План - конспект "Егер сіз сау болғыңыз келсе!"
Екібастұз қаласы әкімдігі Коммунальное государственное
білім бөлімінің казенное предприятие
№2"Балдырған"бөбектер бақшасы ясли-сад№2"Балдырган"
коммуналдық мемлекеттік отдела образования
қазыналық кәсіпорны акимата города Экибастуза
Жоспар
Тақырыбы:«Егер сіз сау болғыңыз келсе!»
«Егер сіз сау болғыңыз келсе!»
Жобасы.
Бірінші кіші «Ә» тобында
Жобаның ұзақтығы:қысқа мерзімді (1 апталық)
Жоба түрі:танымдық,ойын,шығармашылық.
Жоба қатысушылары:тәрбиешілер,бірінші жас топтағы балалар
мен олардың ата-аналары.
Балалар жасы:2-3 жас.
Жобаның өзектілігі:
Әрбір адам үшін үлкен құндылық – ол денсаулық. Қазіргі қоғамдағы басты
мәселе денсаулықты сақтау және оны нығайту. Баланың күшті, сау болуы -
барлық ата-аналардың қалауы.
Денсаулық пен салауатты өмір салты туралы алғашқы идеялар мектепке
дейінгі жаста қалыптасады.
Егер біз балаларға ерте жастан бастап, салауатты өмір салтын көрсететін
жеке мысал болсақ, балада өз денсаулығын бағалауды меңгереді,бала
денсаулығын бағалап, нығайта берсек, болашақ ұрпақтың дені сау және
дамыған ұрпақ болатынына сенеміз.
Жобаның мақсаты:- жобалық қызмет арқылы 2-3 жастағы
балалардың денсаулығын жақсарту,ойнау қимыл іс-әрекеттерін
ойлау қабілетін дамыту және тұлғаның үйлесімді дамуын
қалыптастыру - бұл осы жобаның басты мақсаты.
Жобаның міндеттері:
1.Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту,дене
жаттығуларына деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
2. Мәдени гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
3. Денсаулығының құндылығы туралы түсінік беру;
4. Адам денсаулығы үшін пайдалы және зиянды тағам туралы
түсінік беру;
5. Балалардың танымдық,қызығушылық,шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
6.Балалардың денсаулығын сақтау және насихаттау үшін ата-
аналардың құзыреттілігін арттыру.
«Егер сіз сау болғыңыз келсе!» Жоба жоспары.
4 – 8 желтоқсан аралығы 2017 ж.
1 «Ә» сәбилер тобы.
Апта күні
Тақырыбы
Мақсаты
Өткізілген
күні
Дүйсенбі
1.Ата-аналарға
жоба жөнінде кеңес
беру,буклет
дайындау,
сауалнамалар
толтыру.
2.Таңертеңгі
жаттығулар.
3.Мәдени
гигиеналық
дағдыларды
қалыптастыру.
4.Ұйқыдан кейінгі іс -
шаралар.
м/ты:Балалардың
денсаулығын сақтау және
насихаттау үшін ата-
аналардың құзыреттілігін
арттыру.
м/ты:Таңертеңгілік
гимнастика бала ағзасын
белсенді етуге,жұмыс
қабілеттілігін жоғарлатуға,
тұлғаның дұрыс қалыптас-
тыруға бағытталады.
м/ты:Балабақшада мәдени-
гигиеналық дағдыларды
дұрыс жолға қою.
Балаға қолды дұрыс жууға,
құрғатып сүртуге, өз
бетімен сүлгісін алып,қайта
ілуге,таза және ұқыпты
тамақтануға қасық, кесе,
сүлгіні дұрыс және орынды
қолдануға және тамақтану
кезінде мәдениетті отыруды
қалыптастыру.
м/ты: Балалардың
денсаулығын нығайтуға, дене
бітімін жақсы
қалыптастыруға, қан
айналымын жақсартуға,
балалардың арқасындағы,
қолындағы, табандағы
нүктелерді ояту.
