Презентация "Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық педагогикалық бейімделуі"

Подписи к слайдам:

Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық педагогикалық бейімделуі

Орындаған: Аманкулова

Әсел Жасұлагқызы

«Өрлеу» БАҰО

Мақсаты:

 Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез – құлқы, бейімі, қызығушылығы мүмкіндігін тереңірек зерттеу. Ата – ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнатуына ықпал ету.

Міндеті:

Ата – аналардың өзара қарым – қатынасын жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым – қатынаста болу. Психологиялық кеңес, ағарту жұмыстарын жүргізу. Бала жанұясы мүшелерін бір-бірін түсіне білуге және жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Әр баланың бейімделудің үш түрі бар:

Жеңіл бейімделу – 1 – 2 апта ішінде бала мінезі қалыпқа келіп түзеледі. Тәбеті жақсарып, балада тұрақты әрі қалыпты эмоциялық жағдай қалыптасды. Үлкендермен араласып, жаңа ортаға тез үйренеді. Ауру, сырқауы асқынбайды.

Ауыр бейімделу

- 2 айдан 6 айға дейін өтеді. Кей жағдайда 11-12 айға дейін. Бұл кезең баланың жиі науқастануымен көрінеді. Бала аргессивті , жылау, айқайлау сияқты көріністер береді.

Орташа бейімделу – баланың мінез – құлқы 1 ай көлемінде қалыпқа келеді. Көңіл – күйі тұрақсыз болғанымен жылауы бәсеңдейді. Аурушандығы 10 күннен аспайды. Балада үлкендердің қолдауы арқасында танымдық және мінез –құлық белсенділігі байқалады.

Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

Жаңа ортада болып көрмегендіктен

Өз – өзіне қызмет жасай алмағандықтан

Баланың бөбекжайға бейімделу кезінде ата – аналарға психофизиологиялық жаднама

Сіздің балаңыз бөбекжайға алғаш барған кезде, ол үшін бірінші рет анасынан ажырап өзіне таныс емес үлкен адамдар мен бір топ балалардың арасына түсуі болып табылады. Бала үшін өзінің отбасында өзін ұстау ережелері қалыптасып қалған. Бөбекжайға келген күннен бастап үйреншікті өмір сүру ортасы өзгереді.

Бұл неден көрініс табады?

Баланың эмоционалды жағдайы, ұйқысы, тәбеті нашарлайды.

Дене қызуы көтерілуі мүмкін.

Бала бойында қалыптасып қалған жақсы қасиеттерінің жоғалуы мүмкін.

Иммунитеттің төмендеуі, салмағының азаюы мүмкін.

Бала ортаға бейімделгеннен кейін эмоционалды жағдайы қалпына келеді. Ортаға деңгейдегі бейімделуде алғашқы айларында бала тұмаумен ауруы мүмкін, ал ортаға қиын бейімделсе баланың эмоционалды жағдайының қалпына келуі ұзаққа созылуы мүмкін.

Осының барлығы баланың келесідей іс- қимылдарынан байқалады: баланың тығылып қалуы, қабылдау бөлмесінде отыру, анасын қайта – қайта шақыру.

Баланың ортаға бейімделуі неге байланысты:

Баланың жасына байланысты. Екі жасқа толғаннан кейін баланың ортаға бейімделуі оңай жүреді. Олардың ортаға деген қызығушылығы жоғары болады, назарларын басқаға аудару жеңілдірек айтқан сөздерді нақты түсінеді және тыныштандыру оңай.

Баланың жасымен денсаулығын жағдайына байланысты:

Биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты;

Бейімделуге деген байланысты.

Баланың бөбекжайға үйренгендігін қалай білуге болады?

Ол үшін келесілерді байқаймыз:

Ұйқының жақсаруы;

Тәбетінің жақсы болуы;

Үйреншікті қылықтары мен білімдерінің қалпына келу белсенділігінің артуы.

Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

  • Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз.
  • Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз.
  • Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.
  • Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз.
  • Балаға анық түсінік беру керек.

Баланың бөбекжайға бейімделу кезінде ата – аналарға психологиялық кеңес: