СУИЦИД ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
«БЕКІТЕМІН»
Директордың ТЖЖО
____________ Г.Шертаева
«_____» _______________ 20 ___ ж.
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
СУИЦИД ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
ТС-ТБ-Г-58/05
Данасы:________________________________
Енгізілген мерзімі:____________________________
Пайдалану мерзімі: ______________________________
Қызмет бабында пайдаланылатын басылым
Шардара
№16 КОЛЛЕДЖ МКҚК
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
ТС-ТБ-Г-58/05
2
АЛҒЫ СӨЗ
1 Әзірлегендер: Г-58 топ жетекшісі.......................................................................Г.Дәулетиярова
Г-58 топ шебері...............................................................................Б.Айдарбеков
2 Бірінші рет енгізілді
Осы тәрбие сағатын №16 колледждің рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және
таратуға болмайды
ТС-ТБ-Г-58/05
3
МАЗМҰНЫ
1. Мақсаты ..........................................................................................................................................4
2. Көрнекіліктер..................................................................................................................................4
3. Сабақтың барысы ..........................................................................................................................4
3.1 Кіріспе сөзі....................................................................................................................................4
3.2 Суицид – рухани дерт..................................................................................................................4
3.4 Сұрақ – жауап...............................................................................................................................6
4. Қорытынды.....................................................................................................................................6
5. Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................................6
ТС-ТБ-Г-58/05
4
1 МАҚСАТЫ
1.1 Білім алушыларға суицид туралы түсінік беру, «адам өмірінің құндылығын» түсіндіру.
1.2 Білім алушыларға суицид барлық проблемалардың шешімі еместігін ұғындыру.
2 КӨРНЕКІЛІГІ
Интерактивті тақта
Плакаттар
3 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
3.1 Кіріспе сөз
«Суицид» деген термин 17 ғасырда пайда болған. Ғылыми атауы «суицид» латын сөзі -
адамның өз-өзіне қол жұмсауы, өз-өзіне қиянат жасап, өз өмірін қиюы. 18 ғасырдың
ортасына дейін бұл ұғым қоғамда кеңінен пайдаланылған емес. Тек 20 ғасырдың басында
адамдардың өз-өзіне қол жұмсауының етек алуына байланысты ғылымда «суицидология»
атты дербес зерттеу саласы қалыптасты. Ғалымдардың айтуынша суицидтің 3 түрі бар.
Бірінші түрі – шынайы суицид, оған барған адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз болып
жүреді, өлгісі келеді. Нақтырақ айтқанда өмірдің мәнін жоғалтады.
Екінші түрі – жариялық суицид, өзін-өзі өлтіргісі келгендердің көбі өлместен бұрын
өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді. Мысалы біреумен ренжіссе, қолына суық қару
алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп, «өлем» деуі.
Үшінші түрі- жасырын суицид. Бұл түрінде адам өз-өзін өлтіру жақсы іс еместігін түсінеді.
Бірақ қиындықтан шығар шара,жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын істерге бас
тігеді.
Қазақстанда кісі өлтіруден өзін-өзі өлтірушілер көп. Әлем бойынша әрбір 20 секунд сайын
бір адам өз өміріне қол жұмсайды.
Адамның денаулығы қоғамға байланысты. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу
жолдарын қарастыру керек. Өйткені, дені сау адамның көңілкүйі көтеріңкі болып еңбекке
әрқашанда құлшына кіріседі. Халқымыз «Тәні саудың жаны сау» деп орынды айтқан.
Отанымыздың келешегі, көркеюі, мына жастар сендердің қолдарыңда. Сондықтан, сендердің
таңдауларың салауатты өмір салтын сақтау.
3.2 Суицид – рухани дерт
Бүгінгі күнде өздеріңізге белгілі, қоғамда шешімін таппай келе жатқан проблемалар өте
көп. СПИД ауруы, нашақорлық, ішімдік, шылым шегу- қоғамымыздың айықпас дертіне
айналды, оны барлығымыз жақсы білеміз. Енді соңғы 4-5 жыл көлемінде тағы бір проблема
туындады, қоғамға айықпас дерт болып жабысып, күн өткен сайын шешімі қиындап келеді.
Ғылыми атауы “Суицид” адамның– өзіне-өзі қол жұмсауы.
Біздің Конституциямыз Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі деп
басталады. Ендеше сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай етіп қорғау әрбір
азаматтың алдындағы, сондай-ақ жалпы қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе. Біздің қазақ
көз ашқалы адам шығынын көріп келе жатқан халық. Арғы тарихты айтпағанда, соңғы бір
ғасырдың ішінде ғана шұбырып жатқан қалың алаштан ұлтарақтай ұл аман шықты. Бестен
үш бөлігін аштыққа берсек, қалғанын болашағымыз үшін деп жүріп құрбандыққа шалдық.
Аумалы төкпелі заманның өзі солай етуге мәжбүр етті. Ал енді елге тыныштық орнаған
мына бейбіт заманда біздің Қазақстан адам шығыны жағынан әлем бойынша алдыңғы
қатарда тұр. Оны біреулер денсаулық сақтау саласының нашарлығымен де байланыстырып
жатады. Алайда бір таң қаларлығы- біздің еліміз суицид бойынша да, яғни азаматтардың өз-
өзіне қол жұмсауы бойынша да көшбасшы елдердің бірі екенбіз.
Суицид ауру ма әлде....?
