Конспект урока "Тәуелсіз елге - білімді ұрпақ"
Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ
Сайыстың мақсаты:
1. Оқушылардың білім, білік дағдыларын жинақтап, жүйелеп, алғырлыққа,
тапқырлыққа баулу, қызығушылықтарын арттыру.
2. Оқушылардың танымдық көзқарасын, ой – өрісін, дүниетанымын кеңейту.
3. Өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, өзгені тыңдай білуге, тез және
дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, интерактивті тақта, нақыл сөздер.
Түрі: зияткерлік сайыс
Сайыстың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
-Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар!
- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы
сайыскерлер! Бүгінгі 3-сынып оқушыларымен өткізгелі отырған «Тәуелсіз елге – білімді
ұрпақ» атты зияткерлік сайысымызды көруге қош келдіңіздер!
-Бүгінгі сайыс барысында оқушылардың, оның ішінде үздік оқушыларымыздың ой-өрісін,
білімдердің ептілігін сарапқа салатын, жұмыс жасай алатын, еркін сөйлей алатынын
көрсеткісі келіп отырған 3- сынып үздіктерін ортаға шақырамын.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Білімді топты халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
Ойын алаңына сайысқа қатысушы үміткерлерді шақырамыз. Сайысқа 4 – сыныптан 12
оқушы іріктеліп алынды.
Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақта. Олай болса, білімді, саналы, ұлты-
мыздың тарихын насихаттаушы, ойлау қабілеттері, дүниеге деген ғылыми көзқарастары
қалыптасқан ұрпақ дайындау – біздің міндетіміз.
Білімменен тәнті етеді тектілер,
Мұратыңа білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салыңдар.
-«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», - демекші, бүгінгі біздің
қатысушыларымыз мыңды жыға алатын талапты балалар. Сайыскерлердің мақсаты осы
уақытқа дейін алған білімдеріңді ортаға салып, қойылған сұрақтарға тез ойлап жауап беру.
Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Сол кезеңдерден сәтті өтулеріңді тілеймін. Барлық сұрақтарға
батыл жауап берулеріңізді сұраймыз.
1-кезең: «Топқа бөлу» (өз ұрандарын айтады)
2-кезең: «Бәйге» (ия, жоқ сұрақтары)
3-кезең: «Қызықты пәндер»
4-кезең: «Полиглот» (жұмбақтардың шешуін үш тілде айту)
5-кезең: «Өнер алды – қызыл тіл» (мақалды жалғастыру)
6-кезең: «Тез ойла, сөз ойла» (сөзден сөз шығару)
7-кезең: «Жорға» (сұрақ-жауап)
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Бағалайды әділқазы сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп, бүгінгі зияткерлік сайысқа
қатысушы оқушылардың білімін, еңбегін бағалайтын қазылар алқасымен таныстырамыз.
1. Узденова Гулмира апай (ДЖІҒО)
2. Досымбетова Алмагүл апай (бастауыш сынып мұғалімі)
3. Иманбердиева Ұлжан апай (оқу ісінің меңгерушісі)
Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың
кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады.
- Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Жеңістің мынау шыңына, - дей келе, сайыскерлерге сәт-сапар тілейік.
Сайыстың 1- кезеңінде әр сынып өз тобымен, өз ұранымен таныстырады.
1-топ: «Бірлік» тобы 3»А» сынып
Ұраны: Шаршамаймыз, талмаймыз,
Біз биікке самғаймыз.
2-топ: «Самұрық» тобы 3 «Ә» сынып
Ұраны: Болашақта тек біліммен алға!
3-топ: «Болашақ» тобы 3 «Б» сынып
Ұраны: Болашақ тобы алға,
Биіктерге самға.
Достығымыз барда,
Жүреміз тек алда!
4-топ: «Қыран» тобы 3 «В» сынып
Ұраны: Қыран тобы алға,
Жеңістерден қалма.
Сайыстың екінші кезеңі «Бәйге» . Әр топқа 10 сұрақ беріледі, берілген сұрақтарға ия, жоқ
деп бір сөзбен жауап беруі керек.
