Конспект занятия "Мектеп жасына дейінгі балалармен эксперименттік - тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру"
«№ 7 Бөбекжай-бақшасы»
«Мектеп жасына дейінгі балалармен
эксперименттік –тәжірибелік
әрекетті ұйымдастыру»
Дайындаған: Кабашева Г.К.
Қостанай қаласы.
«Мектеп жасына дейінгі балалармен эксперименттік –тәжірибелік
әрекетті ұйымдастыру»
Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
Халық даналығы
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі
ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған осынау 20 жыл, тарихи кезең ішінде
Қазақстан экономикада жаңа сілкініс жасады, әлемдік өркениетпен
ықпалдасуда жаңа прогресшіл технологияны пайдалануда. Елдің әлеуметтік-
экономикалық даму перспективалары айқындалған. Осыған орай қоғам
өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын және елдің экономикалық
қуатымен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып
табылатын, қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері ретінде, қазіргі білім беру
жүйесінің, адам капиталының ролі арта түсті.
Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл-
ауқаты үшін де өмірлік маңызды ролі бар.
Стандарт талапарының бірі – балалармен табиғатты зерттеу мүмкіндігін
қарастыру, қарапайым эксперименттік іс-әрекетті ұйымдастыру. Белгілі
философ Д.Кішібаев: «Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында
тіршілік еткен. Оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді және қазақ
халқының мінез-құлқы оны қоршаған ортаға, оның шаруашылығына
байланысты қалыптасты» - дейді.
Баланың жаратылысынан пайда болған үздіксіз дамуы мен өзін-өзі жүзеге
асыру әлеуеті баланың бойында бар. Баланың өмірінде 3 жастан 5 жасқа
дейінгі жас аралығы кезеңі ерекше орын алады. Көптеген ғалымдардың:
М.Монтессори, Л.С.Выготский, Ш.А.Амонашвили және тағы басқалардың
педагогика мен психология саласындағы зерттеулері осыны растайды. Яғни,
Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша балалардың қайсысымен болмасын 3
жастан кейін, оған үйренудің жаңа түріне мүмкін бола бастайтын түбірлі
өзгеріс пайда болады. Ол үшін жасқа дейін өзінің жеке (ішкі себептермен
пайда болған) бағдарламасы бойынша, өзіне қоршаған ортадан ақпараттар
жинақтай отырып, жігерлене үйренеді.
Ұсынылып отырған бағдарлама баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып,
жаңа материалдармен мақсатты түрде эксперимент жүргізіп, заттар
арасындағы жалпы қатынастарды едәуір бейнелеп, қоршаған ортаның үлгісін
жасайды, эксперименталды іс-әрекетте мақсат қойып, нәтижеге жетілуіне
үлкен мүмкіндіктер береді.
Бағдарлама мазмұнының келесі ерекшелігі - материалдың заманауилығы.
Мысалы, екінші кіші топтағы балаларға зерттеу-танымдық, эксперименттік
іс-әрекеттердің жобалы түрлерімен, ақпараттармен жұмыс жасау және т.б.
жұмыс түрлері ұсынылады. Балалардың ұйымдасқан танымдық қызметі
бірнеше бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін, олар:
- балалардың зерттеушілік, эксперименталды іс-әрекет етуі үшін
көпфункцияларды ортаны ұйымдастыру;
- балалардың мүдделері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін (қосақтап, шағын
топтармен, барлық топтармен) эксперимент ұйымдастыру;
- үлкендердің балалармен бірге эксперименталды іс-әрекеттер жасауының
әртүрлі түрлеріні үшін сараланған уақыт тәртібі (7-ден 30 минутқа дейін).
Зерттеушілік дағды қазірде тек шығармашылық еңбекпен айналысатын
тұлғаларға ғана емес, қызметтің әртүрлі сферасындағы мамандық иелеріне,
сондай-ақ, айналасындағының бәрін білуге талпынған кішкентай балаларға
да тән. Бала өз табиғатында зерттеуші, зерттеушілік ізденімпаздылық – оның
бөлінбес табиғи құрылымы. Жаңа әсерге бөлену, білуге құштарлық, тәжірибе
жасау мен байқауға ұдайы ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өздігінен
іздеу - бала мінез-құлқының маңызды белгісі ретінде қаралады.
Зерттеушілік, ізденімпаздық белсенділік - бала жаратылысының күйі, ол
әлемді танығысы келеді, ол осыған ниетті. Балаларды оқытуда зерттеушілік
әдістерді қолданудың қажеттілігі олардың табиғи құштарлығы мен қоршаған
әлемді тануға қызығушылығымен түсіндіріледі. Балалардың өздігінен
зерттеуіжәне эксперимент жасау жеке қажеттілігі мен сұраныстарын
қанағаттандыруға, интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін
дамытуға жол ашады. Өздігінен эксперимент жасау арқылы олар қоршаған
әлемді таниды және өзіне жаңа білімді «дайын күйінде» алмай, ізденеді.
