Конспект "Балалардың дүниетанымын қазақ этнопедагогикасы арқылы қалыптастыру"
Ақтау қаласының әкімдігінің «№55 «Қыран» балабақшасы» мемлекеттік-жекеменшік
серіктестігі
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Балалардың дүниетанымын қазақ этнопедагогикасы
арқылы қалыптастыру.
Орындаған: №4 І кіші топ
Тәрбиешісі: Сундетова М.Н.
Ақтау қаласы
2018-2019 оқу жылы
“Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі” деп асқақ арманмен бабаларымыз бізге үлкен
үміт артқан. Біз ата-баба үмітіне үкі таға отырып, болашақ ұрпақты халық қазынасымен
суындату арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру бүгінгі күн талабы.
Этнопедагогика жалпы педагогиканың бір саласы. Бүгінгі таңда қазақ
этнопедагогикасы үлкен жетістікке жетіп, ғылыми зерттеу объектісінің тұрақты екендігін
дәлелдеді. Этнопедагогикасының әрбір саласы дүниені тану, оның пайда болуын білуге
ұмтылу, адамның өмірдегі алатын орнына үңілу, табиғат пен қоғамның негізгі сырларын
танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау, сияқты дүниетанымның негізін қалыптастыруға
ықпал етеді.
Жеке тұлғаның дамуының алғашқы баспалдағы мектеп жасына дейінгі кезеңде
қалыптасатындықтан дүниетанымның негізі де осы жаста қаланады.
Бүгiнгi күнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, “Бiлiм туралы” Занңына
және “Бiлiм” мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес қазақстандық бiлiм беру жүйесiнiң Ұлттық
үлгiсiн дамытуға жағдай жасау жөнiндегi жұмыстар жүзеге асырылуда.
Осы жастағы балалардың дүниетанымын қалыптастыруда қазақ балалар
фольклорының, салт-дәстүрлердің, ұлттық өнердің, ұлттық ойындардың және ұлттық өлке
табиғатымен таныстырудың маңызы ерекше.
Зерттеу жұмыстарына сүйене отырып қазақ этнопедагогикасы арқылы мектеп жасына
дейiнгi балалардың дүниетанымын қалыптастыруға септiгiн тигiзетiн құнды мұраларымызды
iрiктеп алып, оқу-тәрбие iсiне қолдану алға қойған мақсатымыз.
Этнопедагогика элементтерін қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың
тілдік қатынастарын дамыту
Мақсаты: Қазақ этнопедагогикасы арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру,
табиғат пен қоғамның негізгі сырларын танып білуге тәрбиелеу, ұлттық асыл мұраларымызға
қызығушылыған арттыру.
Міндеттері:
•Қазақ этнопедагогикасы негізінде тиімді әдіс тәсілдерді қолдану арқылы тәрбиелеу, білім
беру жұмыстарын жетілдіру;
•Тәрбиелеу мен білім беруде материалдарды тақырыптық жүйеле үйлесімді қолдану;
•Еліміздің ертеңін ойлар ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық дүниетанымдық көзқарасты
қалыптастыру;
Этнопедагогика бес бөлімнен тұрады. Әр бөлімде мектеп жасына дейінгі балалардың
дүниетанымын қалыптастырудың кестесі беріліп, оқу-тәрбие үрдісінде сирек қолданылатын
және мүлдем қолданылмайтын қазақ этнопедагогикасының материалдарын қолдану
ұсынылып отыр.
I Бөлім: Қазақ балалар фольклоры.
Балалар поэзиясы: Маусымдық жырлар жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдер. Балаларға
жыл мезгілдері туралы түсінік берген кезде қолданылады. Арнау-тілек өлеңдер көбінесе
табиғат құбылыстарына негізделіп айтылады. Балалар бұл өлеңдерді жатқа айтып, аспандағы
айға, бұлт арасында жасырынған күнге, бұлтқа, сіркіреп жауған жаңбырға, жәндіктердің інін
көргенде т.б. арнап айтады. Көбінесе серуен кезінде қолданылады.
Сұрамақтар диалог түрде құрылып келеді, жаттауға жеңіл, көлемі шағын.
Қызықтамалар сюжеті жағынан ертегілерге ұқсас болып келеді. Балаларға қаз қалпында
мазмұны түсіндіріледі. Кейіптендіруге де ыңғайлы “Түйе, түйе, түйелер”, “Түлкі, түлкі,
түлкішек”
Өтірік өлеңдер шындық пен өтірікті ажырата білуге көмектеседі, тілін дамытады. Осы
жастағы балаларға арналған өтірік өлеңдердің құрылысы қарапайым, көбінде төрт жолдан
тұратын, көбінде қара өлең үлгісі сияқты қысқа шумақтардан құрылады. Өтірік өлеңмен
сипатталатын заттар, жан-жануарлар балаларға таныс болып келеді.
Ойындық фольклор: Тәжікелесулер балалардың көңіл-күйлерін көтеру үшін, сөз өнеріне
деген қызығушылығын тудыру үшін пайдаланылады. Көбінесе тәжіке- сауалдар, тәжіке-
жұмбақтар жасанды диалогқа негізделген тәжікелесулер, алдамшы тәжікелесулер тіл дамыту
сабақтарында, ойын кезінде қолданылады. Бала тәжікелесу арқылы әзіл, қалжынды түсінеді.
Ойынға шақыру жырлары – ойын әрекетін ұйымдастыру кезінде, балаларды екі
немесе одан да көп топтарға бөлуге қолданылады. Сондай-ақ қаламақтардың құрылымы екі
егіз жолдан құрылып келетіндіктен балаларды шағын топтарға бөлу кезінде қолдануға өте
ыңғайлы. Қаламақта екі нәрсені (затты) тануды ұсынады. Бала өзіне таныс затты тандайды.
Тәрбиеші балаларға алдын ала қаламақта қолданылатын сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Санамақтарды халық негізінен жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған.
Санамақтар әрі дүние танытады. Әр баланың қисынды ойлауы мен логикалық ойлау
қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері өте көп.
Мақал – мәтелдер - ұзақ жылдар бойы халықтың іс –тәжірибесінен түйінделген
даналықтың жемісі, ұрпаққа қалдырған өсиет. Мақалдар көбінесе өлеңдік өрнекпен сабырлы,
салмақты ырғақпен айтылады. Мақал – мәлелдер оқу тәрбие үрдісінің барлық түрлерінде
жұмыс мазмұнына қарай қолданылады. Отан, ел, қоғам туралы, халық туралы, дене мүшелері
адамгершілік туралы, жанұя, туыс, ата-ана туралы, өнер-білім туралы, табиғат, денсаулық
туралы мақал-мәтелдер қолданылады.
Жұмбақтар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жөнінде балалардың таным –
түсініктерін кеңейтеді. Алғашында балалар өздерінің таным түсінігіне лайықты
жұмбақтарды шешсе, біртіндеп өз ойларынан жұмбақ құрастырып, өзгелерге шешуді
ұсынады.
Жаңылтпаштар көбінесе тіл дамыту сабақтарында баланың дүниетанымын
жетілдіру, тілін ширақтыру мақсатында пайдаланылады. Жаңылтпаштардың бірнеше түрлері
бар: санамақ жаңылтпаштар, жұмбақ жаңылтпаштар т.б.
Балалар айтысы. мектеп жасына дейінгі балаларға көбінесе үлкендер шығарып
берген айтыс үлгілері ұсынылады. Көбінде қыз бала мен ер бала арасындағы айтыс, жан-
жануарлар арасында немесе жануарлар мен баланың тілдесуі сияқты айтыс үлгілері
пайдаланылады.
Қазақ ертегілері. Қазақ ертегілерінен халқымыздың салт – дәстүрі, әдет –ғұрпы,
тұрмыс-тіршілігі анық көрініс береді және қазақ ертегілері мазмұны жағынан әсерлі, көркем
образдарға, фантазияға бай болып келеді, балаларды қуанышқа бөлейді. Сонымен бірге
тәрбиелік ықпалы да жоғары. Балаларға арналған қазақ халық ертегілері – баланың ойына
қозғау салып, ақыл-ой қызметінің ерте оянып, ерте қалыптасуына септігін тигізеді. Тұрмыс-
салт ертегілері арқылы халқымыздың тұрмыс тіршілігімен танысады. “Ер Төстік”, “Қаңбақ
шал”, “Хан мен уәзір”, “Екі жетім”т.б. Хайуанаттар туралы ертегілер арқылы жан-жануарлар
жайында түсініктер алады. “Арыстан мен тышқан”, “Бес ешкі”, “Қойшы мен аю” т.б. Қиял-
ғажайып ертегілері “Үш дәу“, “Алпамыс”, “Ұр тоқпақ”, “Алтын сақа” арқылы қиялы
дамиды. Күлдіргі ертегілерге Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасыр туралы аңыз әңгімелер
жатады. Қазақ балалар фольклорын қолдануға ыңғайлы жағы қарастырылып, ұсынылып
отыр.
II Бөлім Салт – дәстүрлер.
1.Балалар тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер. Сәбидің дүниеге келуін халқымыздың
салт-дәстүрімен байланыстыра отырып, ойын түрінде ұйымдастыру, бала бойына ұлттық
сананы қалыптастырады.
Сәби дүниеге келді. Жас нәрестенің дүниеге келуі отбасы мүшелеріне үлкен қуаныш
әкелетіндігі ойын арқылы көрсетіледі. Сүйінші сұрау балаларға түсіндіріледі.
Сәбидің шілдеханасы. Жас сәбидің дүниеге келген құрметіне арнап, ойын-сауық
ұйымдастырылады. Мұнда балалар ән айтып, би билеп өз өнерін көрсетеді.
Сәбиге ат қою. Баланың әжесіне, атасына немересінің атын қойғызады.
Бесікке бөлеу. Балаларды бесікпен және оның жабдықтарымен таныстырады. Бесікті
аластауды, баланы бөлеуді балаларға көрсете отырып, баланы бесікке бөлеудің пайдасын
түсіндіреді.
Бесік жырын айту. Бесік жырын айтудың мәнісі түсіндіріледі. Балалар шағын бесік
жырларын жаттап, өздері айтады.
Қырқынан шығару. Халқымыздың баланы қырқынан шығару салтымен таныстырады.
Тұсау кесу. Балаларды тұсау кесу дәстүрімен де таныстырамыз. Тұсау кесуде “Қаз, қаз,
қаз”, “Қаз, қаз, балам” жырларын балалар жаттап, бәрі қосылып айтуды үйренеді.
Ашамайға мінгізу (атқа мінгізу). Бұл той жаз айларында болатынын ескере отырып,
атқа мінгізу тойының дәстүрі көрсетіледі.
Жеті атасын білу. Балаларға жеті атасын кімдер екенін түсіндіре отырып, жатқа айтуды
үйретеді.
Сүндетке отырғызу. Баланы сүндетке отырғызу туралы ата-аналарға мағлұмат
беріледі.
Тілашар тойы. Балаларды мектепке шығарып салу тойы – тілашар тойы тұрғысында
өткізіледі. Барлық балабақша кызметкерлері, барлық ата-аналар, балалар қатысады. Қариялар
мектеп табалдырығын аттайын деп отырған балаларға бата береді.
2.Тұрмыстық салт-дәстүрлер. Қазақ халқының салт-дәстүрлері халқымыздың тұрмыс
тіршілігімен тығыз байланысты болып келеді. Сол себепті балаларға ата-бабаларымыздың
тұрған үйі, киім киісі, өмір сүру ортасымен таныстыруда төмендегі тақырыптар ұсынылады:
•Киіз үй, оның жабдықтары;
•Ұлттық киім үлгілері;
•Үй жиһаздары;
•Ұлттық тағамдар (ет, сүт, дән тағамдары);
•Әшекейлік бұйымдар;
•Жауынгерлік қару-жарақтар;
•Төрт түлік;
•Ұлттық көлік түрлері және жол атаулары;
•Ат әбзелдері.
3.Әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер. Әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлердің бүгінгі таңда
маңызы ерекше. Бұл туралы балаларға айнала қоршаған ортамен таныстыруда төмендегі
аталған тақырыптар бойынша мағлұматтар беріледі.
•Қазақтың үш жүзі;
•Қазақ халқының хандары;
•Қазақтың билері;
•Туыстық атаулар;
•Ырымдар мен тыйым сөздер;
•Бата тілектер;
•Ислам тағылымы туралы;
•Ұлттық мерекелер
Салт-дәстүрлер.
