Конспект урока "Қазақ әдебиетінің өнері"

Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдебиетінің өнері
Мақсаты:
1. Қазақ әдебиетінің өнері арқылы, есте сақтау қабілеттерін анықтау.
2. Оқушының ой-өрісін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылықты арттыру.
3. Еңбексүйгіштікке, алғырлыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Технология: сын тұрғысынан ойлау
Әдісі: интерктивті тақта, слайд-сабақ
Көрнекілік: жұлдызшалар, түрлі-түсті қағаздар, суреттер
Барысы:
1. Ұйымдасытру кезеңі:
- оқушыларды екі топқа бөлу,
- дұрыс жауаптар жұлдызша арқылы бағаланады
- топ сайысы 8 бөлімнен тұрады (сәйкестендіру кестесі, кім тапқыр, венн
диаграммасы, жасырын тапсырма, өздік жұмысы,суретпен жұмыс,музыкалық
сауал, тест)
2. Сәйкестендіру кестесі:
Ауыз әдебиеті Күлтегін
VІІ- VІІІ ғ.әдебиеті Шәкәрім
ХІХ ғ.әдебиеті Абай
ХХ ғ.әдебиеті Алпамыс батыр
«О, Ақтан жас, Ақтан жас» Шәкәрім
«Адамдық борышың» Дулат
«Мен-қазақ» Сәкен
«Қара бұлт» Мағжан
«Мен кім?» Ахмет
«Далада» Сұлтанмахмұт
3. «Кім тапқыр?» (шығарма аты, авторы айтылуы тиіс)
Қайырлы түн!
Жер-Анам,
Көк аспанды жамыл да,
Таңға дейін дін аман,
Тәтті ұйқыда дамылда. М.Мақатаев «Қайырлы түн»
Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі
Алтын арай таңғы жұпар самалдың. Әбу Сәрсенбаев «Туған жер»
Барсам штаб бастығы, полковник Серебряков мейірімді жүзбен күлімдей қарап:
-Жүріңіз, аға лейтенант, командирге ертіп барайын, сізді шақырған сол кісі еді,-
деді. (Б.Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»)
Екі жирен түрме үйіне жақындағанда, жүрістерін жылдамдатты. Жылқы айуан
түрменің екенін қайдан білсін. (Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»)
4. Венн диаграммасы
5. «Жасырын тапсырма» шығармашылық жұмыс.
1) Жатқа өлең оқу
2) Өлең құрастыру
Тәуелсіз елдің ұланымын,
Мен бақытты баламын.
Туған жерде туып өскен
Өз елімнің азаматы боламын.
6. Өздік жұмысы (кесте бойынша)
Дара тұлға
Кім
болған?
Өмір сүрген
жылдары
Туған жері
Шығармалары
Түйінді сөз
7. Сурет бойынша жұмыс: суретте бейнеленген көрініс бойынша шығарма
тақырыбы мен авторын анықтайды. ( Дулат Исабеков «Ата үміті», Әбдіжәміл
Нұрпейісов «Балықшылар»)
8. Музыкалық сауал: күй ойнайды, күйге арналған өлең (Ілияс Жансүгіров
«Күйге»)
- Шумақ-2
- Тармақ-8
- Бунақ-3, буын-11
- Ұйқасы (а,а,б,а), қара өлең
Тұрар
Сатай
9. Тест: жауаптарына қарай түстерді көтереді (қызыл, жасыл)
1. Суреттелген затты немесе құбылысты шамадан тыс асырып айту
Әсірелеу шендестіру
2. «Біржан сал Абай ауылында» авторы кім?
Мұхтар Әуезов Ғабит Мүсірепов
3. «Менің атым Қожа» авторы кім?
Шерхан Мұртаза Бердібек Соқпақбаев
4. Талап Сұлтанбеков әңгімесі
«Қылау» «Ғажайып планета»
5. Зигфрид қай шығарманың кейіпкері?
«Бір атаның балалары» «Ата үміті»
10. Қорытындылау: жиналған жұлдызшаларды санап, жеңімпаз топты анықтау және
белсенді оқушыларды бағалау.
Асанова Қарлығаш Абдулхамитқызы
Ақмола облысы
Қорғалжын ауданы
Қызылту ОМ
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі