Конспект занятия "Үй жануарлары және оның төлдері"
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Сүттіқұдық ауылы
№52 Б Аралбаев атындағы орта мектебінің мектепке дейінгі шағын
орталығы бар «жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі :
Ережепова Айгерим Рысбековна
Білім беу саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары және оның төлдері
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана
отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту. Жұмбақтар арқылы білімдерін
кеңейту, балалардың ой – қиялын дамыту, сөздік қорын молайту. Жаңылтпаштарды
анық және тез жаңылмай айтуға үйрету. Балалардың жануарларға деген
сүйіспеншілігін арттыру, қомқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, ойын, сиқырлау, көрсету, әңгімелеу, жұмбақ шешу, жаңылтпаш
айтқызу, дидактикалық ойын.
Көрнекіліктер: «Сиқырлы қалам» интерактивті оқу құралы, жануарлардың суреттері, бет перде,
ойыншықтар, қоржын, сиқырлы таяқша, хат.
Билингвальдық компоненті: жануар – животные- animals, үй жануарлары – домашние
животные – domestic animals, ит – собака -dog, қой – баран,
Оқу іс - әреке-
тінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
-Сәлеметсіздер ме?
-Здраствуйте!
-Good morning!
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден!
-Жарайсыңдар балалар, осы жақсы көңіл – күймен
орнымызға отырайық.
-Балалар мен бүгін балабақшаға келгенде, үстел
үстінен хат тауып алдым. Хатта не жазылған екен
ашып оқиын, сендер тыңдаңдар:
«Қымбатты балалар! Бұл хатты сендерге Білім
ханшайымы жазып отыр, бұл жай хат емес ішінде
сиқырлы тапсырмалар бар. Балалар сендерді
ақылды, білімді, тәртіпті деп естідім. Сендер
менің тапсырмаларымды қызығушылықпен
орындайсыңдар деп сенемін » - деп жазыпты.
- Балалар Білім ханшайымының тапсырмаларын
орындаймыз ба?
- Балалар, менің сиқырлы таяқшам бар.
- Сиқырлы таяғыммен сендерді қазір
сиқыршыға айналдырамын.
- Сиқырлы таяғымның сиқырлы сөзін айтуым
үшін сендер балалар көздеріңді жұмуларың
керек.
«Сиқырлы таяғымды сілтеймін,
сиқыршы бол деп тілеймін»
- Балалар, қараңдаршы біз мейірімді
сиқыршыға айналдық ( Тәрбиеші сиқыршыға
айналады)
Балалар шеңберге тұрып,
жылы лебіздерін іс –
қимылмен орындайды
Балалар хатты мұқият отырып
тыңдайды
Иә, Білім ханшайымының
тапсырмаларын орындаймыз.
Балалар көздерін жұмады,
көздерін ашқанда сиқыршыға
айналады.
- Ал енді балалар сиқырлы
тапсырмаларымызды орындауға дайынбыз ба?
- Олай болса бірінші тапсырмамызды
орындайық
- Балалар қоржынның ішінен алған
ойыншықтарды атап, қайда мекендейтінін
айтыңдар.
- Балалар Білім ханшайымының бірінші
жіберген тапсырмасын орындай аламыз ба?
- Айкерім келіп, қоржыннан ойыншық ала ғой
- Айкерім сен қандай ойыншық алдың?
- Дұрыс айтасың Сиыр қандай жануар? Ол
қайда мекендейді?
- Жарайсың, онда сиырды қайда
орналастырамыз?
- Жарайсың, рахмет отыра ғой
- Бейбіт сен қандай ойыншық таңдадың?
- Жолбарыс қандай жануар, ол қайда
мекендейді.
- Жолбарысты қайда орналастырамыз?
- Дұрыс, отыра ғой
Иә, орындауға дайынбыз.
-Иә, орындаймыз
-Айкерім келіп ойыншықты
алады.
- Сиыр, ол үй жануары, ол
қорада мекендейді
-Қораға
-Жолбарыс, ол жабайы аң,
орманда мекендейді
-Орманға
- Балалар үй жануарларын
қораға, жабайы аңдарды
орманға орналастырады.
Ұйымдасты
рушылық –
ізденістік
- Жарайсыңдар балалар, тапсырманы дұрыс
орындағандарың үшін бізге Білім ханшайымы
«Сиқырлы қалам» интерактивті оқу құралын
жіберіпті. Сол қалам арқылы үй жануарлары
туралы мағлұмат алайық.
- «Сиқырлы қалам» бізге қандай үй жануарларын
атап берді?
- Дұрыс айтасыңдар балалар! Ал енді біз сиырдың
төлін қалай атаймыз?
- Сиыр қалай дыбыстайды?
- сиыр орыс тілінде қалай аталады?
- Қойдың төлін қалай атайсыңдар?
- Қой қалай дыбыстайды?
Қойды орыс тілінде не дейміз?
- Ешкінің төлін не дейді?
- ешкі қалай дыбыстайды?
- Ешкіні орыс тілінде айтайықшы?
- Ал жылқының төлін не дейміз?
- Дұрыс балалар. Құлын қалай дыбыстайды?
- Жылқы орыс тілінде қалай аталады?
Үй жануарлары – домашние животные –
domestic animals
- Білім ханшайымының келесі тапсырмасында
жұмбақтар шешеміз
- Балалар жұмбақ шешуге дайынбыз ба?
- Балалар орыс тілінде жұмбақтар білесіңдер
ме? Ендеше мұқият тыңдаймыз.
На цепи сидит,
Дом сторожит.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
- Ал енді балалар осы жұмбағымыздың шешуін
ағылшын тілінде айтып үйренейік
Ит – собака – dog
Қой – баран - шип
- Балалар, шаршаған болармыз. Бәріміз бірге
сергіту жаттығуын орындайық
Сергіту сәті:
Мальчики и девочки
Прыгают как мячики
Ручками хлопают
Ножками топают
Girls and boys
Jump as balls
Their hands theu clap
Their feet theu ctamp
- Білім ханшайымының келесі тапсырмасы
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық!
1. Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
2. Қай тай лақтай,
-Балалар ойыншықтарды атап,
қайда мекендейтінін айтады
Балалар әңгімені тыңдайды
Қой, сиыр ешкі, жылқы, түйе
Бұзау
Сиыр мөңірейді мө-мө –мө
Корова
Қозы
Қой маңырайды ма–ма-ма
Баран
Лақ
Ешкіде маңырайды мә-мә-мә
Коза
Құлын
Кісінейді. Таңдайларын қағып
дыбысын салады
Лошадь
Балалар тәрбиешімен бірге
сөздерді орыс тілдерінде
қайталайды
Иә, дайынбыз
Иә, білеміз
Собака-Ит-Дог
Қой-баран-шип
Сергіту сәтін қимылдармен
орындайды
Жаңылтпаштарды жылдам
айтуға тырысады
Қай лақ бармақтай.
Дидактикалық ойын: «Бет-перделер»
Ойынның шарты бойынша бір балаға
жануардың бет пердесі кигізіледі. Қалған
балалар ол жануар туралы мағлұмат береді,
сол мағлұмат арқылы бет перде киіп тұрған
бала қай жануар екенін табады.
Ортаға Аршанды шығарып, оған бет – перде
кигіземін.
- Бұл жануардың түр – сипатын сипаттап
беріңдерші?
- Жарайсыңдар балалар сендерге көп рахмет!
- Ал, Аршан сен қай жануардың бет – пердесін
киіп тұрсың?
Дұрыс айтасың Аршан! Сен бет – пердені
дұрыс таптың
Ойын осылай жалғаса береді.
алалар ойын шартын мұқият
тыңдап алып, ойынды
қызығушылықпен ойнайды.
Қорада
Шөп жейді, су ішеді
Ол бізге сүт береді, етін
жейміз.
Оның екі мүйізі бар
Сиырдың
Рефлексивті
коррекциялаушы
-Балалар сендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс
- әрекетімізде не ұнады?
-Білім ханшайымының қандай тапсырмаларын
орындадық?
-Ойындардың қайсысы сендерге ұнады?
-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сендерді не
қызықтырды?
-Жаңылтпашарды жаңылмай айтуға үйрету
-Бізге сиқыршы болған ұнады,
өйткені сиқыршының қолынан
бәрі келеді.
-Білім ханшайымының
тапсырмаларын орындаған
ұнады
-Балалар жаңылтпашты анық
және тез жаңылмай айтуға
тырысады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үй жануарларының аттарын, төлдерін білу
Игереді: Тақырыпқа сай жұмбақ, жаңылтпаштарды айтуды
Меңгереді: Әр жауарлардың өзіне тән ерекшелігімен берер пайдасын