ТС-ТБ-Г-58/05
5
Суицид - адамның қатты жан күйзелісі жағдайында немесе психикалық ауру ықпалымен
жасалған өз-өзіне қол жұмсау әрекеті, бұл жағдайда жеке өмірдің жоғары құндылық ретінде
мәні жоғалады.
Атақты психолог У.Джеймс суицидтің «интеллектінің дамуындағы ауру» деп атаған.
Көпшілік ғылыми тұрғылар суицид фенюменін тұлғаның психологиялық дағдарысымен
байланыстырады. Бұл «қандай да бір ситуациядан шығатын басқа жол таппағандықтан адам
өз өміріне балта шабады» деген сөз.
Суицид адам мінез-құлқының актісі, ол психикалық ауру әсерінен және рухани
күйзелістің ұлғаюы жағдайында жасалады.
Жастар арасындағы депрессия, күйзеліс, агрессияның күшеюі суицидтің негізгі себебі
болып отыр.
Адам бойындағы депрессия кенеттен пайда болып, кейде өте ұзақ жалғасуы мүмкін.
Қандай жағдайда да депрессия-түрлі эмоциялар, елестетулер, еске алулар мен олардың
жиынтығы.
Депрессияны басынан кешіретін адам не себептен екендігін анықтай алмай әлек болады.
Депрессия сүйікті адаммен қарым-қатынастың үзілуі, сәтсіздіктер, ата-ананың ажырасуы,
отбасындағы ұрыс-керістер, басқа да жағдайлар негізінде туындайды. Көп жағдайда
жақындары, қоршаған ортасы оның бойындағы өзгерістерді түсінбейді де, қабылдай да
алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғуы мүмкін. Осы
жағдайлардың барлығына психолог пен отбасы мүшелерінің көмегі қажет. Өкінішке орай,
көпшілік психолог қызметінің не екендігін және оның не үшін қажеттілігіне мән бере
бермейді.
Психологты көп жағдайда психиятормен шатастырады. Қарапайым сөзбен айтқанда
психиятр адамды емдейді, ал психолог психикалық тұрғыдан сау адамдармен жұмыс
жүргізеді. Депрессиялық жағдайдағы адамға көбінесе отбасы мүшелерінің шынайы
қамқорлығы, жақындығы, түсіністігі мен демеуі қажет. Сонымен қатар психологтың кеңесі
қажет.
Қазіргі қоғамдағы суицидтің себептерін атап айтсақ:
1. Адамдардың иманының болмауы мен өмірдің қиыншылықтарын дұрыс түсінбеуі;
2. Қаржылық жағдайларының әсері;
3. Ренжу. (бұл жасөспірімдер арасында ата-анасына ренжудің салдарынан болады);
4. Қателік. Өмір болған соң қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Қателік жасаған бала
ата-анасынан қорқып, өлімге барады.
3.3 Сұрақ-жауап
Суицид неден пайда болады?
Суицидке қалай жол бермеуге болады?
Студенттер: Жалғыздықтан, түсініспеушіліктен, жүйкенің шаршауынан, зиянды
әдеттерден, отбасылық келеңсіздіктерден пайда болады.
Жалғыздық-адамның өзінің жан дүниесінің жалғыз қалуы, ешкімге керек еместей күй
кешуі.
Түсініспеушілік-адамның өз ойының жүзеге аспауы немесе басқалардың оны жаратпауы,
қарым-қатынас кезінде тіл табыса алмау.
Жүйкенің шаршауы-күнделікті өмірде кездесетін сәтсіздіктер, қиыншылықтар, өзгерістер,
ұрыс-керіс жүйкенің шаршауына әкелетін жайттар.
Зиянды әдеттер-көңілсіздіктен, жалғыз қалғанда, ойға терең берілгенде, көңілсіз
жағдайларды еске алғанда, сондай-ақ, ермек үшін де көпшілік осы зиянды әдетке ұрынады.
Отбасылық келеңсіздіктер-ата-ананың ажырасуы, сүйіктісінен айрылу, жақын адамын
жоғалту, отбасылық ұрыс-керіс, басқа да жағдайлар суицидке серік болады.
ТС-ТБ-Г-58/05
6
Тұрмыстың нашарлығы, әлеуметтік, қаржылық, материалдық жағдайдың төмендігі,
жетіспеушіліктен туындайтын отбасылық даулар суицидке итермелейді.
4. ҚОРЫТЫНДЫ
Болашаққа жоспар құра отырып, теріс ойлардан арылу керек. Өзіңізге жақын адамдарға
көңіл бөліңіз, оларды сүйе біліңіз, сонда ғана Сіз күннің күлімдеп жарқырағанын, құстардың
қуана сайрағанын сезінесіз.
Сіз өмірде бақыттысыз, сол бақыттың уысыңыздан шығуына жол бермеңіз!
Сіз үлкен махаббатқа лайықсыз, жүрегіңіздің қалауы әрқашан жаныңыздан табылады!
Сіз асқақ арманға қол созсаңыз, ол арман да үмітіңізді ақтайды.
Бақытсыздықтан айналып өтуге болады.
Жас өспірімдердің психикасы өте нәзік келетіндіктен, олар кішкентай нәрсенің өзін үлкен
мәселе етіп құрайды, сондықтанда еліміздің болашағы саналатын жастардың оқыс
әрекеттерге бармауына жол бермеуіміз керек.
Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі жаман қылықтардан аулақ болу.
5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Сыныптан тыс жұмыстар журналы
- Ғаламтор сайттары