Тәрбие сағаты "Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстан!"
ЖШС «КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ»
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
___________________________ Г.Б.Джакаева
«11» желтоқсан 2020ж
Тәрбие сағаты
«Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстан!»
Куратор
группы ЭВТ-19
Игібаева Т.Ө.
АКТАУ-2020
Тақырыбы. Жаса,жайна,Қазақстан!
Мақсаты: Қазақстан туралы,оның тәуелсіздігі туралы,егемендігі дамуы
туралы мәлімет беру,тәуелсіз Қазақстанның тарихын
әңгімелеу,тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау,көрсету.Балаларды
өз тәуелсіз елін сүюге,қадірлеуге,осы,осы елдің ұланы екендігін мақтан
етуге баулу,өз елінің ұлтжанды патриоты болуға баулу,өз елінің
мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге,өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге
үйрету.
Көрнекілігі: Елтаңба,Әнұран,Ту,Қазақстан картасы,Астана,Бәйтерек
суреттері,
Әнұран орындалады.
Оқытушы:
Тәуелсіздік!Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы
армандаған тәуелсіздік!
Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді.
Халық қамы үшін қандай оқиғалар өтпеді.Халық қамы үшін қан
кешіп,құрбан болған ерлеріміз қаншама!?
Бақыт Бекзат:
Мен қазақпын , мың өліп , мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын,бір биік белеспін мен,
Еуропа да,Азия да емеспін мен,
Аралықпын жетінші құрылықтай,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен
Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске.
Айта бергім келеді,айта бергім.
Оқытушы:
Республика! Ерікті ел-Қазақстан,
Келеді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келеді алыстан аңсатып,армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Ән: «Елтаңбасы елімнің»
Оқытушы:
Енді тәуелсіз қазақстанның 25-жылдық мерейтойына байланысты осы
жылдарға көз жіберейікші,қандай тарихи даталар болады екен.............
1991жылы желтоқсанның бірінде республика жұртшылығы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1992. жылы қазан айында ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа
самғады.
4-маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жалауы,елтаңбасы,әнұраны туралы Қазақстан Республикасы
заңдарына қол қойды.
1993 жылы 12-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
1994 жылы 30-маусымда тәуелсіз еліміздің ғарышкері Талғат
Мұсабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз Қазақстан Республикасның тұңғыш
«Ата заңы» қабылданды.
1996 жылы 30 – тамызда «Қазақстан Конституциясына» 1жыл
толды.17-Желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 5
жылдық мерекесі атап өтілді.Бұл күні Алматының Орталық алаңында
«Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.
1997 жылы» Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленеді.
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болды.
2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы
2001 жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы
2002 жыл Денсаулық жылы.
2003-2005 жылдар.Ауылды қолдау жылдары.
2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы.
6-қаңтар Қазақстан Республикасынң жаңа әнұраны бекітілді.
11-қантар:Қазақстан Республикасының Президенттін ұлықтау күні.
Мусагалиев Ергали: Байрағың биікте желбірей жайнасын,
Бұлбұлың орманда сескенбей сайрасын.
Уа,халқым,қуаныш құтты боп жаса бер,
Басыңнан мәңгілік бақытың тоймасын!
Құтлымұрадов Азамат: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік мақталады.
Орынбасаров Бейбарыс : Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған,
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім ел таңбам.
Асанов Ерлан: Тарихым жатыр еді қасымда,
Тіл қатып келер ғасырға
Азаттық дейтін ұғыммен.
Желтоқсан тұрар басында.
Мингалиев Артем: Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық күйі қашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.
Ән: «Балбөбек»
Күй « Ерке сылқым»
Оқытушы:
Ән: «Туған жер»
Хор: «Атамекен»
Қортынды бөлімі:
Жүргізуші: Міне,балалар,Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.Осы
тәуелсіздікті тұғырыңды нық ұстау үшін сапалы білім мен тәртіп
керек.Болашақ өз ұлтын сүйетін,өз елін,жерін,Отанын сүйетін
Ұлтжанды,ар намысты,биік рухты сендердің қолдарында.
Қазақстанның өз жолы,өзіндік болашағы бар,бұдан былай және мәңгі
тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіздігі баянды болсын!
Қарышта,жайна,Қазақстан!Қазақстанның болашағы гүлдене берсін!
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/436059-zhasa-zhajna-
tuelsiz-azastan/download
Педагогика - еще материалы к урокам:
- НОД для детей старшего дошкольного возраста "День толерантности"
- Планирование воспитательно образовательной работы в подготовительной группе на январь
- Сценарий новогоднего вечера в 5-6 классах
- Диагностика стартовых возможностей первоклассников
- Конспект НОД во второй младшей группе "Путешествие на ферму"
- Классные час "Правила поведения на льду"