Әрекет барысында баланың осы және басқа да мінез-құлық қырлары оның
тұлғалық құрылымына, яғни оның өзін ұстауына, бүтіндей жалпы адами
құндылығы мен қоғамдық қарым-қатынасына айналады.
Баланың зерттеушілік мінез-құлығы алдымен оның шығармашылығында
көрінеді. Бала шығармашылықтың, яғни, зерттеушілік ізденімпаздылықтың
нәтижесін сензінуге қабілетті. Зерттеушілік әрекет пен зерттеушілік мінез-
құлық құрылымы бойынша жақын ұғымдар болып табылады, себебі екеуінің
де ортақ әдістемелік негізі - әрекет. Бұл орайда баланың зерттеушілік,
эксперименталды әрекеті мен мінез-құлқы күрделі кешенді білім болып
есептеліп, оның бүкіл тұлғасын толығымен қамтиды.
Зерттеушілік мінез-құлықтың психологияда баланың тұлғалық өзін дамытуы
және дамуы жоспарында өте маңызды екенін атап көрсеткен жөн. Ұдайы
ізденімпаздық белсенділіктің жоқтығы қиындық туған кезде баланы
дәрменсіз күйге түсіреді. Бұдан басқа, баланың жүзеге асырылмаған
зерттеушілік белсенділігі оны деструктивті әрекетке алып келуі мүмкін, бұл
жағдайда ізденім мұқтаждығы басқа тәсілдермен қанағаттандырылуы тиіс.
Зерттеушілік әрекет формасындағы оқу – ойыны төменгі топтарда ересек
жастағы топтармен салыстырғанда өзіндік ерекшелікке ие, сондықтан
зерттеуді жүзеге асыру жоспары оларды сәйкесінше барынша қысқартылған
немесе жоғарыда санамаланған 10 бөлімнің барлығын қамтитындай
мейлінше толық болуы мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы балалармен
зерттеушілік әрекетті ұйымдастыру апта, екі апта, ай бойынша жүзеге
асырылуы мүмкін.
Зерттеуің тақырыбын тәрбиеші өзі және балалармен бірлесе отырып олардың
жас ерекшеліктеріне орай анықтайды.
Тәрбиешілер зерттеушілік әрекетті жүзеге асыру процесінде зерттеудің
тақырыбы бойынша деректері бар ақпараттық банк жинақтап, жинақ қатары
түрінде рәсімдейді. Эксперимент соңында ол кәртішкелермен, суреттермен,
сызбалармен, фотобейнелермен және бейнеқағаздармен толтырылады.
Жұмыс аяқталғаннан кейін тәрбиеші қорытынды шығарады және талдау
жасайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеші талдауды өзі
немесе балалармен бірге жасайды, сондай–ақ, балалардың өзі де жасай
алады. Зерттеушілік әрекеттің нәтижесі қолдан жасалған заттар, суреттер,
сызбалар, макеттер, кітаптар, бейнероликтер, әңгімелер және т.с.с. болуы
мүмкін. Қарапайым ізденушілік-зерттеу іс-әрекет – балалардың табиғатпен
таныстыру үлгісі ретінде саналады.
Бағдарламаның мақсаты:
Балаларды зерттеушілік әрекетке дайындау, ізденімпаздық дағдыларына
үйрету; дара заңдылық пен құбылыстардың себебін, қоршаған ортадағы
таным іс-әрекетіне қызығушылықтарын қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Білімдік:
• Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер,
қарапайым зерттеу әрекеті туралы түсініктерін кеңейту.
• Қоршаған ортадағы заттардың қандай материалдардан жасалғанын
анықтап атауға, олардың сапасы мен қасиеттерін сипаттауға үйрету.
• Заттарды қолданылуы бойынша топтастыра білуге үйрету.
• Әр-түрлі іс-әрекеттердің ішіндегі танымдық міндетін белгілеу
ептілігінің, құбылыстарды дұрыс ғылыми позицияларынан түсіне білу
қабілеттерін қалыптастыру.
• Зерттеу құбылыстарымен танысу процесінің және ол туралы толық
ақпаратты алу балалардың табиғи білім құмарлығын арттыру.
• Балалардың дербес іс-әрекеттерін ізденіс іс-әрекеттеріне өзгерту, өз
тәжірибесі бойынша білім алу жұмыстарына баланың белсенді қатысу.
Дамытушылық:
• Шығармашылық және дербес ойлаудың элементтерін, қоршаған орта
мен табиғатқа деген қызығушылығын дамыту.
• Талдау жасау, барлық білімін бақылау құбылыстары және
процестерімен қатынастыру қабілетін дамыту.
• Қоршаған ортаның құбылыстары мен заттарын басқа заттармен және
құбылыстармен негізгі байланыс аспектісінде, олар: уақыт-кеңістік,
себеп-салдарлық және функциялық байланыстар ретінде
құбылыстарды зерттеу.
• Дербес ойлау, қортынды жасау, өз білімін жаңа жағдайларда
пайдалану, өз әрекеттерін бағалау, жіберілген қателерге талдау жасау
қабілеттерінің қалыптастыру.
