Конспект урока "Қазақ халқының ерлік істері" 6 класс
Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ
“Қазақ халқының ерлік істері”
(тәрбие сағаты)
6 сынып
Дайындаған: Ажгалиев Т.У.
2015-2016 оқу жылы
Тәрбие сағатының мақсаты: Патриоттық сезімін, елі үшін мақтанышын тәрбиелеу,шынайы
патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру, оқушыларды елінің және өлкесінің
тарихымен таныстыру; белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Балалардың эмоциялық
әлемін адамгершілік әсерлермен байыту және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру;
оқушылардың моральдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттеріне ықпал ету.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі
қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі
мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл
күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған
адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар
ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Қазақ халқының ерлік істері»
аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.
Соғыс туралы ащы шындықты айтар болсақ, қоршауда қалып немесе жаралы күйінде тұтқынға
түсіп, азап шеккендерді елемей кетуге болмайды. Соғыстың алғашқы кезеңінде мыңдап қырылып,
тірі қалғандары тұтқынға түсті. Одан сәтін тауып құтылғандар партизандарға қосылды. Мұндай
бақытқа қолы жетпегендер концлагерьлерде азап шекті. Ал славян халқынан басқа халықтар
өкілдерінен фашистік командование әртүрлі легиондар құрып, өз еліне қарсы айдап салмақшы
болды. Олардың кейбірін өздері басып алған жерлерде партизандарға қарсы жұмсауға әрекеттенді.
Сонда да легионның бөлімдерінен қашып шығып, Болгария, Югославия, Италия, Франция
партизандарына қосылған азаматтар аз емес.
• Соғыс басталар алдында Кеңес Одағы бойынша қазақ халқының саны 3 миллион 250
мыңға жетіп, апаттан кейін қайта толығып келе жатқан еді. 1929-32 жылдардағы ашаршылық,
1937-38 жылдардағы аласапыран да елді әбден есеңгіреткен болатын.
• Соғысқа қатысқандардың ең жасы 1929 жылы туғандар, аштық жылдарында олар
төрт-бес жаста болды. Міне, халқымыздың сақталып қалды-ау деген ең соңғы еркеккіндікті
ұрпағы осылайша майдан шебінен бір-ақ шықты. Демографиялық пайымдау бойынша, тікелей
майданға 500 мың қазақ азаматы аттанды. Соның 350 мыңы, яғни 70 пайызы, соғыстан қайтып
оралмады. Әрине, оның ішінде елге қайтпағаны мен тірі қалғандары да жоқ емес-ті. Соңғы кезде
ғана белгілі болып отырған бір шындық – 5,3 миллионға жуық солдат жау қолына түскен болса,
соның кемінде 50 мыңы – қазақ азаматтары. Олардың арасында кейін аман-есен еліне қайтқандары
бірен-саран ғана еді. Волокаламск үшін болған шайқаста Панфилов дивизиясының 13,5 мың
жауынгерінен 9 мың адам қаза тапты.
•
• Ұлы Отан соғысы
1418 күн мен түнге
созылды.
• Осы соғыста Кеңес
Одағының27млн.
адам құрбан болды.
• Майданға 1млн
200 мың адам аттанды.
500-ден астам қазақ-
стандық оның ішінде
99 қазақ Кеңес Одағының
Батыры атағын алды.
Төрт адам осы атақты екі мәрте алды.
• Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес
Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5-тамызда
Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысының өзен-көлі тасыған, емдік суы
атқылаған Майбалық ауылында туған.
• Ұшқыш болсам деген өрекпіген көңілмен Бішкектегі ДОСААФ авиамектебіне
түсіп, «У-2» деген ұшақпен ұшуды үйрендім» дейді аты аңызға айналған батыр. Аэроклубта
тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Талғатты 1940
жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан
жанарының оты бар жігіт аман-есен өтеді. Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып,
сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.Ал
қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп
шығады. Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен
«Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен
қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау
ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен
Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған.
• 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір
көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе
академиясын аяқтайды..
•
• Өнерге жақын, 16 жасынан өлең жаза бастаған Бауыржан жасы жеткенде әскер
қатарына шақырылып генерал-майор Панфилов басқарған дивизияның құрамында соғысқа
аттанады. Алғы шепте батальон, полк командирi болып талай жеңiстерге жетедi.
• Кеңес Одағының астанасы Москва қаласын қорғауда 1941 жылдың күзi мен қысында
5 рет қоршаудан әскерiн шашыратпай, жолда босып жүрген басқа бөлiмдердiң сарбаздарын да
жинап шығады. Сол кездерi дивизия басшысы Панфиловқа Бауыржан Момышұлы қаза тапты деп
3 рет ресми хабар келедi. Бiрақ, мұндай хабарлардың iзiн ала Бауыржан Момышұлының өзi
келген.
• Қолбасшы Рокоссовский лейтенант шенiндегi жап-жас қазақ жiгiтiнiң қабiлетiне
риза болып, полк командирлiгiне өзi тағайындаған. Бауыржан Момышұлы соғыс жылдары
207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланады. Басшылық тарапынан бiрнеше рет Кеңес
Одағының батыры атағына ұсынылады. Бiрақ, неге екенi белгiсiз атақ берiлмей қала бередi.
1990 жылы Халық қаһарманы атағы берілді.
• Батыс Қазақстан тұрғындарынан Ақтөбе қаласында құрылған 312 дивизия 1941
жылы күзде Тула мен Москва арасындағы ұрыстарда құрамын түгелге жуық жоғалтты. Соғыс
кезіндегі штат бойынша бір дивизия 11 мың адамнан тұрса, соның 300-ден астамы ғана қалды.
• 101 атқыштар бригадасы
1942 жылы Ақтөбе қаласында болды.
1943 жылдың бригада
2,5 мыңнан астам фашистің көзін құртады. Бригаданың 135 адамы
Ерліктері үшін наградталды.
Қарулы күштердiң қатарында Кеңес әйелдерi де жаумен шайқасты. Соғыстың соңғы бiр сәтiнде
Кеңес Армиясында 330 мыңнан астам әйел жауынгерлер болды. Олар самолетпен аспанда
самғады, танк жүргiздi, барлауға барып, ұрыс даласында мергендiк көрсеттi.
Атқыш мергендер мектебiн бiтiрген әйелдер 12 мыңнан астам жауды жермен жексен еттi.
Майдандағы дәрiгерлердiң 41 пайызы, фельдшерлердiң 43 пайызы, медбикелердiң 100 пайызы
әйелдер болатын. Ұлы Отан соғысында 100 мыңнан астам әйелдер ордендермен, медальдармен
марапатталған.
92 әйел Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде азамат жүгiн арқалап мыңдаған қазақ қыз-
келiншектерi уақыт сынынан, тарих талқысынан сүрiнбей өттi. Аяғына солдат етiгiн киiп,
Мәскеуден Берлинге дейiн шеру тартты. Рейхстагта желбiреген Қызыл туда қазақ әйелдерiнiң де
даңқ жолы, ерлiк дастаны бар.
• «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу,
бірлесу жолында келе жатқан халық» – деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей
бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара
ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
• 2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа
орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының
тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының
басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы
заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және
түбегейлі шешуші рөл атқарды.
• Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту
мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550
жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.
• Қазақстан Республикасы – Еуразиянын орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз
мемлекет. Аумағы-2724 мың км2. Халық саны бүгінгі танда 16 млн.403 мың. Қазақтың үлес
салмағы 61%-дан асты. Қазақстан Республикасы зайырлы, демократиялық және біртұтас
мемлекет болып табылады. Діни нанымның негізгі бағыттары-ислам және христиан діндері.
Елордасы-Астаны қаласы. Мемлекет басшысы-президент. Заң шығаратын жоғары органы-
сенат және мәжілістен тұратын парламент. Атқарушы билігі-республика үкіметі.ақша бірлігі-
теңге.
• Елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде.
• Әркімнің өз жері – мысыр шаһары. Мысыр шаһары деген сөздің мағынасы-әдемі,
сұлу, қасиетті деген мағынаны білдіреді. Мен өз елімді мақтаныш етемін.
• Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы –- егемен еліміздің
тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлықсаласына серпін беретін, халқымыздың
игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәнінідегі тарихи құжат.
Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып,
тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және
келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз
– «Қазақстан – 2050» Стратегиясын орындаудың жеті бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды
міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес
жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялық - инновациялық даму,
шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы
Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз.
• Елбасының Жолдауында әдеттегідей әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінді.Ал ең
бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы
жарияланды. Сондықтан бұл Жолдау – жоспарлау саясаты, ұзақмерзімді даму мен экономикалық
өсуді мақсат еткен мықты мемлекетіміздің тағы бір Стратегиялық жоспары. Бұл жоспар біздің
дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Жолдауда айтылғандай,
бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілік
ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.
• 1- жүргізуші: Жыл сайынғы Жолдау қоғамдық өміріміздегі елеулі оқиғаға
айналатындылығы белгілі. Сондықтан да болар, биылғы Жолдауды да қалың жұршылық елендей
тосты. Жолдауда елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он негізгі бағдары айқындалып,
нақты міндеттер белгіленді. Айтылған негізгі 10 бағыттың ең маңыздысы – әрине, халықты
еңбекпен қамту тұрғысындағы келелі міндеттер. Аталмыш мәселе тек біздің елімізде ғана емес,
дүниежүзінде де алдыңғы орында тұр десек, қателеспейміз.
• 2- жүргізуші: Сондай-ақ, биік мінберден айтылған денсаулық сақтау саласын
дамыту, онкологиялық ауруларға қарсы күрес тұрғысындағы пайымды пікірлер де жұртшылықты
жай қалдырмады. Адамдарды жұмыспен, қолжетімді баспамен, сапалы медициналық қызметпен
қамтамасыз ету бүгінде көпшілікті толғандырып отырған ең өзекті мәселелер екені белгілі.
• Жалпы, биылғы Мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдауында
еліміздің 2050 жылғадейінгі даму бағдарына арналған нақты міндеттер мен мақсаттар
айқындалып, оны жүзеге асыруға байланысты атқарушы органдарға тапсырмалар белгіленді.
• 1- жүргізуші:
• Республикам менің, күн көзімен таласқан,
• Аспан көрсен Ай мен Күнге жол ашқан.
• Менің байтақ Респебликам таулары,
• Менің көгім мөлдіреген көк аспан.
• Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
• Көрсен ашық Алатаудың күндерін,
• Жерінде гүл, көгінде күн бір жүрген.
• Қорытынды:
• «Біз барлық күштерді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз. Біздің
алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұр. Барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндеттерге қол
жеткізу жөніндегі жұмыстарға аса белсенді қатысуға шақырамын»
• (Қазақстан халқына Жолдауынан)
• Сендер Отанымыздың болашақ ұрпағысындар. Жақсы оқып, тәртіпті болып, өз
елінді, жерінді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешегі, тірегі атанындар.