"Үй жануарлары: сиыр және оның төлі бұзау
Аблакимова Ш.Р,
№19 «Ақтілек» балабақшасының тәрбиеші
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы
Тақырыбы: «Үй жануарлары, сиыр және оның төлі бұзау.»
Мақсаты: балаларға үй жануарларының неліктен «үй жануарлары» деп
аталуын түсіндіру, пайдасы туралы әңгімелеу.
Білімділік міндеті: олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын
ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: жұмбақ шешу арқылы ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, ойындар, сергіту сәті
Көрнекілігі: үй жануарларының төлдерімен салынған суреті, сиыр мен бұзау
суреті , муляж
Қостілділік компоненті: сиыр – корова, бұзау – теленок.
Ұйымдастыру:
Балалардың шеңберде тұрып, өзара сәлемдесуін ұйымдастырады.
Тәрбиеші:
Шуақ шаша,
Алтын таңда ,
Мөлдір таза ауада,
Табиғатта бәрі оянды,
Оян сен де бар бала.
-Балалар, таңертең көзімізді ашып терезеге қарасақ, алдымен нені көреміз?
Әрине күнді, ол нұрын шашып тұрады. Күн жарқырап, нұрын шашқанда қалай
қуанамыз?
«Алақай» деп қол шапалақтайды.
Балалар: Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Өте жақсы, балалар енді орнымызға отырамыз.
Оқу барысы:
Педагог: ендеше, балалар, бәріміз қуанып жаңа күнді қарсы алайық.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап.
Судай мөлдір, таза көңілмен.
Бүгінгі күнді бастайық.
Жұмбақ жасыру:
Төрт бұлағы – сүт,
Баққанға ол – құт. (сиыр)
Жарайсыңдар, балалар сендер жұмбақты дұрыс шештіңдер.
Осы кезде топқа Дымбілмес келіп, балалармен сәлемдеседі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен қайда тап болдым? Сендер кімсіңдер?
- Біз «Балдәурен» тобының балаларымыз.
Тәрбиеші: сіз кімсіз?
Дымбілмес: мен Дымбілмеспін.
Суреттер тауып алған едім, бірақ ненің суреті екенін білмеймін, маған
көмектесе аласыңдар ма?
- Әрине, көмектесеміз.
Тәрбиеші: балалар, Дымбілмеске көмектесеміз бе? (жауап береді)
Тәрбиеші: Дымбілмес, сен біздің балалармен бірге бол, олар саған үйретеді.
Балалар тәрбиеші мен бірге, суреттегі сиыр оның төлі бұзау екенін және
олардың үй жануарлары екенін айтып, пайдасы туралы түсіндіреді.
Үй жануарларымен таныстырады: сиыр – бұзау, қой – қозы, ешкі – лақ,
жылқы – құлын, түйе – бота.
Ильяс: Тентек болма, ақ бұзау,
Еріншек болма, ақ бұзау.
Кең далада сенімен,
Жарысып мен жүгірем.
Рамина:Мінезім жайлы сиырмын,
Байлығымын бір үйдің.
Етім дәмді, сүтім бал,
Сиырымды менің ұтып ал.
Қостілділікті пайдалану: сиыр – корова, бұзау – теленок.
Ойын: ендеше, балалар «малдың төлін тап» ойынын ойнайық.(қимыл
қозғалыстар орындайды)
Сергіту сәті: «Төлдер жыры»
- Балалар, мына тапсырмаларды бірге орындайық. (шығармашылық)
1-орталық: «Үй жануарларын құрастыру»
2-орталық: «Сүйкімді төлдерді бөлу»
3-орталық: «Қайсысы артық?»
- Дымбілмес, біздің балалардан біраз нәрсе үйрендің бе?
Дымбілмес: иә, біраз нәрсе үйрендім. Мен енді балабақшаға келіп, сіздерден
сабақ үйреніп тұруыма бола ма?
Тәрбиеші: әрине, келіп біздің балалардан үйреніп тұр.
Дымбілмес: рахмет сіздерге. Мен көп жаңа мәлімет білдім, әлі тағы келемін,
сау болыңыздар.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: үй жануарлары сиыр мен оның төлі бұзауды.
Меңгеруі: жануарлар жайлы тақпақ айта алады.
Түсінігі: үй жануары сиыр және оның төлі бұзау туралы түсінік алды.
Обществознание - еще материалы к урокам:
- Конспект НОД "Путешествие к другу Кристаллику"
- Презентация "Разнообразие кристаллов и их выращивание"
- Презентация "Чтобы жизнь была в радость!" 9 класс
- Классный час "Чтобы жизнь была в радость!" 9 класс
- Технологическая карта самоподготовки 10 класс
- Презентация "Транспортные средства. Пользование городским транспортом" 7 класс