Тәрбиелеушілік:
• Мәселелерді шешу жолындағы балалардың аса тиімді белсенділігін
және дербестігін дамыту.
• Қоршаған әлемді түсінуге, қабылдауға оң көзқарастарын тәрбиелеу.
• Табиғатқа қамқорлықпен қарау, байлығын бейберекет пайдалануға жол
бермеуге тәрбиелеу.
• Бақылау, эксперимент кезінде байқағыштыққа, еңбек сүйгіштікке
тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында мектеп жасына дейінгі балаларда тірі
және өлі табиғатпен таныстырудағы зерттеушілік, эксперименталды іс-әрекет
жасауға және әр-түрлі құбылыстарды дербес зерттеу, онымен дара
өзгерістерді өткізу, болжауларды белсенді айту, әдеттегі ой
қорытындыстарын құрастыру туралы жалпылама ептіліктері қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі бала:
- тәжірибе қоюдың әдістемесін дамыту жолында белсенді қатысу, дара
тәжірибелерді өткізетін әдістемесін дербес түрінде шығаруды;
- білімді барлық қолайлы тәсілдермен табуды;
- үнемі табиғат туралы сұрақтар қояды, оларға жауап беруді;
- өзі көрген жағдайлардың нәтижесінде толық әңгіме құрастыруды;.
- объектілерді бір бірімен салыстыру, бірнеше белгі бойынша топтау туралы
білетін болады.
- Нәтижені бағдарлау, ең дара гипотезаларды құрастыру туралы;
- жұмысты жоспарлап, өз араларындағы міндеттерін таратып үлестіру
туралы;
- цикл бойынша жиі-жиі бақылау жүргізу туралы;
- 2-3 себеп-салдарлық байланыстардың тізбесін көру туралы;
- заттармен құбылыстардың жасырылған қасиеттеріне қорытындысын жасау
түсінікке ие болады.
-Білмеген жағдайда барлығын үлкендерден сұрап алу, қажеттігін ашық түрде
көрсету;
- үлкен адамның көмек және қолдау көрсету жағдайда бала эксперименттің
мақсатын дербес түрінде құрастыру;
- тәжірибені нұсқау бойынша орындау, анықтау сұрақтарын қою;
- тәрбиешінің бақылауында жұмыс істеу, жеңіл жағдайларда – дербес түрде
істеу;
- қауіпсіздік ережелерін орындауға тырысу;
- өз әрекеттерінің нәтижелерін алдын ала көру;
- эксперимент нәтижелерін дербес түрінде қарастыру;
- бақылауды белгілеу жөніндегі графикалық және циклдық тәсілдерін
қолдануды білу
- 5-10 минут үзбей бақылау жасау;
-эксперимент нәтижесіне өз күшімен, ал қиын жағдайларда тәрбиешінің
қолдауымен талдау жасау дағдылары мен іскерліктерін меңгереді.
Бағдарламаны құру және жүзеге асыру қағидалары:
1. Ғылымилық. Ғылымилық принципі мектепалды мектеп жасына дейінгі
балаларының қызығушылық іс-әрекет негізінің қалыптасуы мен танымдық
қызығушылығының дамуын негіздейді. Атақты орыс психологі
К.Д.Ушинский: «Бала үшін ғылымды жоққа шығармау керек» яғни бала үшін
әрбір сала ғылымының ақпараты қажет екенін ұсынды.
2. Нақтылық. Белгілі кезеңдегі балалар үшін нақтылық ең негізгі принцип
болып есептелінеді. Мысалға балаларды абстракті және азтүсініксіз
ақпаратпен таныстыру ұсынылады. Мектеп жасына дейінгі балалары үшін
ғылыми терминдерді қолданбау керек, бірақ та кейбір терминдер көрнекті
нақты түрде түсіндірілуі мүмкін.
3. Адамгершілік. Бұл қағида ең алдымен экологиялық мәдениет түсінігімен
тығыз байланысты. Экологиялық білім беру мақсатында адамгершілік
адамның денсаулығын сау және экологиялық-қауіпсіз ортада сақтау болып
есептеледі. Экологиялық тәрбие баланың эмоциясының дамуымен тығыз
байланысты, тірі ағзаларға таңырқап, қамқорлық жасау – басты міндет.
Сонымен қатар, бала қоршаған ортаның әсемдігіне көз жеткізіп, тірі ағзалар:
гүл, жәндік, шық тамшысына сүйсіне білуі керек.
4. Болжамдылық. Мектеп жасына дейінгі бала үшін бұл қағида табиғатта
байқалатын өзара байланыс жайлы. Оқу іс-әрекет, еңбек етуде өзінің іс-
әрекетіне болжам жасай білу дағдысы. Ең қажеттісі егер бала жануарларға
қамқорлықпен қарап, құстарды тамақтандырып, өсімдіктерді өсіре білсе
болды.
