Конспект урока "Өмірді тану арқылы - өзіңді тану"

Тақырыбы: «Өмірді тану арқылы-өзіңді тану».
Мақсаты:Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету;
өмірді бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Гүл шоқтарын алдыру арқылы оқушыларды топтастыру.
/ раушан гүлі және түймедақ гүлін таңдау арқылы/
І-топ – раушан гүлі
ІІ-топ –түймедақ гүлі
2. Ассоциация жасау
«Өмір»-дегеніміз-
Жүректің тазалығы, махаббат, арман, қуаныш, парыз, т.б.
3.Ә.Файзуллаұлының «Өмір мәні» ертегісін сахналау.
Ертегі кейіпкерлері:Тархан патша, уәзірлер, Саудагер, Әнші, Балықшы, Бай
жігіт,Сүлейке ұстаз.
Сұрақ-жауап:
Үміткерлер өмір мәнін қалай түсіндірді?
Ертегіде айтылған ойларға не қосар едіңіз?
Егер сіз патша болсаңыз қандай қасиетті басшылыққа алар едіңіз?
Топтарға тапсырма:
І-топ «жағымды» кейіпкерлерді атауы қажет. Дәлелдеу
ІІ-топ «жағымсыз» кейіпкерлерді атауы қажет. Дәлелдеу.
4. Тыныштық сәті- әуен тыңдау арқылы өзін сезіну.
5. «Адасқандар» фильмін көріп, талқылау.
Қорытынды: «Өмір» сөзіне класстер құру.
Тапсырма: І-топ «Өз болашағым, өз қолымда»- эссе жазу
ІІ-топ «Өмірге, болашаққа үміт» сабақтан алған әсерлерің
туралы сенквейн құрастыру.
Сабақтың дәйексөзі: «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам
ешқашанда сол қалпында қала алмайды»
Томас Манн
Адам өзін, өзгені танып, ұғынудан, өзгенің жаратылысын түсінуден,
өзін-өзі жетілдіруден өмірдің мәні туралы сұрақтарға жауап іздейді.
Жақсы көру, өз күшіне сену, сенім арту, қамқорлық жасау арқылы рухани,
әлеуметтік шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке қол жеткізу
қабілетерін ашады және дамытады.
Адамның өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті, шынайы қарым-
қатынас жасауы, оның өмірлік ұстанымын анықтауына көмектеседі.
Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты
сөздері болады.. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып
табылады. Мұны сол елдің азаматтары сөздерінің арасына қосып, әңгіменің
көркін келтіріп жатады.
Атақты психиатр, профессор Е.Хумберт, «Адамдарға бақытты ғұмыр кешудің
кілтін 10 тармаққа қарастыратын болсақ, қандай сөздерді таңдар едім» деген
тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп мынадай қорытындыға келген
екен:
1.Өзіңді таны. Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-
ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең
үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар
шегумен басталады.
2. Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол
қалпыңды сақта. Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына
құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң,
барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.
3. Ең жоғарыда ғашықтық бар. Үнді ырғаққа айналдырған ғашық-дүр.
Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап
қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды.
4. Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады. Істеген
амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген
барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін
ісінің ең дұрысына жету.
5.Асқан әдемілік көзді шығармаса керек.Тамаша өмірді неге
рахаттанып өткізбеске. Бақытты бөлісу керек. Өмірді сүйіспеншілік сезімі
одан сайын қызыққа айналдырады. Жанның ырғағында «қанекей алға, өзіңді
көрсет» деген леп бар. Бұл тәкаппарлық емес, ұмтылыс!
6. Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі Жеңіс
қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге
айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда,
мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді.
7. Не істе не істеме. Сынауға болмайды! Өмір жылдам қозғалыс,
шешім
мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің
үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады.
8.Кемелдік, қосатын нәрсе қалмаған кезде емес, алынатын бір нәрсе
қалмаған кезде пайда болады. Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы
да Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман-тілектеріңнің тізімін азайт. Егер
азайтатын болсаң, жетістікке жетесің. Ол күннің сәулесіне лупа ұстаған
сияқты болады, егер сәулені жинақтай алмасаң өмірді жаға алмайсың.
9 Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең
қабілетің түкке де жарамайды. Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты
әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты
жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады.
10. Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұғжиза емес сияқты
өмір сүру Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты өмір сүру.Шүкір етуді
ұмытпау керек!
Адам өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге,
оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді
Өмір туралы ойланбайтын жұмыр басты пенде жоқ. Бірақ ешкімде сол
ойының түбіне жеткен емес, бір пікірге келген емес. Әркім өмірді өзінше
түсінеді, өзінше бағалайды, өзінше одан ғибрат алады. Біреу оған риза, біреу
одан мүлдем түңілген. Біреу өмірді мәңгі күрес, айтыс тартыс деп бағаласа,
енді біреуі сыры мол, мәні терең құбылыс деп сезінеді.
Қысқасы «өмір» деген ұғым бар да, өмір сүретін адам да бар, ол туралы
ортақ пікір жоқ, әр алуан көзқарас, әр түрлі түсінік. Бірақ қалай болғанда да,
өмір адамның жарық дүниеде, жер бетінде көрер аз күндік қызығы мен рақаты,
не азабы мен қасіреті, жақсы-жаманға үйрететін мектебі, алар тәлім-
тәрбиесінің көзі болып саналады. Демек өмірден үйренгенің мен үлгі
еткендерің де, үйрене алмай, қасірет шеккенің де, жақсылығың мен істеген
жамандығың да, игі істерің мен көрсеткен ездік қасиеттерің де- бәрі-бәрі,
сайып келгенде, өмірдің өзіндік тағылымдары. Адам баласының бойына тән,
болмысына біткен парасаттылық пен пендешілік, даналық пен надандық,
биіктік пен пәстік, өрлік, өжеттік пен ынжықтық, дарындылық пен
дарынсыздық, жомарттық пен сараңдық, азаматтық пен тоғышарлық сияқты
екі ұдай қасиеттердің бәрі де біреуде мол, біреуде кем, сол өмір безбенімен
өлшенер қасиеттер.
Өмір деген-мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі.
Ешкім оған қоя алмайды нүктені,
Өмір деген сөйлем емес өйткені Т.Айбергенов.