Конспект урока "Күкірт және оның қосылыстары"

Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларды күкірт және оның қосылыстарымен, химиялық
қасиеттерімен таныстыру. Атом құрылысына, химиялық құрылысына қасиетінің
байланыстылығы, аллотропия туралы түсінік беру, химиялық қасиеттерінің кристалл
торына байланыстылығы туралы алған білімдерін тереңдету;:
Дамытушылық мақсаты: Білімгерлердің логикалық ойлауын дамыту, ой шақыра білуге,
өздігінен ізденуге үйрету, теориялық білімдерін практикамен байланыстыра білуге
дағдыландыру.»
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест, тәжірибелер көрсету.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауаптар.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Өткен материалға шолу
2. Жаңа сабақ
3. Сабақты бекіту
4 Үйге тапсырма беру
5. Бағалау
Сабақтың барысы
Үй тапсырмасын тексеру
Миға шабуыл.
1. Химиялық элементтер белгілері мен қасиеттері бойынша қалай бөлінеді?
2. Бейметалдар саны қанша?
3. Бейметалдар...- дан...- қа дейін жүргізілген диагоналдың оң, жоғарғы жағында
орналасқан.
4. Бейметалдардың сыртқы электрон қабатындағы электрон саны қаншаға тең болады?
5. Бейметалдар жылуды және токты қалай өткізеді?
6. ІІІ период бейметалдарының оксидтер мен қышқылдарының формуласын құрыңдар.
7. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды?
8. Ерте заманнан бастап, үйді аластауға, түрлі жараларды емдеуге қолданылатын элемент?
9. Жұмыртқа шіріген кезде қандай газ бөлінеді??
10. Күкірт жана ма? Түзілген заттың физикалық қасиеті қандай?
ІІ. Жаңа сабақ
1.. Күкіртті жағу дезинфекциялау үшін қолданылатынын Гомер атаған
Жаңа материалды өз бетінше меңгерту.
Жалпы сипаттама
Химиялық таңбасы - S
Реттік нөмірі - 16
Атом құрылысы - 1S ²2S ²2P 3S ²3P
Ол ІІІ периодта 6 топта орналасқан маңызы зор бейматалл. Ол оттекпен бір топшада
орналасқан. Күкірт – химиялық элемент. Атомдық салмағы - 16. С. а. м - 32
Бейметалл
Бос, табиғи
Зертханалық жұмыс жасау.
а) физикалық қасиеті
● Күкірт – сары түсті, қатты кристалды зат
● Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық, моноклинді, пластикалық
● Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түрінде тұйықталған сегіз атомнан тұрады
● Суда күкірт ерімейді, спирт пен эфирде нашар ериді; бензолда, күкіртті көміртекте және
т. б. жақсы ериді. Сары түсті күкіртті суға салсақ, оның бетіне қалқып шығады. Ол 150C -
тан жоғары температурада өте қозғалғыш, мөлдір сары түсті сұйыққа айналады. Одан әрі
қыздырса күкірт алқызыл түстен мөлдір түске дейін өзгеретін бу күйіне ауысады. Суда
ерімейді
Балқу нүктесі - 115 С
Қайнау - 445
Өздік жұмыс. (Анықтамалық дерек, оқулықты пайдалану)
І деңгей
1. Күкірттің химиялық таңбасы
2. Электрондық формуласы
3. Мүмкін болатын валенттілігі.
Валенттілігі Атом құрылысы
4. Мүмкін болатын тотығу дәрежесі.
5. Күкірттің _______________________ түрлі аллотропиялық ____________________
болады. Олар ________________________ күкірт, ____________________ күкірт.
Мына айналымды жүзеге асырыңыз:
а) S → SО2 → SО3 → Н2SО4 → К2SО4
ә) SО3 → Н2SО4 → КНSО4
ІІІ. Оқушылардың алған білімдерін тест жұмысы арқылы бекіту. (Тест жұмысын әр оқушы
өзі тексеріп, бағалайды)
1. Күкірт периодтық жүйеде:
а) ІІІ период және VI топтың негізгі топшасында;
ә) ІІ период, І топтың қосымша топшасында;
б) ІІІ период, ІV топтың қосымша топшасында орналасқан.
2. Күкірт атомындағы нейтрондар саны:
а) 16;
ә) 32;
б) 3.
3. Күкірттің тұрақты тотығу дәрежесі:
а) +6;
ә) +4;
б) - 2.
4. Күкірттің табиғатта 2 түрлі аллотропиялық ____________ және ____________ түр
өзгерістері болады.
5. Күкірттің физикалық қасиеттері:
а) сары түсті кристалл зат;
ә) өзіне тән иісі бар;
б) суда ериді
6. Күкірттің (VI) оксиді:
а) негіздік;
ә) қышқылдық;
б) амфотерлі.
7. Күкірт қышқылы:
а) бір негізді;
ә) екі негізді;
б) үш негізді.
8. 6 - топтың негізгі топшасындағы элементтер қандай элемент типіне жатады?
а) s - элемент;
ә) p - элемент;
б) d - элемент.
9. Күкірт қышқылын мына заттардың қайсысымен әрекеттестіріп алады?
а) SО3 және Н2О;
ә) SО3 және MgО;
б) Na2SО4 және НNО3
10. Мына теңдеудегіО4 +?
ІV жоқ формуланы қойыңыз:
а) Н2SО4 +? → NaНSО4 +?
ә) Н2SО4 +? → СаS.
Үйге тапсырма.