5. Кіріктіру. Қазіргі кезде бұл қағида балабақшада экологиялық білім беруде
белсенділік танытуда. Ең негізгі жағы манадан байқалады: біріншіден,
экологиялық білімнің құрастырмалы ерігі; екіншіден, баланың тұлғалық
дамуының қалыптасуы; үшіншіден, балабақшада жүргізілетін жұмыстың
әдістемесі мен ерекшеліктері.
6. Тұтастық. Бұл қағида баланың қоршаған ортаны тұтастай қабылдап,
табиғат әлемінің бірлігін көрсетеді. Тұтас қабылдау баланың табиғатты
жанды және жансыз деп бөлмеуіне байланысты.
7. Жүйелілік. Жүйелілік қағидасы ерекше мәнге ие, оның қолданысы
балалардың ақыл-ойының дамуына әсер етеді. Сонымен қатар бұл қағидаға
элементарлы ұғымдар мен табиғаттың негізгі заңдылықтар мен әлеуметтік
қарым-қатынастар салынған.
Мектепке дейінгі білім беретін бүлдіршіндердің зертеушілік,
эксперименталды қабілеттерін арттыру – заман талабынан туындап отырған
өзекті мәселелердің бірі. Ғылымның барлық саласының жедел дамуы,
техникалық прогресс, акселерация ықпалы, барлығы да мектепке дейінгі
білім беретін мекеме баласының терең теориялық ойлауға қабілеттілігін
арттырып отыр.
Қазіргі мектептерде зерттеу арқылы оқыту балалардың танымдық
қабілеттерін дамытуға ең тиімді технология. Кішкентай балалардың бір
нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялық құбылыс. Үнемі бір нәрсені
зерттеуге деген талпыныс бала мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны
үнемі танып, білгісі келеді. Баланың бір нәрсені зерттеп білсем деген
талпынысы, оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.
Баланы өзінің іс-тәжірибесі арқылы оқуға қызығушылығын арттыру, яғни
«Таным» білім беру саласын демократияландыру кезеңінен байқалады, яғни
тәрбиешілер баланың оқу іс-әрекетін танымдық іс-әрекетіне жуықтатуға
талпыныс жасайды.
Балалардың эксперименталды қызметін ұйымдасытруда жобалар құрылады,
мақсат қойылады, психологтардың ғылыми зерттеулері мен халықтық
тәжірибедегі адам жаратылысының табиғатпен байланыстылығы мен
салыстырулар жасалынады.
Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми
қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман
адамның өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік
көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Баланы ізденушілікке баулу,
оған зертеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының
маңызды міндеті болып саналады. Егер әр баланың жеке тұлға ретінде
қалыптасуы қажет болса, онда баланың қабілеттерін түрлі әрекеттерде
көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.
Балабақшада балалар зертеу жұмысының толық циклын жүргізеді. Алдымен
зерттеу тақырыбын таңдағанда, балаларға қызықты болатынын, сол затты
көре алатындай, ұстай алатындай мүмкіндік болу қажет. Оның мақсаты –
таңдалған зат бойынша жан-жақты ақпаратты жинастырып, шағын баяндама
дайындайтынын алдын-ала түсіндіру керек. «Қалай жұмыс істейміз?» – деген
сұрақтар туындайды. Әрине, бұл жұмыс түрі балалар үшін күрделі және
жаңа. Оларға айтып түсіндіру қажет, ақпаратты табу үшін көптеген тәсілдер
бар екенін (біз үшін ол зерттеу әдістері деп аталады) түсіндіру.
Жұмысты қарапайым сұрақтардан бастау керек, мысалы: «Ең алдымен не
істеу керек? Зерттеу ғалымдары неден бастайды?» Әңгіме барысында
балалар ең негізгі әдістерді өздері ұсынады: «Кітаптан оқу», «Қолмен ұстап
көру», т.б. Әр жауаптан кейін бүлдіршінді мадақтап, алдына сол әдістің
үлестірмесін қою қажет. Осындай жұмыс барысында балалардың зерттеу
жұмысының тізбегі құрылады (балалар айтпағанды, тәрбиеші өзі айтып кету
керек). Біздің тәжірибеміз бойынша, балалар «Эксперимент». «Копьютерден
қарау», «Мамандарға сұрақ қою», «Байқау» деген әдістерді ұсынады да, ал
«Өзіме ойлану керек» дегенді ұмытып, айтпайды. Сонымен, алдымызда
зерттеу жұмысының жоспары құрылады.
Бұл жұмысқа кірісу үшін, фиксация тәсілдері бойынша келісім жүргізу керек.
Жиналған ақпараттарды есте сақтау қиын, сондықтан оларға белгі ұсыну
керек. Белгілер әртүрлі болуы мүмкін: сурет, символ, т.б. Алған
ақпараттарды пиктографиялық жазу арқылы түсіргенде, біз баланың әртүрлі
сенсорлық жолдарымен жұмыс істегенін бақылаймыз. Ендеше
пиктографиялық жазудан алған әсерлері бала үшін ұмытылмайтын, қымбат
ақпарат болып есептеледі. Әдемі салғанына, дұрыс салғанына біз тоқталмау
керекпіз, біздің мақсатымыз баланы осы белгілерді тез және өзіне түсінікті
етіп салғызуға үйрету. Осы белгілерді түрлендіруінде баланың ассоциативті
және шығармашылық қасиеттері бірден оның дамуына әсер етеді.