1-топ:
1.Аға отбасы мүшесі ме? (ия)
2.Дәрігер бала оқыта ма? (жоқ)
3.Аптаның үшінші күні жұма ма? (жоқ)
4.Көйлек жіңішке сөз бе? (ия)
5.А, о, ұ, ы жуан дыбыс па? (ия)
6.Жыл мезгілі 4-ке бөліне ме? (ия)
7. «Ат» сөйлем бе? (жоқ)
8. «Дені саудың – жаны сау» жұмбақ па? (жоқ)
9. «Қияр» жеміс пе? (жоқ)
10. Бүгін жұма ма? (ия)
2-топ:
1. Дауысты дыбыстар он бес па? (ия)
2. «Адам» заттың қимылын білдіре ме? (жоқ)
3. Сызғыш жуан сөз бе? (ия)
4. Не? Кім? деген сұрақ қойыла ма? (жоқ)
5. Сатушы емдей ме? (жоқ)
6. Сиырға не деген сұрақ қойыла ма? (ия)
7. Қалада көп үйлер бар ма? (ия)
8. Жасыл жанғанда жүре ме? (ия)
9. Ө,е,і, жіңішке дыбыс па? (ия)
10. Бірде дауысты, бірде дауыссыз «У» ма? (ия)
3-топ:
1.Қазір көктем айы ма? (жоқ)
2. Желтоқсан, қаңтар, ақпан жаз мезгіліне жата ма? (жоқ)
3. Дүниетану сабағында есеп шығарамыз ба? (жоқ)
4. Ауа түссіз ба? (ия)
5. Айнадан өзімізді көреміз бе? (ия)
6. Адам аты бас әріптен жазыла ма? (ия)
7. Еліміздің астанасы – Алматы қаласы ма? (жоқ)
8. Сүт қызыл ма? (жоқ)
9. Сабаққа қуанып келеміз бе? (ия)
10. Т дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс па? (ия)
4-топ:
1.Әнұранды білеміз бе? (ия)
2. Қарбыз ащы ма? (жоқ)
3. Тудың түсі қызыл ма? (жоқ)
4. Балмұздақ жылы ма? (жоқ)
5. Машинада мотор бола ма? (ия)
6. Өзіңнен үлкен іні бола ма? (жоқ)
7. Пияз тәтті ма? (жоқ)
8. «Қой» төрт түлікке жата ма? (ия)
9. Сен үшінші сыныпта оқисың ба? (ия)
10. Тақтаға қаламмен жаза ма? (жоқ)
3 – кезең: «Қызықты пәндер» деп аталады. Әр сұраққа ұпай беріледі.
Математика пәні бойынша:
1.Ұзындық өлшем бірліктері (мм, см, м, км)
2. Қосылғыш – 22, екінші қосылғыш – 34, қосындының мәні нешеге тең? (56)
3. 1 тәулікте неше сағат бар? (24)
4. Кез келген санды 0-ге көбейткенде, қандай сан шығады? (0 шығады)
5. Айгүлде 100 теңге болды, ол 40 теңгеге дәптер сатып алды. Айгүлде неше теңге қалды?
(60 теңге)
Қазақ тілі пәні бойынша:
1.Мәтіннің неше түрі бар? (3 түрі, әңгімелеу, пайымдау, сипаттау)
2. Етістік дегеніміз не? (қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер)
3. Сөз неден құралады? (дыбыстан, әріптен)
4. Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлем (лепті сөйлем)
5. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? ( 2-ге, тұрлаулы, тұрлаусыз)
Дүниетану пәні бойынша:
1.Адам немен тыныс алады? (ауа)
2. Адамға ең қажетті жағдайлар (ауа, жарық, су, жылу, тағам)
3. Аспан мен жердің шекаралық сызығы қалай аталады? (көкжиек)
4. Адам ыстығын өлшейтін құрал (градусник)
5. Есту мүшесі (құлақ)
Әдебиеттік оқу пәні бойынша:
1.Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2. «Үш бақытым» өлеңінің авторы (М.Мақатаев)
3. Үш биді ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
4. Мемлекеттік рәміздер (Әнұран, Елтаңба, Ту)
5. Абылай ханның шын есімі (Әбілмәнсұр)
Жалпы сұрақтар бойынша:
1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
2. Жылдың 4 мезгіліне өлең жазған ақын? (А.Құнанбаев)
3. Әр адамның шағын Отаны (отбасы)
4. Соңында түлкі жеп қоятын ертегі? (Бауырсақ)
5. Анаңның анасы саған кім болады? (нағашы апа)
4-кезең: «Полиглот»
«Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім біл» - демекші, әр топқа 3 жұмбақ жасырылады. Жұмбақтардың
шешуін 3 тілде яғни, қазақша,орысша,ағылшын тілінде айту керек.
1-топ:
Білімнен мол сый-асы
Балғындардың ұясы. (мектеп-школа-shool-cкул)
Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарады күзге жеткенде. (алма-яблоко-apple-эппл)
Өзі сондай аппақ,
Жесең оны тәтті-ақ. (қант-сахар-sugar-шуга)
2-топ:
Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да шу. (түлкі-лиса-fox-фокс)
Жылт-жылт етеді,
Жылғалардан өтеді. (су-вода-water-уатэ)
Мысықтан бұл қорқады,
Бұдан піл қорқады. (тышқан-мышь-mouse-маус)
3-топ:
Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян-заяц-rabbit-рәббит)
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (кітап-книга-book-бук)
Адамға серік,
Күзетке берік. (ит-собака-dog-дог)
4-топ:
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (қой-баран-sheep-шип)
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам-ручка-pen-пен)
Қыс бойынша жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (аю-медведь-bear-биэ)
5-кезең: «Өнер алды-қызыл тіл» деп аталады. Бір топ келесі топқа мақалдың бастапқы
бөлігін айтады, келесі топ жалғастырады.
1-топ:
Жақсы кісі байқап сөйлер, (Жаман кісі шайқап сөйлер)
Оқу инемен- (құдық қазғандай)
Өнер – ағып жатқан бұлақ, (Білім- жанып тұрған шырақ)
2-топ:
Жақсының аты өлмейді, (Ғалымның хаты өлмейді)
Өнерлінің қолы алтын, (Өлеңшінің сөзі алтын)
Еңбек етсең ерінбей, (Тояды қарның тіленбей)
3-топ:
Ер жігіт елі үшін туады, (елі үшін өледі)
Баланың білегі ауырса, (Ананың жүрегі ауырады)
Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)
4-топ:
Қына тасқа бітеді, (Білім басқа бітеді)
Ақыл-тозбайтын тон, (Білім-таусылмайтын кен)
Қатты жерде қақ тұрар, (Ынтымақты елде бақ тұрар)
Сайыстың 6-кезеңі «Тез ойла,сөз ойла» деп аталады. Онда берілген сөздерден көптеген
сөздер жасау.
1-топ: «Қазақстан» -қазақ, қаз,ақ, тақ,аз, ана,қазан,зат,қан,сан,таз,т.б.
2-топ: «Егеменді» - егемен, еге, ен, мен, дін, неме, деме, дем,енді, еді,т.б.
3-топ: «Мемлекет» -кет,ем,ет,кел,кеме,т.б.
4-топ: «Тәуелсіздік» -сіз, тәуел, тәуелсіз, тез, зіл, із, т.б.
7-кезең: «Жорға» деп аталады. Берілген сұрақтарға жылдам, тез жауап беру. Әр топқа 10
сұрақтан қойылады.
1-топ:
1.Қыс айларын ата? /желтоқсан, қаңтар, ақпан./
2. 9-бұл? /сан/
3. Екі сабақтың ортасында не бар? /үзіліс/
4. Аптаның бірінші күні /дүйсенбі/
5. Күзде жапырақтар қайтеді? /сарғаяды/
6. 3+3+3 неше болады? /9/
7. Халықаралық әйелдер күні /8 наурыз/
8. Сыныбыңда неше қыз бала бар?
9. Біз сабақта тақтаға немен жазамыз? /бормен/
10. 16-желтоқсан қандай мереке? /тәуелсіздік мерекесі/
2-топ:
1.Жаз айларын ата /маусым, шілде, тамыз/
2. Сыныбыңда неше ұл бар?
3. Қыста не жауады? /қар/
4. Аптаның сәтті күні /сәрсенбі/
5. 4+4+4 нешеге тең болады? /12/
6. Білім күні қай күн? /1-қыркүйек/
7. Әліппедегі ең бірінші әріп? /А/
8. Түнде аспаннан не көреміз? /жұлдыз/
9. 10 саны неше таңбалы сан? /екі/
10. 22-наурыз қандай мереке? /наурыз/
3-топ:
1.Дәптерге немен жазамыз? /қаламсаппен/
2. Сенің атаң әкеңе кім? /әке/
3. Төрт түлік малдарды ата /қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе/
4. 5+5+5+5 неше болады? /20/
5. Аптаның алтыншы күні /сенбі/
6. Баға қоятын дәптерің? /күнделік/
7. Бір тәулікте неше сағат бар? /24/
8. 714 саны неше таңбалы сан? /3/
9. Кесіндіні не арқылы өлшейміз? /сызғыш/
10. Әліппедегі ең соңғы әріп /я/
4-топ:
1. Қазақстан Республикасының астанасы /Астана/
2. Қара алтын деген не? /көмір/
3. Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады? /кереге/
4. Сенің әкеңнің шешесі саған кім болады? /әже,апа/
5. Мектептегі ең жоғарғы баға /бес/
6. 2-ні 3 рет қосқанда неше болады? /6/
7. Қыста түсін, түрін өзгертпейтін ағаш /шырша/
8. Кітапханада кім істейді? /кітапханашы/
9. Қойдың төлі /қозы/
10. Аудан орталығы қай қала? /Шардара/
Қорытынды:
-Балалар, осымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 3-
сыныптар арасында өткен «Тәуелсіз елге-білімді ұрпақ» атты зияткерлік сайысымыз
аяқталды. Сайысты С.Мұқановтың мына сөздерімен аяқтағым келіп тұр:
Адамдардың әлемде,
Туыстығын тілеймін.
Шын достықтың әр елде,
Тым ыстығын тілеймін.
Бақыт, еңбек, береке,
Ырыс күнін тілеймін.
Күнде думан, мереке,
Тыныштығын тілеймін.-деп, келесі сөзді сайыстың жеңімпаз сыныбын
анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Марапаттау.