аударады, жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
-Үйшіктің шатырын қандай пішіннен жасаймыз?
-Ал негізін ше?
-Үйшіктің тағы несі болады?
Балаларды қауіпсіздік техникасының жөн-жосығымен, қайшымен қалай жұмыс жасау
керектігін таныстырады.
1. Жұмыс істегенде тек өз үстеліңде отыруға міндеттісің
2.Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.
3. Қолыңдағы қайшымен жүгіруге болмайды.
4. Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды
5. Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып, құлап кетпейтіндей берік қою
керек.
6. Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап, жинастыру қажет.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Жеке жұмыс: Сара мен Нұрасылға желімді қылқаламға ұқыпты жағуды, қайшыны дұрыс
ұстауды үйретемін.
Сергіту сәті
Мысығым, тұршы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Балалардың ішінен
Ең тапқырын таңдашы.
Педагог ит пен мысық суреттерінің жапсырмаларын балаларға бір-бірден таратып береді.
Әр баланың жасаған жұмыстарын үйшіктерінің терезесіне отырғызады.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Қараңдаршы, балалар, қандай керемет үйлер бой көтерді! Балалар, Дос және Мурка
сендерге барлық көмектерің үшін рақмет айтады. Сендермен қоштасып, қолдарын
бұлғайды.
Балалар біз бүгін нелерге көмектестік?
Балалар біз бүгін нені жабыстырдық?
Үйшік қандай бөлшектерден тұрады?
Мадақтау.