Тәрбиешінің ғана қолынан келетін нәрсе – ол балалардың эксперимент
жасауға деген қызғушылығын өшіріп алмай, ары қарай жалғастыруы. Яғни,
ойлау қабілетінің ерекшеліктерін дамыту, таным белсенділіктерін арттыру,
қызығушылығын дамыту, барлық балаларға берілетін тапсырмалардан
ерекше, күрделі тапсырмаларды беру, көбірек ойландыру, танымдық,
логикалық ойындар беру арқылы қызығушылығын үстемдеу, проблемалық
сұрақтармен мәселелерді шешуді, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, зерттеуге
баулу. Тәрбиеші өз жұмысында баланың барлық мүмкіншілігін, белсенділігін
көрсетуге жол ашып, алған білімі мен біліктілігін дұрыс қолдана білуге
үйрету, берген материалдардың ең түйінді негізін, құндылығын табуға, өз
бетінше қорытынды жасай білуге, зерттеушілікке, шығармашылыққа баулу
үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдануы керек. Оқушы өзі оқып, өзі зерттесе өзін-
өзі тексеріп, өз қатесін өзі түсінсе ғана жоғары жетістіктерге жетуге болады.
Себебі, бала тапсырманы орындау барысында:
• Өзі жұмыс істейді;
• Жолдастарына көмектеседі;
• Олардан көмек алады;
• Мұғалім түсінігін қолданады;
• Өз ойын тұжырымдауға үйренеді;
• Қате жіберу арқылы түзетулер жасауға үйренеді;
• Есте сақтауы жақсарады,
Яғни, топтық жұмыста, ол топтық мүддесін қорғау үшін талпынады,
тырысады, өзін сол қоғам мүшесі ретінде толық сезінуге, сезіне отырып топ
ішіне жолдастарынан қалып қоймауға тырысады. Білім - бәсекеге
қабілеттіліктің басты өлшемі екені белгілі. Ұстаздар қауымы ұлы істердің
ұйытқысы болып, еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеу жолында
аянбай еңбек етіп, қазақ елінің гүлденуіне өз үлесін қоса
береді.Мектептердің, ата-аналардың және мұғалімдердің өздерінің кішкентай
азаматтарынан күтетін үміттері жоғары деңгейде екені баршаға мәлім.
Сондықтан, қоғамдық ортада өз ойын еркін де толық жеткізе білетін,
бәсекеге қабілеті мен құзіретті, шығармашыл, кез-келген іс-әрекетке жан-
жақты көзқараспен қарайтын, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру
тәрбиешінің мақсаты деп ойлаймын.
Балалардың эксперимент жасау ерекшеліктері
Эксперименттеу – мектепке дейінгі кезеңде балалар әрекетінің негізгі
түрлерінің бірі болып табылады және ол:
• Оқыту әдісі (егер жаңа білімді беруде қолданылса);
• Қоршаған ортаны тануға бағытталған танымдық-зерттеуші әрекетінің
түрінде болуы мүмкін.
Баланың шығармашылық әрекеті мен шығармашылық ойлауын дамыту оның
психологиялық жас ерекшелігін ескере жүргізілуі тиіс. Оқыту үрдісінде
балалардың танымдық белсенділігін қолдай отырып, өз бетімен ізденуге
жағдай туғызу қажет.
Балалар мектепке дейінгі шақта жаратылысынан зерттеуші. Оларға
эксперимент жасауға талпыныс, білімқұмарлыққа және мәселелі
жағдаяттарды өз бетінше шешуге ықылас таныту тән. Педагогтардың
көзқарасынша осы әрекетті жою емес, керісінше, баланың қиялы мен
ойлауын мақсаттылыққа ынталандырып және белсенді түрде көмектесу,
олардың түрлі мәселелерді шешуде білімін қалыптастыру қажет. Сол себепті
де, ерте жастан бастап баланың табиғи қажеттілігін қолдана отырып, оны
қоршаған орта құбылыстар мен заттарға көңіл аударып, ерекше тапсырмалар
мен материалдарға қызықтыру, белгісіз зерттеулерге талпынысын
ынталандыру, оның құпиясын ашуда қуаныш сезімін ояту керек.
Шығармашылық әрекеттің басталуын және шығармашылық ойлауын
қалыптастыру балалардың өзінің әрекетін ұйымдастыруды белгілі бір мақсат,
ойдан бастауға мүмкіндік беретін әрекеттерде өзін көрсете білуге ықпал
етеді. Педагогтың әрекеті балалардың зейінін арнайы нәтижеге және
мақсатқа жетуге, оның келешектегі әрекеттеріне қолдау мен көмек көрсетуге
бағытталуы қажет.
