Конспект урока "Тәуелсіз елім - кең байтақ жерім" 8-9 класс

«Переваловка орта мектебі»
«Тәуелсіз елім –
кең байтақ жерім»
8-9 «Б» сыныптар арасында өткізілген сайыс
Өткізген Смаилова Ж.С.
2015 жыл
Перевальное ауылы
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім»
Сабақтың мақсаты:
Қазақстан туралы білімдерін толықтыра отырып, өз ойын ашық
айтуға, пікірін білдіруге үйрету. Оқушылардың ой-өрісін дамыту,
сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық
танымдық қабілеттерін арттыру. Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға,
тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін
бойларына сіңіріп, жеке тұлға тәрбиелеу.
Армысыздар оқушылар, құрметті ұстаздар! Бүгін өздеріңізбен
16- желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған 8-11 сыныптар
арасындағы сайыс «Білімділер» атты ашық тәрбие сағатына қош
келдіңіздер.Биыл тәуелсіздік алғанымызға 23 жыл толды. Осы
23жыл ішінде еліміз талай белестерді артта қалдырды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы ел өмірінде тарихи өзгерістердің
жүзеге асуына негіз болды. Тәуелсіздіктің әр күні, әр айы тарихи
өзгерістерге толы болды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздері-Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы
және ресми пайдалану тәртібі Конститутциялық заңмен
белгіленді.Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы,
Отанына, еліне, жеріне деген құрметі.
Олай болса сайысымыздың бастайық. Сайыс VI бөлімнен
тұрады.
Сайыста әділ баға беретін, әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Олар: Тарих пәні мұғалімі Жакиманов Қ.Ж.
Оқу жөніндегі директордың орынбасары Коксимова М.С.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Садбекова А.Н.
1-бөлім. «Кел, танысайық
Бас иіп топ алдына шығатын
Сәлесдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын
Әр топ ортаға шығып өз топтарынының атын, ұранын
таныстырады.
2-бөлім «Бәйге»
Білімнің ұшқырлығын танып сен
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлықпен шапшаңдық
Бұл сайыста керек екен.
Ұяшықтарды таңдап жауап береміз.
1. «Үш бақытым» өлеңінің авторы?(Мұқағали Мақатаев)
2.Тіл туралы бір шумақ өлең айт?
3.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада?(Түркістан)
4.Қазақстанның астаналары болған қалалар?(Орынбор,
Қызылорда, Алматы, Астана)
5.Жаңа әнұран қай жылы қабылданды?(2006 жыл, 6 қаңтар)
6.Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін алғаш қай мемлекеттер
таныды?(Түркия, Германия, Америка құрама Штаттары,
Пәкістан)
7.Семей полигоны қашан жабылды?(1991 жыл, 29 тамыз)
8.Мемлекеттік рәміздер туралы Заң қай жылы
қабылданды?(1992, 4-маусым)
9.Дүние жүзі қазақтарының I құрылтайы қашан өтті?(1992 жыл,
29 қыркүйек)
3-бөлім «Тіл жүйрігі» мақал-мәтел жарысы.
Шыңда тұрған шынардай арманы бар
Тіл өнерін көрсетсін ұл мен қыздар
«Тіл жүйрігі» кезеңіне келіп жеттік
Ойлантып отырғанды таң қалдырып
Мақал-мәтелдің жалғасын табамыз. Барлығы 16 мақал-мәтел.Әр
топқа 8 мақалдан қойылады топтар кезектесіп жауап береді.
1.Ер шекіспей ...... (бекіспейді)
2.Ел болам десең достас, .... (Қор болам десең қастас)
3.Ер татулығы-.... (ел татулығы)
4.Ел бірлігі-... л теңдігі)
5.Еліңді сүйсең, ..... (ерлік істейсің)
6.Ер жігіт елі үшін туады, .....(елі үшін өледі)
7.Отан елдің анасы, .....(Ел- ердің анасы)
8.Отан үшін күрес-... (ерге тиген үлес)
9.Туған жерге ....(туың тік)
10.Отанға опасыздық еткенің, ....(өз түбіңе өзің жеткенін)
11.Ер елінде, ....(гүл жерінде)
12.Ел-елдің бәрі жақсы, .....(өз елін бәріненде жақсы)
13.Ел аузына ....(қақпақ болмайсың)
14.Ел іші береке, ....(көп ісі-мереке)
15.Бейбіт елде....(береке бар)
16. Ел үмітін ел ақтар,....(ер атағын ел сақтар)
4-бөлім «Кім жылдам». «Қазақстан» деген сөздің ішінен
бірнеше сөз құрау. (Астана, сана, тас, ас, ана, ата, нан)
5-бөлім «Жоба қорғау». Тақырыбы: «Біз, тәуелсіз елдің
ертеңіміз».
5мин уақыт береміз. Оған дейін Қазақстанның тарихи ғажайып
жерлерін көрейік.
6-бөлім «Жорға» әр топқа 10 сұрақтан қойылады.
1.Конститутция күні?(30 тамыз)
2. Киіз үйдің төбесі? (шаңырақ)
3. Шәкен Айманов кім? (режисер)
4.Қыс айлары? (желтоқсан, ақпан, қаңтар)
5. Биенің сүтінен дайындалатын сусын? (қымыз)
6.Қазақ халқының салт-дәстүрлері?(беташар, тұсау кесу)
7. «Абай жолы» романының авторы кім? (Мұхтар Әуезов)
8.Наурыз мерекесі қашан? (22-наурыз)
9. Ақшамыз қалай аталады? (теңге)
10. Қазақстан Республикасының тұңғыш ұшқышы кім? (Тоқтар
Әубәкіров)
2- топқа арналған сұрақтар
1.Мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі)
2. Ең қадірлі адам (ана)
3. Түйенің сүтінен дайындалатын сусын? (шұбат)
4. Төрт түлік атаулары? (қой, сиыр, жылқы, түйе)
5. Құнанбаев Абай кім?(ақын)
6. Мұсылмандардың қасиетті кітабы? (құран)
7. «Жеті жарғы» қай ханның тұсында шықты? (Тәуке хан)
8. Білім күні? (1-қыркүйек)
9.Қара алтын (мұнай)
10. Аптаның бесінші күні? (жұма)
Осы мен сайысымыз аяқталды, әділқазылар әділ бағаларын
есептегенше, Маратов Рустамның орындауында ән «Астана». (Топтарды
мадақтау грамоталары беріледі)
Егеменді Қазақстанның тізгіні жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда
Тәуелсіздік тірегі-білім. Дана халқымыз «Білегі мықты бірді жығады,
білімі мықты мыңды жығады»-деп баяғыда айтқан. Мектеп
қабырғасындағы білімді ұрпақ-ел тірегі. Қиялына қанат біткен, ойы
ұшқыр, білімді жастар болатындықтарыңа сенімдімін. Ел болашағын
білімді ұрпақ айқындайды.
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз
Қазақстан», - деп, Елбасымыз айтқандай, кең-байтақ Қазақстан – туған
өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу – барлығымыздың парызымыз.