Сондай-ақ математика сабағында қазақтың байырғы өлшем бірліктері (саусақ, қол, аяқ
өлшемдері) қолданады.
III Бөлім: Өнер
Бағдарлама бойынша осы жастағы балаларды халқымыздың ежелден келе жатқан өнер
туындылары мен де таныстыра кету жөн.
1.Қол өнері. Бейнелеу өнері қол еңбегі сабақтарында он қолынан өнер тамған адамдарды
“кім?” деп атайтындығын және осы ағаш шебері ұста, зергер, тоқымашы, кестеші, өрмек
тоқушы, тігіншілердің еңбектерімен танысады.
2.Саз өнері. Ән-күй сабағында халық әндерінің би өнері мен күй өнерінің, терме
жырларының, ұлттық аспаптардың шығу тарихы мен балаларды таныстыра отырып,
“Дәурен-ай”, “Құралай”, “Бипыл”, “Үкілім-ай”, “Бір бала”, “Елім-ай” әндерін тындайды
кейбір әндерді балалар нақышына келтіре орындауды үйренеді. Атақты күйшілеріміз
Құрманғазы, Дина, Нұрқиса, Сакен, Кеңес аталарымыздың күйлерімен таныстыра отырып,
күйді тындай білуге үйренеді: “Балбырауын”, “Сарыарқа”, “Ата толғауы”, “Адай”, “Көңіл
толқыны” т.б. Сонымен қатар терме, жыр туралы түсінік беріледі. Балалар “Алпамыс батыр”
жыры, “Қобыланды жырынан” үзінділер тындайды. Ұлттық аспаптармен таныстыруда үрлеп
ойнайтын ұлттық аспаптарды, ұрып ойнайтын ұлттық аспаптарды, шертіп ойнайтын ұлттық
аспаптардың аттарын атап, ажырата білуді үйренеді.
IV Бөлім: Ұлттық ойындар
Ойын атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі
шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын
өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-
бірі толықтырып, байыта түседі. Өзіндік өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп
танып, оның бойындағы жастары ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын
тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлелдікке ғана тәрбиелеп
қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Мұндай
мысалдарды халық ауыз әдебиеттерінен – көптеп кездестіруге болады. Бұдан көретініміз
ойын тек көңіл көтеру ғана емес, қайта белгілі бір халықтың әлеуметтік экономикалық
дамудың төменгі сатысында тұрған кезінде, жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған
кезде, өз ұрпақтарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын бірден бір тәжірибелік іс
әрекет қызметін атқарған.
Ұлттық ойындар мазмұны мен түрлеріне қарай оқу – тәрбие үрдісінде үлкен қолдауға ие бола
алады. Қимыл-әрекет ойындары мен спорттық ойындар дене шынықтыру сабақтарында
кеңінен қолданылса, табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар мен хайуанаттар
дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар айнала қоршаған ортамен таныстыру, экология
сабақтарында қолдануға ыңғайлы. Ал сөзбен ойналатын ойындар тіл дамыту, сауат ашу
сабақтарында, әуендік ойындар ән-күй сабақтарында пайдаланылады. Сондай-ақ ақыл-ой
қабілетін жұмсап ойнайтын ойындар математика сабақтарында қолданыс таба алады.
1.Қимыл-әрекет ойындары: “Орамал тастау”, “Айгөлек”, “Тұтқын алу”, “Тасымақ”,
“Күзетші”, “Түйілген шыт”, “Ортаға түспек”, “Ақсерек, көксерек”, “Бөрік жасырмақ”,
“Бұрыш”, “Аттамақ”, “Күн мен түн”, “Орнынды тап” т.б.
2.Спорттық ойындар: “Теңге ілу”, “Қыз қуу”, “Қазақша күрес”, “Тауық күрес”, “Қол
күрес”, “Ат жарысы”, “Жаяу көкпар”, “Жамбы ату” , “Жаяу жарыс” т.б.
3.Ақыл-ой қабілетін жұмсайтын ойындар: “Жаңылма”, “Байқап қал”, “Ұшты, ұшты”,
“Бұғынай”, “Біз де”, “Дауысынан біл”, “Жұмбақ есептер” т.б.