Бұл барлық мүмкіндіктер кең спектрде эксперименттеу сияқты оқыту әдісі
болып табылады. Осы әрекет түрлері жобалау әдісіндегі сияқты "жасау
арқылы оқыту" тәсілін іске асыруды қамтамасыз етіп және баланың
танымдық үдерісіне белсенді қатысуға мүмкіндік алып, яғни, дайын түрде
берілген білім шағын тәжірибелерді жасау барысында өз бетінше білім алуға
алмастырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламасының мазмұнын
іріктеуде кіріктірілген ықпал жасау түрі білім беру салаларының: баланы
айнала қоршаған ортамен, көркем әдебиетпен, тіл дамыту, бейнелеу өнері
және басқа түрлерімен таныстыруда өзара әрекеттесу негізінде оқыту
үдерісінің тұтастығын сақтап қана қоймай, эксперименттеу мүмкіндігін
кеңінен қолдануға жағдай жасайды.
Сонымен, эксперименттеу баланы белгілі бір әрекет пен бақылау негізінде,
қоршаған әлемнің тұтастығын саналы түрде қабылдауына мүмкіндік береді.
Педагог эксперименттеу баланы қоршаған әлем және табиғатпен
таныстыруда ғана қолданып қоймайды. Эксперименттеу мен тіл дамыту
арасында өте тығыз байланыс байқалып тұрады.
Педагог эксперимент жүргізу алдында балалармен интербелсенді түрде
міндеттерді талқылайды:
• Не болады, егер....
• Нені қалай дәлелдеу керек...
• Қандай тәсілмен іске асыруға болады...
Әрбір экспериментте педагогтың балалармен бірге талқылайтын белгілі бір
әрекеттің бірізділігін айқындауға болады:
• Мақсат, міндеттердің анықтамасы мен тұжырымдамасы (мақсаты
қандай);
• Эксперимент әдісін, бірлескен әрекетті жоспарлауды ойластыру және
талқылау (экспериментті қалай жүргізу);
• Жұмысты орындау;
• Нәтижені белгілеу және бақылау (қандай нәтиже алғанын);
• Қорытындыны тұжырымдау, көрген және алынған мәліметтер туралы
ауызша есеп беру және сараптау.
Осылай, эксперимент жүргізу әрекетінің алгоритмі балалардың біртіндеп
монолог пен диалогтық сөйлеуі, түрлі синоним мен антонимді қолдану
арқылы сөздік қорын кеңейтіп, бақылау жүргізу және қорытынды шағару,
өзінің ойын білдіруге, қорытындылауға, сараптауға үйренуге, яғни, білімін
толықтыруын, белсенді сөздік қорының дамуын, коммуникативті қатынас
дағдыларын қалыптастыруын қарастырады.
Эксперименттің нәтижесі және оның барысы педагогтың басшылығымен
құрастырылған түрлі сызбаларда, қарапайым кестелерде, балалардың
жоспарланған және спонтандық сипаттағы бақылау кезінде алған әсерлерін
бейнелеген суреттерінде көрінеді.
Бақылау кез келген эксперименттің бөлігі болып табылады, себебі, оның
көмегімен жұмыс барысы және оның қорытындысын қабылдау жүзеге
асырылады. Бақылау мен эксперименттеудің сипатына қарай талаптар өзгеше
болады. Тәрбиеші мұны ескеріп, балалармен жұмысты жоспарлауда, ең
алдымен өз тобындағы тәрбиеленушілердің жеке ерекшелігі, практикалық
тәжірибесінде даму деңгейінде сүйенуі қажет.
Балаларды түрлі нысана мен құбылыстарды бақылауға үйрету қажет: бұл
кезде жоспарланған нысана мен құбылыстарды ғана бақылау міндетті емес.
Кездейсоқ эксперимент арнайы дайындықты талап етпейді. Балалар
табиғатта қызықты нәрселер көрген кезде, сол жағдаяттардың сәттердің
пайда болуына байланысты бақылауды дайындықсыз өткізеді. Мұндай
жағдайларда бақылау кездейсоқ және күтпеген жағдайда болады, осындай
мүмкіндіктерді үлкендер жіберіп алмаулары керек. Педагогтан жаңа, қызық
заттарды көре білуге психологиялық дайындықты ғана емес, осындай
жағдайларда икемді әрекет ете білу ісерлігі талап етіледі. Ол балалардың
әуестігін ынталандырып, табиғаттың өзгерісін көрсетуге, өз бетімен
қарапайым қорытындыны жасауға, арнайы әрекетті қолдана білуге, жаңа
білім және өмірлік тәжірибе ала білуге үйретуі керек.
Эксперименттеудің қанғаттанарлықтай нәтижесіне жету үшін бақылаудың
барлық түрінің жалпы талаптарын ескеру және сақтау қажет.
• Бақылаудың мақсаты мен міндеттері нақты және мақсатқа жетерліктей
болуы керек. Тапсырманы орындау әрекеті танымдық сипатта болып,
баланың қойылған сұраққа жауап іздеуге, ойлауға, еске түсіруіне
жағдай жасауы керек.
• Әрбір бақылау балаларға жаңа мәлімет пен білім беріп, біртіндеп
алғашқы түсініктерін тереңдетіп және кеңейтеді.
• Балалардың алған білімдерін жұмыстың басқа түрлері мен әдістері:
педагог пен балалардың әңгімесі, тақырыпқа қатысты қосымша
ақпаратты оқу, көргенін әңгімелеу, сызба құрастыру, сурет салу мен
мүсіндеу, ұжымдық жұмыс арқылы бекітіп, нақтылап, жүйелеп және
қорытындылау керек.
Ақыл-ой әрекетін белсендіру түрлі тәсілдермен; бақылаудың нақты және
мақсатқа жетерліктей міндетін қою, тексерудің әрекетін бақылаудың тәсілі
ретінде қолдану, балалардың тәжірибесін қолдану, бақылаудың нәтижесін
бірнеше рет қайталап айту, бір нысананы басқалармен салыстыру, әр түрлі
дәреждегі түрлі сұрақтарды қою арқылы жүзеге асады.
Осындай жолмен тұтастай бақылау және экспериметтеу барысында
балалардың алған білімдері іс-тәжірибеге нық бекітіліп меңгеріледі, өйткені
ол осы және басқа да ақпараттардың өзара әрекетінің нәтижесі ретінде
қалыптасқан.
Мектепке дейінгі балалардың эксперименттеу дағдыларын дамыту
эксперименттеудің іздену әрекетіне ертеңгі оқушының көзқарасымен
белсенді қатысу рөліне дайындалуға жағдай жасайды. Осылай, әрекеттің
жаңа үлгісін қалыптастыру үшін шығармашылық әрекетіне ауысу сипатында
болатын алғышарты туады. Демек, бала әрекеті шығармашылық сипатта
болады:
• Зерттеуге қызығушылығын тудырады;
• Ой операциясын дамытады;
• Танымдық белсенділігін, білімқұмарлығын ынталандырады.
Осылай, эксперименттеу оқытудың дәстүрлі түрлері және әдістерімен, басқа
балалар әрекетінің түрлерімен үйлесуі:
• Мақсат, міндеттерді және оларды шешу құралдарын өздігінен тыңдай
білуге ынталандыру;
• Жаңа танымдық қызығушылығын, қарсылық сезімдерін, оларды
саналы түрде жинақтап және көрсету іскерліктерін қалыптастыру;
• Қоршаған әлемді тұтастай қабылауын қалыптастыру;
• Шығармшылық әлеуетін дамытуға және балалардың дербестік,
бастамашыл, білімқұмарлық, өз күшіне сенімділік қасиеттерін
қалыптастыруға жағдай жасайды.
Келеңсіз жағдайларда балада жетеалмаушылық синдромы (жетістіксіз
дарынды бала) пайда болуы мүмкін, бұл терминмен өз мүмкіндігінен көп
төмен оқитын және дамыған балаларды айтады. Сондықтан баланың
зерттеушілік әрекет формасындағы оқу – ойынның басшысы – тәрбиешіге
төмендегі ережелерді сақтау қажет.
• Баланы өздігінен әрекет етуге үйрету;
• Тікелей нұсқаулардан ауытқып, бала бастамасын тежемеу;
• Баланың әрекеті туралы бағалық қорытындыжасауға асықпау;
• Балаларға білімді сіңіру процесінде мәселелерді өздігінен анықтауға,
өздігінен шешуде дағдысы мен білімін қалыптастыруға, нысандар,
жағдайлар және құбылыстар арасындағы байланысты бақылауға,
талдау жасауға, синтездеуге, классификациялауға және ақпаратты
талдап, өңдеуіне көмектесу;
• Баланы өз ойын батыл білдіруге, өз ойын нақтылауға және қате
көзқарастан бас тартуға, мәдениетті, ойлы болуға үйрету.
Эксперимент кезеңдері
1-кезең проблеманы сезіну.
2-кезең міндетті қысқа және дәл жеткізу
3-кезең әдістемені құрастыру.
4-кезең нұсқау және ұсыныстарды тыңдау.
5-кеңес нәтижені болжау.
6-кезең жұмысты орындау.
7-кезең қауіпсіздік ережелерді орындау.
8-кезең нәтижелерді бақылау.
9-кезең кезең нәтижелерді белгілеу.
10-кезең алынған көрсеткіштерді талдау.
11-кезең көргені туралы ауызша айту. 12-кезең тұжырымды қысқа әрі дәл
жеткізу.
Эксперимент әдісінің
ерекшеліктері:
• балаларға зерттеп жатқан объектің басқа объектімен және қоршаған
ортамен қарым-қатынастар туралы нақты ұсыныстар беріледі;
• баланың есте сақтау қабілеті жақсарады;
• ойлау процестерінің (талдау және синтез жасау, салыстыру және
классификациялау, жалпылау мен жүйеге асырудың) дамуы;
• сөйлеу дамытуы ерекшеленеді, табылған заңдылықтарды және
қортындыстарды құрастыру;
• баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• еңбек дағдыларының қалыптастыруы, жалпы қозғалыстын дәрежесін
көтеріп денсаулықты нығайту
Балалардың эксперимент жасау ерекшеліктері:
• Балалар эксперимент жасауы міндеттіліктен босатылған. Әрқайсы
экспериментте баланың ішкі еркіндік сезімі сақталуы керек.
• Зерттеу жалғастыруын тәртіпке салуына қажеті жоқ. Егер де бала
жұмысты қызығушылықпен істесе, оның ісін бөлеуге болмайды.
• Балалар эксперимент жасау процесінде алдын ала белгіленген жоспар
бойынша жұмыс істеуі қажет емес. Егер сабақтың мақсатына кедергі
болмаса және тірі жәндіктерге зиян келтірмесе, онда балаларға
зерттеудің шарттарын өзгертуге рұқсат беріледі.
• Балалар сөйлемей жұмыс істей алмайды. Сол үшін осындай
эксперименттерді енгізу жолында бала-бақшада балаларды бір бірімен
қарым-қатынас жасау және еркіндікті дамыту үшін жағдай жасауы
қажет.
• Осындай эксперименттерді өткізгенде балаларға жеке жақындау
принціптерін сақтау керек.
• Эксперименттің нәтижелерін аса тіркеудің қажеті жоқ.
• Эксперимент өткізілгенде баланың қателесу құқығы саналады.
Балаларға практикада болатын өз болжамдарының қателіктерін көзімен
көргені жөн.
• Балаларды жұмысқа қызықтыру адекваттық тәсілдерін қолдану қажет.
Бұл өз қолымен жасау, бір процедурасын басқа әрекеттерге бөлшектеу,
тәрбиеші мен балалардың бірлескен жұмысы, тәрбиешінің балаға
көрсеткен көмегі, балалардың нұсқауы бойынша тәрбиешінің жұмысы.
• Балалардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін шектемей, педагог
экспериментке белсенді қатысу керек.
• Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
• Баланы тұтас педагогикалық процесімен таныстыру тәсілдері.
Эксперименттер балалардың барлық іс-әрекеттеріне енгізілуі мүмкін.
• Эксперименттің сонғы кезеңі – ең мағыналы, ол: нәтижелерді талдау
жасау және қорытындарды құрастыру кезеңі. Балалар тәрбиешілерімен
зерттеуді ашу қуанышымен еркін түрде бөлісе алады, жалпылама
сөзбен емес, бейнемен көрсетілуі керек.
• Эксперимент талдаудың нәтижелерін балалардың жұмысқа деген
тәртібімен ауыстыруға болмайды. Эксперимент жасаудан бас тартып
және қате жіберіп қортындысын шығара алмаған теңбе-тең
жағдайларда баланы ешқашан жазалауға болмайды.
Тәрбиешіге арналған жаднама
Зерттеу оқытуының мақсаттарын
жетістікті түрде шешу ережелері
Ең бастысы – осындай жұмыстарды шығармашылықпен өткізуді тырысыңыз.
• Балаларды өз бетімен тәуелсіз жұмыс істеуді үйретіңіз, тура
нұсқаулардан бас тартыңыз.
• Балалардың ынта-ықыласын ұстап тоқтатпаңыз.
• Олар өздері жасай алатын істерді (не болса өз бетімен үйреніп
жасайтын істерді) орындамаңыз.
• Бағалау пікірлерді шығаруға асықпаңыз.
• Білім ұғып алу процестерін балаларға басқаруды үйретіңіз:
а) заттардың және оқиғалар мен құбылыстардың байланыстарын бақылау;
б) зерттеу мәселелерді өз бетімен шешудің дағдыларын қалыптастыру;
в) талдау және синтез, классификация жасау ақпаратты жалпыламауды
үйрену керек.
«Атамекенін азамат қана қорғай алады» деген қанатты сөз бар. Олай болса,
қоршаған ортаны қорғау, ағаш, өсімдік егіп, туған жердің табиғатын
жайқалту, табиғи ортаны таза қалпында мәңгілікке сақтау әр азаматтың,
қоғамның басты парызы. Туған жер төсіндегі жер, су, гүл, шөп, алтын дән
мен жан-жануар қоғамымыздың байлығы, өмір нәрі, тіршіліктің баға жетпес
асыл қазынасы. Сондықтан, балабақшада тәрбиеленуші балғындарымызға
айналадағы қоршаған ортаға, табиғатқа деген тәрбие беруіміз керек.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Конспект занятия "Балабақшада инновациялық технологияларды пайдалану"
- Сценарий "Под парусом мечты, надежды и любви!"
- Презентация "Развивайся сам, развивай другого!!!"
- Презентация "Работа классного руководителя с учащимися по обеспечению медиабезопасности"
- Презентация "Советы по отношению к самому себе и к своей жизни"
- Конспект урока "Образ зимы в русской поэзии, в живописи и музыке" 3 класс