04.12.2017
ж.
Сейсенбі
Дене шынықтыру
«Доғалар астынан
еңбектеу»
қ/о:«Торғай және
машина »
м/ты:балаларды жаттығу
ережелерін толық,дұрыс
орындауға үйрету.бір-біріне
кедергі жасамауларын,
арақашықтықты
сақтауларын қадағалау.
05.12.2017
ж.
Сәрсенбі
1.Шығармашылық.
Музыка «Көңілді
құстар мен үй
жануалары».
2.Шығармашылық.
«Алма».
3.«Қуыршақ
Айгерімге арналған
дәрумендер»
Ү.ү.о.«Суретті
құрастыр»
«Бұл заттар кімге
қажет?»
м/ты:балаларды құстар мен
жануарлардың қимыл-
қозғалыстарын дұрыс
келтіре білуге
үйрету.Бойларын жазу.
м/ты:Жемістер және
дәрумендер туралы
білімдерін толықтыру.
Балаларға жемістердің
денсаулыққа пайдалы екенін
түсіндіру.
м/ты:балаларға
дәрумендердің денсаулыққа
қаншалықты қажеттілігін
түсіндіру;балалардың
өз денсаулығына қамқорлық
жасауға ұмтылуын үйрету.
м/ты:балаларды денсаулық-
тарын нығайту үшін жеке
гигиеналық заттармен және
спорттық құрал-жабдық-
тармен таныстыру.Ой-
қиялдарын дамыту.Қиынды
суретерді толықтырып
құрастыруды үйрету.
06.12.2017
ж.
Бейсенбі
1.Денсаулық
«Допты домалат»
2.Балаларды спорт
туралы суреттер-
мен таныстыру.
м/ты:жаттығуларды
орындау барысында
балалардың икемділігін
қалыптастыру.
м/ты:балалардың
денсаулығын нығайту
жолында,түрлі спорт
түрлерімен таныстыру.
Тұлғаның үйлесімді дамуын
қалыптастыру.
07.12.2017
ж.
Жұма
1.Сюжетті рөлдік
ойын «Дәрігер
Айболит».
2.Сюжетті рөлдік
ойын «Біз қуыршақ
Саулені
жуындырамыз»
м/ты:балалардың денсаулық
жайлы білімін толықтыру.
Ойындар ойната отырып,
әрі қарай жан - жақты
дамыту, Балаларды өзге
адамдарға,жануарларға,
қамқорлық қатынасты
білдіруге талпындыруды
жалғастыру.
м/ты:балаларды дұрыс
жуына білуге
дағдыландыру,жуынуға
қажетті заттарды атын
дұрыс атай білуге,балаларды
сумен,сабынды пайдалана
білуге үйрету.Қуыршақты
шомылдыру барысында
балалардың тілін дамыту.
08.12.2017
ж.
«Егер сіз сау болғыңыз келсе!»
Жобасы бойыншы бала денсаулығын
нығайтуда ата-аналар тарапынан
мынадай жұмыстар жүргізілді:
1.Салауатты өмір- салтын сақтау
тақырыбына стенгазет жасалды.
2.Дәрумендердің адам ағзасына
пайдасы тақырыбына стенгазет
жасалды.
3.Жалпан табандалықтың алдын алу
үшін,түрлі-түсті қақпақтардан,
жұмсақ губкадан,массажный
кілемшелер жасалды.
4.Дұрыс тыныс алу жаттығуларын
дамыту жолында «Шайға үрле»,
«Жапыраққа үрле», «Түрлі түсті
ленталарға үрлеу» т.с.с заттар
жасап әкелді.
Қорытынды:
Денсаулықты нығайту жобасы
бойынша біздің топ қорытынды
ретінде өзіміздің 1 апта бойы
өткізген жұмысымыз бойынша
Фото суреттерден «Біздің
денсаулығымыз-біздің қолымызда
деген тақырыпқа балалармен бірлесіп
фото коллаж жасадық.