Конспект урока "Дені сау ұрпақ-ұлт болашаы" 5-6 класс

Тақырыбы: «Дені сау ұрпақ-ұлт болашаы» 5-6-сынып
Мақсаты: Эстафеталық ойындар ойната отырып, салауатты өмір салтын
насихаттау.
Түрі: Эстафеталық жарыс.
Өтілетін орны: Спорт зал
Қажетті құралдар: Доптар, секіртпелер,шариктер,дартс арқан.
1.Өтілу ережесі: Кенгуру сайысы. Допты аяқтың қалтасына қысып алып, екі
аяқпен алдыға секіріп, белгіленген жерді айнала, қайтрда допты қолға ұстап
жүгіру.
2. Секіртпемен жүгіру сайысы: Белгіленген жерден айналып, секіріп келіп
екінші топ мүшесіне береді. Осылайша бәрі секіріп болғанша жалғастырады.
3. Өрмекшілер сайысы: Оқушылар өрмекші тәсілімен кезек пен кезек
белгіленген жерге барып келуі керек.
4. Картошка егу жинау: 1 бала картошканы егіп, 2 бала жинап өту керек.
5.Құрттар жарысы: Оқушылар бір-бірінің белінен ұстай отырып, ирелендеп
жүріп өтуі керек.
6. Допты жоғарыдан беру: Оқушылар тізбектеп тұрып допты бастарынан
асыра бір-біріне шапшан беру керек.
7. Дартс: Әр командадан бір ұл, бір қыздан дартс атады.
8. Арқан тартыс: Барлық команда мүшелері, бірлесе отырып арқан
тартысады.
9.Капитандар сайысы: белгіленген жерге шапшан жүгіру.