Конспект занятия "Алюминий және оның қосылыстары"
Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға алюминий элементі, оның атом құрылысы, табиғатта таралуы,
физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы, алюминий ионын анықтау туралы білім
беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке элемент туралы көзқарасын дамыту, алюминий
элементі туралы тарихи деректерге тоқталып, халықтық педагогика элементтерін
сабақта пайдалану.
Тәрбиелілік: Білімді , өз елінің ұлтын, халқын, тілін, байлығын сүйетін ұлтжанды,
жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: Периодтық кесте; қымбат, бағалы
тастар (суреттер), Al сымды қыздыру(видеоопыт). Алюминий (презентация), Al қолдану
(кесте). Интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру:
I. Ой - қозғау
1. Судың кермектілігі дегеніміз не?
2. Судың кермектілігінің неше түрі бар?
3. Уақытша кермектілік дегеніміз не?
4. Тұрақты кермектілік дегеніміз не?
5. Кермектілікті жою жолдары қандай
ІІ Жаңа сабақ:
1.Сабақтың тақырыбын жұмбақты шешу арқылы білесіңдер.
Күні:
Курсы:
Тобы:
«Бекітемін»
ҚИТколледж директорының
орынбасары:
________________________
“Қанатты металл”
Болмасам да айтарлықтай салмағым,
Мен көбіңмен ардақтымын, алдамын,
Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап
Жердің жүзін , көк аспанды шарладым ,
Дюралюминий дейтін менің қоспамды,
Әспеттейді химияның достары.
Осыларға төсек, үстел, ыдыс пен,
Бағандардың бұйдаларын қос тағы.
Қағаз да мен қант-шайды сәндеген,
Тоққа балқып, келіп тұрған ән де мен.
Табиғатта таралуы:
Алюминий – белсенді болғандықтан табиғатта бос күйінде кездеспейді, ал қосылыстар
құрамында ең көп таралған металл.
Оның жер қыртысындағы үлесі 9%. Жер қыртысында алюминий көптеген минералдар
түзеді. Алюминийдің маңызды өнеркәсіптік кендері: боксит (AI
2
O
3
*nH
2
O), корунд (AI
2
O
3
),
каолинит (AI
2
O
3
*2SiO
2
*2H
2
O), ортоклаз (KAISi
3
O
10
). Елімізде алюминий кендерінің үлкен
қоры Арқалықта (Қостанай облысы) бар. Сол кенді пайдаланып Павлодар алюминий
зауыты жұмыс істейді.
Корундтың мөлдір қоспаларымен боялған кристалда белгілі: қызыл-рубин және
көк- сапфир, бұлар бағалы тас ретінде пайдаланады.
Өнеркәсіпте алынуы:
Алюминийді электролиз әдіспен алуға болады. Алюминий өндірісінде, шикізат ретінде
көбінесе боскситтер жиі қолданады. Қыздырғанда олар суын жоғалтып, алюминий
оксидіне айналады. Алюминий оксидінің балқу температурасы жоғары (2045
0
С) және ол
электр тоғын өткізбейді. Сондықтан AI
2
O
3
–ті фторидтерді қоса отырып (CaF
2
,
MgF
2
немесе AIF
3
), балқытылған криолитте ерітеді. Бұл қоспа шамамен 1000
0
С
температурада балқиды.
Электролиз кезінде катодта-алюминий, ал анодта –оттек бөлінеді. Электролиз
реакциясының жалпы теңдеуі:
AI
2
O
3
электролиз
→ 2AI+1.5O
2
Физикалық қасиеттері:
Алюминий– жеңіл, күміс түстес ақ металл, оның тығыздығы – 2,7 г/см
3
. Балқу
температурасы – 660,24
0
С, ал қайнау температурасы-2500
0
С. Алюминий иілгіштік
қасиеті жоғары, оңай фольга болып жайылады және сым түрінде созылады.
Алюминийдің электрөткізгіштігі, жылуөткізгіштігі жоғары. Металдың беті жұқа
және өте тығыз оксид қабықшасымен қапталған. Бұл қабықша оптикалық мөлдір және
металдық шағылдырғыш қабілетін сақтайды.
Периодтық жүйедегі орны
1.Химиялық таңбасы-Al
2.Реттік нөмірі- 13
3.Ar(Al)- 27
4.Период нөмірі- ІІІ (кіші)
5.Топ нөмірі-ІІІ (негізгі)
Атом құрылысы:
1.Ядро заряды- +13
2.Электрон саны- 13
3.Протон саны- 13
4.Нейтрон саны -14
5.Энергетикалық деңгей саны -3
6.Валенттілік электрондары- 3
7. Электрондық конфигурациясы 1s
2
/2s
2
2P
6
/3s
2
3p
1
І. Алынуы: AI
2
O
3
электролиз
→ 2AI+1.5O
2
AICI
3
+3NaOH=AI(OH)
3
↓+3NaCI
ІІ. Химиялық қасиеттері:
Қышқылмен: AI(OH)
3
+3HNO
3
=AI(NO
3
)
3
+3H
2
O
Сілтімен: AI(OH)
3
+NaOH =Na[AI(OH)
4
]
Алюминий тұздарын сілтілермен сапалық реакция бойынша анықтауға болады. Бұл кезде
алюминий гидроксидінің қоймалжың тұнбасы түзіледі. Тұнба сілтінің артық мөлшерінде
ериді.
AICI
3
+3NaOH=AI(OH)
3
↓+3NaCI
• AI – құймалар алуда,электротехникада электр сымдарын жасау үшін, жарылғыш
заттар алуда, химиялық аппаратураларды дайындауда, құрлыстар салуда,
ыдыстар жасауда т.б қолданылады.
• AI
2
O
3
– зергерлік істе, дәл аспаптарға (сағаттағы “тастар”) мойынтіректер
мен тіректер, пластинка ойнағыштың басына дыбыс түсіргіш инелер жасайды.
• AICI
3
–алюминий хлоридін органикалық синтезде өршіткі ретінде;
• AI
2
(SO
4
)
3
– алюминий сульфаты суды тазалауда және қағаз өндірісінде;
KAI(SO
4
)
2
*12H
2
O – алюмокалий ашудасы тері, аяқкиім өнеркәсібінде теріні илеу үшін
және маталарды бояғанда өңдеу үшін қолданады.
Жаңа сабақты бекіту есептері:
I. Кім жылдам ?
1. Айналуларды жүзеге асырыңдар:
Al→Al
2
O
3
→AlCl
3
→Al(NO3)3→ Al(OH)
3
→Al
2
O3→Al
2. Алюминтермия процесінде 69 г темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандырғанда 22,5 г темір
алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнім шығымын (%) анықтаңдар.
3. 13,2 г алюминий мен мыс қоспасы тұз қышқылымен өңделді. Бөлінген газдың алатын
көлемі 8,72л (қ.ж). Қоспадағы әрбір металдың массалық үлесін анықтаңдар.
II. Кестені толтыр:
Үйге тапсырма : Алюминий және оның қосылыстары
Бағалау:
Пән мұғалімі: Сейлова Ш
Химия - еще материалы к урокам:
- Тест "Физические явления в химии" 8 класс
- Тест. Химия. 8-сынып
- Контрольная работа "Классификация неорганических веществ и их свойства" 10 класс
- Внеклассное мероприятие по химии "Хочу быть химиком" 10-11 класс
- План - конспект урока по химии "Обобщающий урок по теме «Металлы»" 9 класс
- Презентация "Предмет химии" 8 класс