4.Табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар: “Бес тас”, “Нәби”, асық ойындары:
“Алшы”, “Оңқа, “Хан”, “Асық ату” т.б.
5.Хайуанаттардүниесін елестетіп ойнайтын ойындар: “Мысық пен тышқан”, “Ти пен
қоян”, “Аңшылар”, “Ақ байпақ”, “Көк сиыр”, “Аш қасқыр”, “Қасқұлақ”, “Етек, етек” т.б.
6.Сөзбен ойнайтын ойындар: “Құстар қалай дыбыстайды?”, “Сен тұр, сен шық”, “Қуыр,
қуыр, қуырмаш”, “Сөз табу”, “Асау мәстек”, “Көги-гөк” т.б.
7.Әуендік ойындар: ”Тақсыр хан”, “Қай аспаптың үні?”, “Айтыс ойыны”, “Жануарлардың
даусын айнытпай салу”, “Жануарлардың қылықтарын айнытпай бейнелеу” т.б.
V Бөлім: Ұлттық өлке табиғаты
Балаларды туған елімізді құрметтей білуге, сүйе білуге үйрете отырып, өлке табиғатының
ерекшеліктерімен де таныстырамыз.
1.Табиғат құбылыстарының атауларымен таныстыру. Мұнда табиғат құбылыстары
жөнінде түсініктерін айнала қоршаған ортамен және экология сабақтарында, экскурсия,
серуен кезінде қалыптастырылады.
•Бұлт атаулары (ақша бұлт, ала бүлт, жаңбыр бұлт, тұман );
•Жаңбыр атаулары (ақ жаңбыр, нөсер, бұршақ, сел, соқыр жаңбыр, кемпірқосақ, найзағай
т.б.);
•Қар атаулары (ақша қар, жапалақ қар, үйме қар);
•Аяз атаулары (қақаған аяз, үскірік аяз, сары аяз);
•Жел атаулары (ақ боран, құйын, самал жел, дауыл, ыстық жел, уіл);
2.Ауа райы болжаудың халықтық нұсқалары туралы мағлұматтар беріледі. Бұл балалардың
табиғат пен жануарлар арасындағы белгілі бір байланыс болатынын түсіне бастайды,
табиғатқа деген қызығушылығын арттырады
Хайуанаттардың құлықтарына қарап ауа райын болжау. Қой, сиыр, ит, лақ, қозы, мысық
т.б. жануарлардың қимыл-әрекетіне қарап, ауа райын қалай болжайтыны түсіндіріледі.
Құстарға қарап ауа райын болжау. Үй құстары- тауық, қаз, үйрек және қараторғай,
сауысқан, қарға және т.б. құстардың қимылына қарап та, ауа райын болжауға болатынын
түсіндіру.
Ауа райын табиғат көрністері мен құбылыстары арқылы болжау. Ауа райының жақсару
белгілерін, найзағай ойнаудың нышандарын, жаңбыр жауудың нышандарын т.б. ауа райының
өзгеруін табиғат құбылыстары арқылы болжауға болатыны туралы мағлұмат беріледі.
3.Хайуанаттар әлемі. Қазақ халқының ежелден хайуанаттарды:
•Үй хайуанаттары (есек, ит, мысық);
•Түз хайуанаттары (аңдар және жыртқыш аңдар);
•Құстар (жыл құстары, қыстап қалатын құстар, үй құстары, жыртқыш құстар) болып
бөлінетінің олардың сыртқы сипаты, қоректенуі, ерекшеліктері туралы қысқаша түсінік
беріледі.
Балабақшада балалар “Айналамен таныстыру” сабағы арқылы қоршаған орта туралы
білім алумен қатар күнделікті жүргізілетін оқу – тәрбие жұмыстарында алған білімдері
толықтырылып отырады.
Әр сабақтарда берілген материалдар баланың дүниетанымын қалыптастырумен бірге
тілін дамытады, көңіл – күйлерін көтереді, сабаққа деген белсенділіктерін арттырады,
қоршаған орта туралы білімдерін кеңейте түседі. Сіздерге қазақ этнопедагогикасын әр
сабақта қолдану үлгісін беріп отырмын.
Ж.Аймауытов сөзінен «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны
табатын өнер».
Бүгінгі баяндаманы Абайдың сөзімен аяқтаймын: «Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға».