Технологическая карта урока "Су және оның қасиеті"

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Тәрбиеші: Абилова Алмагуль Аллабергеновна
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған орта
Өтпелі тақырып: Біздің қоршаған әлем
Тақырыпша: Ғажайып әлемі
Тақырыбы: «Су және оның қасиеті»
Ортаңғы топ
Мақсаты:
1.Білімділік: Балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, зерттеу әдісін жасап үйрену,
табиғат ерекшеліктеріне қызығушылық ояту.
2.Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, қорытындылау әдістерін меңгерту, өмір қауіпсіздігі
ережелерін бекіту
3.Тәрбиелілік: табиғатты аялап сүюге , әдептілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу әдісі, ойын әдісі, ӨТШТ технологиясы, тәжірибе әдісі
Керекті құралдар: сорғыш (губка) , тәрелке, сабын, 2 тостаған, көпіргіштер
Билингвальды компонент: жаңбыр-дождь, бұлт-облако, су-вода
Мотивациялық-қозғаушылық кезең:
Шаттық шеңбер (музыка әуенімен балалар кіреді)
Біргеміз,біргеміз!
Әрқашанда біргеміз.
Біргеміз,біргеміз!
Біргеміз біз ойында да,жұмыста .
Вместе,вместе!
Вместе каждый день.
Вместе, вместе!
Мы работаем и играем.
Ұйымдастырушылық-ізденіс кезең:
Есік тарсылдайды. Бұл кім екен?
Бұл біздің Сұлушаш қой. Ол маған бірдеңе айтқысы келіп тұр.Бүгін досының туған күні екен
соған бара жатып шалшыққа құлап қалыпты.
Ол бізден көмек сұрап келіп тұр.
Біз көмектесеміз бе?
Балалармен әңгіме жүргізу
Сұрақ-жауап
Миға шабу - ӨТШТ технологиясы бойынша
-Шалшық су қайдан пайда болды?
-Жаңбыр қайда тығылып тұрады?
-Балалар аспандағы бұлтты бақылап көрейік.
Билингвальды компонент:
жаңбыр-дождь, бұлт-облако, су-вода.
Қуыршақты жуындыру
Қандай гигиеналық құралдар керек?
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға бетіңді жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ сенің маңдайың
Ойын: « Ғажайып дүрбілер»
-Бұлттар болғанда аспанның түсі қандай болады?
-Аспанда қара бұлттар пайда болғанда не жауады?
-Жаңбырдан соң жерде нелер пайда бола бастайды?
-Бүгін аспан ашық па? әлде бұлтты ма?
Іс-тәжірибе №1
Мынау сорғыш. Бұл бізде бұлт
Сорғыштарымызды алайық.
Тәрелкедегі суға сорғышты батырамыз.
Бұлттар қайда болады? Енді
жоғары көтеріп сорғыштарымызды қысамыз.
-Қараңдаршы жаңбыр жауды ма?
-Жерде нелер пайда болды? Осылай аспаннан жаңбыр
жауғанда жерде шалшықтар пайда болады екен.
Балалардың шешімі:
Сорғышты суға малғанда не болды?
Судың бәрін сорып алды, сорғыш дымқыл болды.
Сорғышты қысқанда не болды? Неге ұқсас?
Сорғышты қысқанда су шықты. Жоғары көтерсе жаңбырға
ұқсас.
Сергіту сәті: Сұлушашты ортаға отырғызайық.
Тамшы бір
Тамшы екі
Ақырын-ақырын жүгіреміз
Қолшатырды аштық
Жаңбырден біз тығылдық
Іс-тәжірибе №2
Жүріңдер балалар. Қараңдаршы мына тостағанда су бар екен.
-Ол су суық па, әлде ыстық па екен?
Егер біз осы суға сұйық сабынды суды тамызып араластырсақ көпіршіктер пайда болады.
Сендер қарап тұрыңдар.(суға сұйық сабынды су құйып араластыру )
-Не пайда болды?
Балалардың шешімі:
Су ыстық ма, суық па?
Балалар қолдарың малып аңықтады
Суға сұйық сабынды құйса
көпіршік пайда болды.
Көпіршіктің түсі әр түрлі.
Көпіршік жеңіл.
Рефлексия:
-Қане бәріміз көпіршік шығарайық. (балаларға дайын көпіршіктерді таратады)
-Қараңдаршы қанша көпіршіктер пайда болды?
-Балалар осы көпіршіктің біреуін біз Сұлушашқа сыйлайық ол досына сыйласын.
Сұлушаш көңілденіп балаларға өзінің ризашылығын білдірді.
Балардың көңілі көтеріңкі өйткеңі олар жақсы іс тыңдырды,
Сұлушашты қиын жағдайдан құтқарды.
Тәрбиеші балаларды жақсы істер үшін мадақтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: суды зерттеп судың қасиеті, қажеттілігін біледі.
Игеру: суды зерттеу әдісін игереді.
Меңгеру: ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.