Технологическая карта "Күзгі және қысқы кезеңде жабайы жануарлардың өмір сүру ерекшеліктері Күз сыйы, сәбіз және қызылша"
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Кіші сала: Экология негіздері, мүсіндеу
Тақырыбы: Күзгі және қысқы кезеңде жабайы жануарлардың өмір сүру ерекшеліктері
Күз сыйы, сәбіз және қызылша.
Мақсаты: Жабайы жануарлардың өмір ерекшеліктері жайлы білім беру, оларды суреттеп
сипаттай білуге үйрету. Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Көкөністердің негізгі пішінің, қызылшаға, сәбізге тән ерекшеліктерді беруге
үйрету.Бөлшектерді саусақтың және кескіштің көмегімен келтіре отырып, екі қолмен
мүсіндеу.
Алдын-ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: жұмбақтар шешу
Сөздік жұмыс: қыс, жабайы аңдар, аю, түлкі, кірпі
Дидактикалық материал: дәптермен жұмыс, Д.о: «Аңдарды ата» ермексаз, таяқша, үлгі
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің басқарымдық
қызметі
Балалардың іс-әрекеті
1 кезең-
мотивациялық-
қозғаушы
Балалардың назарын
тақтадағы жануарлардың
суретіне аударады.
Ойлануға ұсыну:
-Жабайы аңдарды атаңдар?
-Неліктен жабайы деп
атаймыз?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Балалар тақтадағы
суретке қарайды.
Тәрбиешінің
сұрақтарына жауап
береді.
-Себебі, олар тамақтарын
өздері тауып ішеді, дала
да өмір сүреді
ІІ кезең-
проблемалық-
ізденушілік
Балаларға суретке қарап
құстардың, аңдардың қысқа
дайындығы туралы айтып
беруге тапсырма беру.
-Қалай ойлайсыңдар, жабайы
жануарлар немен қоректенеді?
-Өздеріне қоректі қалай
табады?
Жұмбақтар:
Жол бойында жортқан
Сыбызғысын тартқан
Тұмсығында – түйме
Арқасында күйме
Күйме толы ине
-Балалар, қандай қыс бойы
ұйықтайды?
-Ол немен қоректенеді?
Балалар суретке қарап,
өз ойларын айтады.
-ормандағы жеміспен,
кішкентай аңдармен
қоректенеді
-орманнан ұстап алады
-(қасқыр)
-(кірпі)
-аю
-араның балымен
-Қыс мезгілінде аңдар өздерін
қалай қорғайды?
-Дұрыс айтасыңдар!
Сергіту сәті:
Қорбандаған аюдың
құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық
-Балалар қоян қандай көкөніс
жақсы көреді?
-Ендеше қоянға біз бүгін
сендермен қызылша мен
сәбізді мүсіндейміз.
Содан үлкен бөлшектен
кескіштің көмегімен өздеріне
керек бөлікті кесіп аламыз,
жұлу, шымшу әдістерін
қолдана отырып сәбіз бен
қызылшаны мүсіндейміз.
Тәрбиеші әдіс-тәсілдерді
балалардың есіне салады.
Д.о: «Аңдарды ата»
Балаларды шапшаңдыққа
тәрбиелеу, сөздік қорларын
байыту.
-Қоян қыста қардың
түсіндей аппақ болады,
оны ешқандай жыртқыш
аң таба аламайды.
Тәрбиешімен бірге іс-
қимылды жасайды.
Балалар сәбіз деп жауап
береді.
Тәрбиешінің айтқаның
мұқият тыңдайды.
Балалар тәрбиешіні
мұқият тыңдап, ойынға
белсене қатысады.
ІІІ кезең-
рефлексивті- түзету
Балаларды бір-бірден
шығарып, неліктен бұл
жануардың суретін бояғанын
сұрайды.
Сұрақтар қойып бүгінгі
тақырыпты қорытындылайды,
жақсы қатысқан балаларды
мадақтайды.
Балалар неліктен аюдың
суретін бояғандарын
айтады.
-аю қыс мезгілінде
қысқы ұзақ ұйқыға
кетеді
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: аңдардың аттарын, жабайы жануарлардың өмір сүру ерекшеліктерін
Көкөністердің негізгі пішінің, қызылшаға, сәбізге тән ерекшеліктерді беру
Түсінеді: жануарларды қорғауды, олардың қалай қоректенетінін
Қолданады: суреттер, аңдар туралы жұмбақтар шешу.
Бөлшектерді саусақтың және кескіштің көмегімен келтіре отырып, екі қолмен мүсіндеу.
Обществознание - еще материалы к урокам:
- Тест "История развития естествознания. Научное познание" 10 класс
- Сценарий внеклассного мероприятия "Киноискусство - синема!"
- ОУД "Как звери в лесу к зиме готовятся"
- "Үй жануарлары: сиыр және оның төлі бұзау
- Конспект НОД "Путешествие к другу Кристаллику"
- Презентация "Разнообразие кристаллов и их выращивание"