Сценарий "Тәрбие сағаты"

Тәрбие сағаты
Өзін-өзі тану
2 сынып
А.К. Жанакулова
Өзін-өзі тану мұғалімі
Березовка жалпы орта
білім беру мектебі.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері.
Мақсаты: «Сыйластық», «туыстық», «достық» адамгершілік құндылықтары
туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың ұлттық салт-дәстүр негізінде
білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
-қонақ күту дәстүрі, қонақасы туралы түсінік беру;
-қонақты сыйлау іскерліктерін дамыту;
-қонақжайлылық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері: Қонақжайлылық белгісі
Сырттан келген мейманға
Сәлем беріп, қол алсаң,
Бірінші еткен құрметің.
«Түсіңіз», - деп түс теріп,
Шылбырына оралсаң,
Екінші еткен қызметің.
Есік ашып енгізіп,
Көрпе төсеп құп алсаң,
Үшінші еткен құрметің.
Мейман риза болғаны-
Құрметпен үйге қонғаны.
Оқушылар бір-бірімен қол алысып амандасады.
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.
1 топ «Арнайы қонақтар»
2 топ «Құдайы қонақтар»
3 топ «Қыдырма қонақтар»
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі- қонақжайлық.
Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген.
Сондықтан халық мәтелі «Асың бар да ел таны- беріп жүріп, атың бар да жер
таны –желіп жүріп» деп, ер азаматқа үйінде отыра бермей, ел көр, жер көр,
көппен аралас деп, кеңес бергендей сыңай білдіреді.
Ендеше бүгін біз де қаншалықты қонақжай адам екенімізді көрсетейік.
Бүгінгі сынып сағаты 5 кезеңнен құралған.
1. Қонаққа сай киіну.
2. Төрлету.
3. Ас беру.
4. Бата.
5. Көңіл көтеру.
3. Топпен жұмыс.
1 кезең бойынша тапсырма.
Қонаққа барарда әр адам әдемі киініп, бар әшекейін тағып жиналады.
Сондықтан әр топ қазақтың ұлттық әшекейлері мен киімдерінің атауларын
жазады. Атауларды көп жазған топ жеңеді.
Мысалы: сәукеле, бешпент, мәсі т.б.
2. кезең
Қонаққа келген соң әрине үйдің иесі қонақты төрге шақырады, бірақ та
қонақта болсақ та, үйде өз жанұямызда болсақ та әр адам өзінің орнын білу
керек. Ендеше сендерге мынадай тапсырма.
Кім қай жерде отырады? Мысалы біреуіңіз-әке, екіншісі-ата, үшішісі-бала,
құда, нағашы т.б. осы адамдарды асқа үстел басына дұрыс отырғызу. Қай
топ қызықты орындап көрсетеді, соларды атап өту керек.
3 кезең
Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас қадірін
білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады» деп тегін
айтпаған. Біз де бүгін дастарқан жаяйық.
Тапсырма: қай топ қазақтың ұлттық тағамдарының атауын көбірек жазады
және бір тағамның дайындалуын айтады.
Мысалы: ірімшік, қоспа, шұжық т.б.
4 кезең
Бата беру әдетте ауылдың үлкен қария, ақсақалдардың үлесіне тиген
немесе құдайы қонақтың алғыс, тілегі болып саналған. Үй иесіне құдайы
қонақ астың алды-артында жақсы тілек, игі ниеттерін білдіріп бата
береді:
«Бөршіл, бөршіл, бөршіл бол,
Боз торғайдай төмшіл бол.
Тәңір берген несібең
Тепкілесе кетпесін!»
Тапсырма: Әр топ бір бата тілейді.
5 кезең
Қазақ халқында қандай болмасын мереке той-ойын ойнамай өтпейді. Біз де
бүгін ойын ойнап көңілімізді көтерейік.
Тапсырма: Әр топ ұлттық ойынын көрсетіп, бәрін ойнатады.
Қорытынды
Сынып сағатына қатысқандар, қағаздан ойылған оюға өз пікірлерін,
тілектерін, ойларын жазады.
Белсене қатысқан балаларға сыйлықтар сыйланады.
Топтар арасында жүлделі орындар беріледі
Жүректен жүрекке
Сабақ тақырыпқа қатысты көңілді әуенмен аяқталады.
Барлық қатысушылар мен көрермендер қосылып, шеңберге тұрып «Қазақы
дастарқан» әнін орындайды.
Қазақы дастарқан
Ей халайық, халайық,
Бар өнерге салайық.
Уайым қайғы жоқ болсын,
Қуанышың көп болсын
Қайырмасы:
Дастарқан –ау, дастарқан,
Мерекелі дастарқан.
Берекелі дастарқан,ей.
Жақсы келсе, құт болар,
Жаман келсе жұт болар.
Жолаушымыз біз деген,
Асыл мұра іздеген.
Қайырмасы: